Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Протолепидодендрондар қатары (протолепидодендровые) – Protolepіdodendrales



бет88/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Протолепидодендрондар қатары (протолепидодендровые) – Protolepіdodendrales


Бұл қатарға плаун тәрізділердің ішіндегі, тек қазба т‰рінде ғана белгілі, ең қарапайым шөптесін өсімдіктер жатады. Олардың қалдықтары силур дәуірінің бастапқы, девон дәуірінің ортаңғы және соңғы кезеңдеріндегі қабаттардан табылған. Силур дәуірінен Австралияда барагванатия (Baragwanathіa) өсімдігі зерттеліп жазылды. Барагванатия биіктігі 1 м-ге дейін баратын, сабақтары дихотомиялы бұтақтанған және құрылысы актиностельді болып келген шөптесін өсімдік. Қарағайдың қылқан


жапырақтарына ұқсас жапырақтарының ұзындығы 4 см-ге жетеді, олар сабақтың бойында ж‰йесіз орналасқан. Спорангийлері жапырақтың қолтығында да, сабақтың бойында да (жапырақтың арасында) орналасқан. Осы спорангийлерінің ішінде тең споралары жетілген. Өскіншелері белгісіз (31,1-сурет).
Евразия мен Солт‰стік Америкада девон дәуірінен белгілі дрепанофикус деген туысының спорангийлері жапырақтың ‰стінгі бетінде, оның ұшына жақын орналасады. Сабақтарының биіктігі 60-70 см-ге дейін жетеді және дихотомиялы бұтақтанған болып келеді. Енді қылқан тәрізді жапырақтары астероксилонның жапырақтарына өте ұқсас, бірақ олар сабаққа белгілі бір байқала қоятындай ж‰йеде орналаспаған (31,2-сурет).
Құрылысы біршама к‰рделі болып келетін туысына протолепидодендрон тағы басқа т‰рлері жатады (31,3-сурет). Оның қалдықтары Евразияда девон дәуірінің төменгі және ортаңғы қабаттарынан белгілі. Протолепидодендронның көлбеу бағытта өсетін тамырсабағы болады, одан биіктігі 25-40 см-ге жететін дихотомиялы бұтақтанған сабақтары кетеді. Жапырақтары сабаққа спиральдің бойымен орналасқан және олардың ұштары дихотомиялы бұтақтанған болып келеді. Жапырақтары т‰скен кезде сабақта олардың іздері "жастықшалары" қалып отырған, бұл жағынан протолепидодендрондар лепидодендронға ұқсас.
Спорангийлері спорофиллдерінің жоғарғы жағында, олардың т‰біне жақындау жерде орналасқан. Спорофиллдерінің вегетативтік жапырақтарынан айырмасы болмаған және олармен алмасып келіп отырған. Бұл тек протолепидодендрондарда ғана кездесетін жағдай емес, сонымен бірге ол осы қатардың барлық өкілдеріне де тән нәрсе. Масақтары болмаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет