Табиғатта кездесуі. Бактериялар табиғатта органикалық заттары мол лас суларда, ауада, құнарлы топырақта, сондай-ақ температура 55-70° ыстық қайнар бұлақтарда, ал екінші біреулері арктиканың және антрактиканың суық аудандарында да кездеседі. Қызыл микрококк және сератияселинария бактериялары басқұншақ, сакс көлдеріндегі тұз кристалдарында да өте көп болады. Олардың табиғи тіршілік ортасыда сол ащы көлдер. Ғалымдардың айтуы бойынша әлемде бактериялрдың кездеспейтін жері жоқ.
Бактериялар типіне 5 000-дай т‰р жатады. Бұлардың морфологиялық айырмашылықтарының аз болуынан және зерттеулердің қиындығынан осы кезге дейін анықталған классификациясы жоқ. Бұлардың кейінгі кездердегі классификациясы олардың клеткаларының пішіндеріне, құрылысына және спора құру тәсілдеріне негізделген.
Бактериялардың маңызы. Орыс ғалымы С.Н.Виноградскийдің зерттеуіне қарағанда 1г құнарсыз топырақта 1миллиардтай, ал қара топырақта 3 миллиардтан астам бактерияның болатынын анықтады. Топырақ тереңдеген сайын бұлардың саны азайып, ең ақырында құрып кетеді. Топырақтағы сияқты, су тереңдеген сайында бактериялардың таралу дәрежесі кеми бастайды. Бірақ, мухиттың т‰біндегі тұнбаға жеткенде оның құрамындағы бактериялар тым тез көбейеді. Теңіздің беткі ауасында және құмда бактериялар өте аз кездеседі. Олар қаншалықты майда болғанымен өте обыр организмдер. Бактериялар к‰н тәулігінде өзінің салмағынан 20-30 есе артық азық қортады.
Шіру.Бактериялардың көмегі мен органикалық заттардың ыдырауын шіру деп атайды. Шіру процесі барлық жерлерде болады және шіру кезінде көмір қышқыл газы және көптеген иісті газдар (индал, к‰кіртті сутегі, метан және т.б.) бөлініп шығады. Мұнымен бірге шіру кезінде органикалық улар птомниндар бөлінеді. Дұрыс сақталмаған пішен басқада мал азықтары бұзылып, иістеніп кетеді.
Ашу. Адам баласы микроптарды көзбен көріп, қолман ұстасы да, олдардың ізгі әрекетін ерте заманнан бастап пайдалана білген. Мысалы, шарап жасау ‰шін ж‰зімді сығып, шырынын ашытқан. Айран ұйыту ‰шін с‰тті жылы жерге қойған. Бактерияладың көпшілігі ферменттердің көмегі мен органикалық затты анағұрлым қарапайым қосылыстарға ыдыратады. Азотсыз қосылыстардың бактериялар арқылы айрылуы немесе ыдырауы ашудепаталады.