Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет6/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Бактериялардың құрылысы.


Бактериялардың құрылысы өте қарапайым. Көпшілігінде қалыптасқан ядро, пластидтер, хондросомалар және басқада органиидтар болмайды. Алайда 10 000 – 100 000 есеге ‰лкейтіп көрсететін электронды микраскоптың жасалуы, бактериялыр құрылысының к‰рделі екендігін көрсетті. Басқа организмдер сияқты, бактериялардың құрылысында да тіршілік процесін қамтамасыз ететін барлық микроструктуралық элементтері бар екендігі анықталды. Бактерия клеткасы протоплазмадан және клетка қабықшасынан тұрады. Клеткс қабықшасы май және белок сияқты к‰рделі органикалық
заттардан т‰зілген, кейде олардың құрамында к‰рделі көмірсуларда болады. Кейінгі зерттеулар бактерия клеткасының ішкі мембранадан және сыртқы қабықшадан тұратыны дәлелденді. Клетканың қабықшасы оған белгілі пішін береді. Оның сырты клегейлі сауытпен қапталған. Кейбір бактерияларда кілегейлі сауыт қалың болады және оның құрамы әрт‰рлі полисахориттерден тұрады. Кейінгі кезде кілегейлі сауыттың құрамында рибонуклейн, дезоксирибонуклеин қышқылдардың және басқада қосылыстардың болатындығы анықталды. Мембрана протоплазманың беті тығыздалып келген бөлімнен тұрады, ол зат алмасу процесінде ‰лкен қызмет атқаратын болуы керек.
Протопласт басқа организмдердің клеткаларындағыдай белоктан, көмірсулардан, майдан және басқа құрамы к‰рделі заттардан тұрады. Протопласт клетканың жас кезінде оптикалық жағынан алғанда біркелкі келсе, ересек клеткалардан одан вакуоляны және қор заты ретінде жиналған май, гликоген, валютинді байқауға болады.
Бактерияларда әдетте, қалыптасқан ядро болмайды. Бірақ клетканы бояған кезде протоплазмадан ядроға ұқсас ұсақ денешіктерді көруге болады. Ядроны қарайтын хроматин заты дененің ортаңғы бөлімінде орналасқан. Бактерияның ядросы, басқа организмдердің ядросы сияқты жақсы жетілмегендіктен құрылысы қарапайым болып, ядро қабықшасы болмайды.
Кейбір бақтериялар талшықтары арқылы сұйық ортада еркін қозғалады. Талшықсыз қозғалмайтын бактерияларда кездеседі. Талшық клетка қабықшасының сыртынан пайда болған протоплазма өсіндісі. Бактерия талшықтарының орналасуы және саны т‰рліше, оның бактерияларда болуы немесе болмауы тіршілік ортасына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет