Лепидоспермалар қатары (лепидоспермовые)- Lepіdospermales
Бұл қатарға таскөмір дәуірінің ‰стіңгі қабаттарында өмір с‰рген, қарапайым тұқымы бар өсімдіктер жатады. Лепидокарпон және миадесмия деп аталынатын екі туысы белгілі.
Лепидокарпонның (Lepіdocarpon) тек аналық масағы белгілі. Лепидокарпондар лепидендрондарға ұқсас ‰лкен ағаштар болған деп жорамалдайды.
Аналық масақтарының спорофиллдерінің ‰стіңгі жағында мегаспорангийлері жетіледі. Оларда бір ғана мегаспора толығынан дамып жетіледі, ол осы жерде өсіп, ‰лкен өскінше (заросток) береді (37,4-сурет).
Спорофиллдерінің т‰п жағынан мегаспорангийді қоршап сақина тәрізді өсінді көтеріледі. Бұл өсінді тұқымды өсімдіктердің интегументіне сәйкес келеді.
Алайда ол шығу тегі жағынан интегументпен бірдей емес (яғни гомологты емес), өйткені интегумент тұқым б‰рінің т‰п жағынан пайда болады.
Осы жағдайында бұл қарапайым тұқым б‰рі аналық өсімдіктен жерге т‰седі. Одан әрі өскіншенің (архегонийдің жетілуі, ұрықтануы) жетілуі және ұрықтың дамуы жер бетінде ж‰реді.
Миадесмия (Mіadesmіa) шөптесін өсімдіктер болған, сырт қарағанда селягинеллаға ұқсас. Сирек масаққа жиналған мегаспорофиллдерінің ‰стіңгі жағында бір-бірден мегаспорангийлері жетіледі (37,4б-сурет). Оларда тек жалғыз мегаспора толығынан жетіледі, ал одан аналық өскінше өседі. Спорофиллдерінің өсінділері болады. Олар мегаспорангийлерімен жаптасып өсіп бірігіп кетеді, алайда олардың жоғарғы жағы бірікпей тозаң тесігін (микропиле) т‰зеді.
Архегонийлері мен ұрықтары әзірге табылған жоқ.
Полушниктер қатары (полушниковые)-Іsoetales
Полушниктерге бір ғана Іsoetaceae тұқымдасы жатады. Онда 2 туыс бар -
полушник (шильник, изоэт) және натгорстиана.
Полушник (Іsoetes) туысына 64 т‰р жатады, олардың барлығы көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Полушниктер барлық құрлықтарда кездеседі, әсіресе Солт‰стік Америкада көп өседі. БОР-да полушниктердің
‰ш т‰рі кездеседі. Оның екеуі көлдер полушнигі (І.lacustrіs) және тікенді полушник (І.echіnospora) солт‰стік жақтардың және БОР-дың европалық бөлігінің көлдерінде, судың т‰бінде өседі (39,1-сурет). Көптеген т‰рлері Америкада қосмекенді өсімдіктер болып келеді, олар батпақты жерлерде және ылғалды құмдарда да өседі.
Полушниктің сабағы 8-25 см биіктікке дейін жететін, қысқа пиязшық тәрізді болып жуандаған өсімдік. Т‰п жағына қарай ол екі, ‰ш телімді болып келеді. Сабақтың телімдерінің арасындағы учаскелерінен көптеген тамырлар кетеді. Сабағының ‰стіңгі жағында жапырақтары орналасады. Жапырақтарының т‰п жағы кеңейген болып келеді, ал жоғарғы жағы жіңішкеріп, біз тәрізді формаға келеді. Олардың ішінде, б‰ткіл ұзына бойына дерлік 4 ауа ж‰ретін каналдар өтеді. Жапырақтарының мөлшері сабақтың ортасына қарай кішірейе т‰седі. Сабағының ұшы жапырақтардың бастамасынан (зачатков) тұрады және өсу н‰ктесімен аяқталады. Сабақтың кеңейген телімдері бар, т‰п жағы ризофорға сәйкес келеді, ал жапырақтары кететін жоғарғы бөлігі нағыз сабақ болып саналады. Сабақтың ішкі құрылысында цилиндр тәрізді стель айқын байқалады. Ол төменгі жағында жалпайып екі немесе ‰ш телім т‰зеді, олардан тамырға қарай бағытталған өткізгіш шоқтары кетеді.
Стельдің жоғарғы жағынан жапырақтарға өтетін тармақтар кетеді. Стельді қабықтың жалпақ шеңбері қоршап тұрады. Стельді қоршап тұратын паренхимада, камбийге ұқсас меристеманың қабаттары болады. Бұл жерді ризофорлық және сабақтық меристемаларға бөледі. Камбий сыртқа қарай паренхималық клеткаларды, ал ішке қарай трахеидтерден және електік т‰тіктерден тұратын аралас өткізгіш ұлпаларды бөледі. Камбийдің іс- әрекетінің нәтижесінде полушниктің сабағы жуандап өседі.
Полушниктің сыртқы жапырақтары әдетте мегаспоро-филлдер болып саналады, одан әрі микроспорофиллдері орналасады және ең соңында ішкі дифференцияланбаған жапырақтары вегетативтік болып табылады.
Қыста спорофиллдері өледі, ал өлмей сақталынып қалған вегетативтік жапырақтары келесі жылы мегаспорофиллге айналады.
Спорофиллдерінің кеңейген т‰п жағында, оның ішкі бөлігіндегі кішкентай шұңқырда микро-немесе мегаспорангилері орналасады. Олар шұңқырдың т‰біне қысқа аяқшаларымен бекініп, бір-бірден орналасады. Жапырақтың ұлпасы, шұңқырдың шетінде ұлғайып өсіп жарғақша т‰зеді. Ол жамылғы ретінде (индузий) спорангийдің ‰стін жауып тұрады. Шұңқырдың
‰стінде, т‰п жағы пиязшық тәрізді жуандаған тілше орналасады (39,2а- сурет). Спорангийлерінің бір қабат қабықшасы болады. Спорангийдің ішінде, оның бір қабырғасынан екінші қабырғасына қарай бірнеше қабат паренхималық клеткалардан тұратын шыбықтар өсіп жетіледі (39,2б-сурет). Олар спорангийдің қабырғаларының ішке қарай майысуына м‰мкіндік бермейтін тіреуіштер болып саналады. Микроспорангийлерде ұсақ микроспоралар, ал мегаспорангийлерде ‰лкен мегаспоралар жетіледі.
Микроспора өніп, к‰шті редукцияға ұшыраған селагинелланың өскіншесіне ұқсас, аталық өскіншеге айналады. Ол бір проталлиальдық (ризоидальдық) клеткадан, екі спермагендік клеткадан және антеридий қабырғасының төрт клеткасынан тұрады (40,1-сурет). Әрбір спермагендік клетка бір-бірден көп талшықты сперматозоид береді. Мегаспора өне келе, мегаспорадан шықпайтын көп клеткалы аналық өскіншеге айналады. Оның жоғарғы жағында бірнеше архегонилер жетіледі. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан ұрық жетіледі. Ұрық аяқшадан, сабақшадан, жапырақшадан және тамырдың бастамасынан тұрады. Ұрық ұлғая келе мегаспораның қабықшасын жыртып, сыртқа шығады (40,5-сурет). Содан соң ол тамырын жіберіп, топыраққа бекиді де, дербес өсімдік ретінде өсе бастайды.
Натгорстиана (Nathorstіana) жойылып кеткен өсімдік, мезозой эрасындағы бор дәуірінің төменгі қабаттарынан белгілі. Сырт кескіні жағынан ол полушникке, кейде аздап плевромейға да ұқсас болып келеді. Натгорстиананың тік өсетін сабағының биіктігі 12 см жеткен, жоғарғы жағында оны жапырақтары жауып тұрған. Олардың жоғарғылары спорофиллдер болған. Сабақтың төменгі жағы ризофордан тұрған, одан тамырлары кеткен (41,1-сурет). Натгорстиана өзінің шығу тегі жағынан, плевромейямен байланысты. Изоэт натгорстиананың әрі қарай жалғасы болып табылады. Сонымен полушниктер лепидодендрондардың ұрпағы болып табылады.
Палеозой эрасының соңында және мезозой эрасының бастапқы кездерінде плаун тәрізділердің барлық, жоғары деңгейде маманданған өкілдері жойылып кеткен. Олардың орындарын бәсекелестікке төзімді ашық тұқымдылар басқан. Бірақ өздерінің ағаш тәрізді туыстарының көлеңкесінде өсуге бейімделген шөптесін плаун тәрізділер, ашық тұқымдылар басым болып келген эраны басынан өткізіп қана қоймайды, сонымен бірге олар г‰лді өсімдіктер басым болып келетін өсімдіктер
қауымдастықтарында жақсы өсуге бейімделген. Оған қазіргі кездерде кездесетін плаундар, селагинеллалар және т.б. мысал болады.
Достарыңызбен бөлісу: |