Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


ҚЫРЫҚБУЫН ТӘРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ (ХВОЩЕВИДНЫЕ) - EQUІSETOPHYTA



бет94/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

ҚЫРЫҚБУЫН ТӘРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ (ХВОЩЕВИДНЫЕ) - EQUІSETOPHYTA




Жалпы сипаттамасы. Қырықбуын тәрізділердің сабақтары айқын байқалатын буындардан және буынаралықтарынан тұрады. Жапырақтары буынға топтасып орналасады. Осы ерекшеліктерімен қазіргі кезде кездесетін қырықбуындар және олардың қазба т‰ріндегі арғы тектері басқа споралы жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығынан айқын ажыратылады және сырт кескіні жағынан кейбір балдырларға (хараға), ашықтұқымдыларға (қылшаға) немесе тіптен г‰лді өсімдіктерге (казуаринге) ұқсас болып келеді.
Қырықбуын тәрізділерге сабақтарының биіктігі бірнеше сантиметрден бастап бірнеше метрге дейін жететін шөптесін өсімдіктермен (қазіргі кезде
кездесетін және жойылып кеткен) бірге биіктігі кейде 15 м-ге дейін жететін, ал жуандығы 0,5 см болатын ағаштарда жатады. Қырықбуын тәрізділердің сабағының өткізгіш системасы актиностель, немесе артростель т‰рінде берілген. Басқаша айтқанда сабақтың ұзына бойында өзара алмакезек орналасқан құрылысы әрт‰рлі болып келетін учаскелері бар буынаралық стельден тұрады. Ксилеманың өткізгіш элементтері трахеидтердің әрт‰рлі типтерінен тұрады, ал қырықбуындарда сонымен бірге сосудтарыда болады, флоэмасы с‰згілі элементтерден және паренхималық клеткалардан тұрады.
Қырықбуын тәрізділерге тән қасиеттердің бірі, олардың ерекше спорангий т‰зетін структурасының - спорангиофор-ларының болуы. Спорангиофорлары өзінің құрылысы жағынан басқа споралы өсімдіктердің спорофиллдерінен біршама айырмашылықтары болады. Спорангиофорларының жиынтығы сабақта, не кәдімгі вегетативтік жапырақтармен алма-кезек орналасып, спора т‰зетін зона т‰зеді, не болмаса өстің жоғарғы ұшында таза (тек спорангиофорлардан және стерильді жапырақтардан) стробилдер т‰зеді.
Қырықбуын тәрізділердің басым көпшілігі тең споралы өсімдіктер, тек кейбір қазба т‰рінде белгілі формалары ғана әрт‰рлі споралы болған.
Жыныстық ұрпағы гаметофит, немесе өскінше деп аталынады. Ол қазіргі кезде кездесетін қырықбуындарға дара немесе қосжынысты, ұзақ өмір с‰рмейтін, өте ұсақ, мөлшері бірнеше миллиметрден аспайтын көгілдір өскінше. Гаметофиттерінде антеридийлері мен архегонийлері пайда болады. Антеридийлерінде көпталшықты сперматозоидтары, ал архегонийлерінде жұмыртқа клеткасы жетіледі.
Ұрықтануы судың қатысуымен ж‰зеге асады. Зиготадан тыныштық кезеңін басынан өткізбей-ақ жаңа жыныссыз ұрпақ -спорофит өседі.
Қырықбуындар бөлімі мынадай төрт кластан тұрады: гиениялар немесе гиениопсидтер; сынажапырақтылар немесе сфенофиллопсидтер, каламиттер, қырықбуындар, немесе эквизетопсидтер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет