Класқа сына жапырақтылар немесе сфенофиллопсидтер (Sphenophyllales) қатары жатады. Бұларда т‰гелдей жойылып кеткен өсімдіктер, өмір с‰рген уақыты девон дәуірінің алғашқы кездерінен басталып перм дәуірінің соңына дейін созылады (шамамен осыдан 380-240 млн.жылдар бұрын).
Сына жапырақтылардың сабақтары буыннан және буынаралықтарынан тұрады, олардың сыртында майда қырлары мен сайлары болады, екінші рет қалыңдап өсуге қабілетті. Жапырақтары сабағына топтасып орналасады. Жапырақтары жақсы жетілген, формасы сынаға ұқсас, қатардыңда, т‰гелдей кластыңда аты соған байланысы қойылған.
Сына жапырақтылар ‰ш тұқымдастан тұрады. Олардың ішінде ең кең таралған және маңыздысы ретінде Sphenophyllaceae тұқымдасын қарастырамыз. Бұл тұқымдастың басты туысы сынажапырақ (Sphenophyllum), оған көптеген т‰рлер жатады. Сына жапырақтылар шамасы өрмелеп өсетін өсімдіктер болған. Олар батпақты жерлердегі ормандарда қалың қопа т‰зіп өскен. (46-сурет). Сына жапырақтылардың буыннан және буынаралықтарынан тұратын сабақтарының ұзындығы 1 м-ге дейін жеткен, олардың сыртында майда қырлары мен сайлары болған. Әдетте сайлары мен қырлары бір буынаралығынан екіншісіне сол қалпында өзгермей өтіп отырған (қырықбуындардан айырмашылығы сол). Жапырақтары топтасып орналасқан. Әрбір топта (мутоковкада) 6-дан 18-ге дейін жапырақтар болған.
Бір т‰рлерінің жапырақтары біршама жалпақ, тұтас болып келеді, ал екіншілерінде олар жіңішке және дихотомиялы тілімделген (46,2- сурет).
Кейбір т‰рлері (Sph.cuneіfolіum және басқалары) гетерофильді болған: бір жапырақтары жалпақ, сына тәрізді, екіншілері жіңішке (46,1-сурет). Жіңішке жапырақтарының көмегімен өсімдік айналасындағы ағаштарға жабысады. Жалпақ жапырақтарында фотосинтез процесі ж‰рген. Сабағының буындарынан көп жағдайда қосалқы тамырлары кетіп отырған. Сына жапырақтылардың сабақтарының құрылысы к‰рделі болған. Сабақтың ортасын алғашқы ксилема алып жатады, ол кесіндісінде ‰ш бұрышты кескін береді.
‡ш бұрыштың ‰ш жағындағы төбесінде протексилема, ал төменгі жағындағы ұшында трахеидтері біршама ‰лкен болып келетін метаксилема орналасады (46,3- сурет).
Алғашқы ксилеманың сәулелерінің арасында алғашқы флоэма орналасады. Алғашқы ксилемадан сыртқа қарай камбий пайда болған. Камбийдің клеткаларының іс әрекетінің нәтижесінде ішке қарай екінші реттік ксилема бөлінеді. Ол алдымен ‰ш бұрыштың жақтауларының арасындағы кеңістікті толтырады, содан соң алғашқы ксилеманың айналасында шеңбер т‰зіп орналасады. Бұл жағдайда ‰ш бұрыштың бұрыштарының қарсысында аса ұсақ элементтері бөлінеді.
Сыртқа қарай камбий екінші реттік флоэманы бөледі. Одан әрі қабық қабаты орналасады. Қабықтың сыртын феллоген алып жатады, ол тоз қабатын т‰зеді. Сына жапырақтылардың кейбір т‰рлерінің спорангийлері вегетативтік жапырақтарының қолтығында жетілген, бірақта көпшілігінің бұтақтарының жоғарғы ұшында спора т‰зетін масақтары пайда болған. Олардың ұзындығы 10 см-ге дейін жеткен, ал ені 1-1,5 см болған.
Масақтың өсіне спорофиллдері топтасып орналасқан. Әрбір спорофилл екі бөліктен тұрған, төменгі жеміссіз және жоғарғы спорофиллдің спора т‰зетін бөлігінен. Олардың формасы Sphenophyllum-ның әрт‰рлі т‰рлерінде алуан т‰рлі болған.
Sph.dawsonіі деген т‰рдің спорофиллдерінің спора т‰збейтін бөліктері б‰ткіл ұзына бойында бірігіп астау т‰зеді (47,1б- сурет).
Ал спора т‰зетін бөліктерінде ‰штен спорангийлер пайда болады. Олар аяқшаға ілініп тұрады және жоғарғы ұшынан қайырылып гиениялардың спорангийлеріне ұқсайды.
Sph.majus-тің спорофиллдері дихотомиялы бұтақтанған болып келеді. Олардың спора т‰зетін бөлігі төрт спорангийден тұрады (47,2 сурет). Спорофиллдерінің жеміссіз жапырақтарынан айқын айырмасы болады.
Sph.fertіle-нің спорофиллінің екі бөлігі де спора т‰зетін болған және олар қалқанмен аяқталған. Ал қалқанның төменгі жағында спорангийлері жетілген. Бұл спорофиллдер қырықбуындардың спорофиллдеріне өте ұқсас (споронгиофор-ларына) болған (47,3-сурет).
Сына жапырақтылардың басым көпшілігі тең споралы өсімдіктер, бірақ олардың кейбіреулерінің (Sph.delectus) микро-және мегаспорангийлері болған.
Сына жапырақтылар шамасы гиениялардан шыққан (гиения тектес).