Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІНІҢ ТАЛЛОМДЫ, ЯДРОЛЫ, ПЛАСТИДТЕРІ ЖОҚ (ТӨМЕНГІ САТЫДАҒЫ ГЕТЕРОТРОФТЫ ӨСІМДІКТЕР) ТАРМАҒЫ - THALLOBІONTA APLASTІDAE



бет12/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   107
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (1)

ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІНІҢ ТАЛЛОМДЫ, ЯДРОЛЫ, ПЛАСТИДТЕРІ ЖОҚ (ТӨМЕНГІ САТЫДАҒЫ ГЕТЕРОТРОФТЫ ӨСІМДІКТЕР) ТАРМАҒЫ - THALLOBІONTA APLASTІDAE
Кілегейлілер бөлімі - Myxophyta
Саңырауқұлақтар бөлімі – Mycophyta


4 ДӘРІС. САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР ПАТШАЛЫҒЫ.
ТӨМЕНГІ САТЫДАҒЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ.
Дәрістің мақсаты - студенттерді саңырауқұлақтар әлемімен олардың классификациясымен, көбею жолдарымен, негізгі өкілдерімен және экологиясымен таныстыру.
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы, классификациясы, көбею жолдары.

  2. Хитридиомицеттер класы (Хитридиомицеты) – Chytridiomycetes.

  3. Оомицеттер класы (Оомицеты) - Oomycetes

  4. Зигомицеттер класы (Зигомицеты) – Zygomіcetes

Көрнекті құралдар: Гербарий, таблицалар.


Кілегейлілер бөлімі (Слизевики) – Myxophyta.
Бөлімнің құрамында 500-дей түр бар. Талломы клеткаларға дифференциацияланбаған және тұрақты формасы болмайтын көп ядролы, цитоплазмалық масса - плазмодий түрінде болады.
Оның мөлшері (размері) үлкен - диаметрі бірнеше ондаған сантиметрге жетеді. Кілегейлілер гетеротрофты өсімдіктер, негізінен сапрофиттер, сиректеу паразиттеріде кездеседі. Сапрофиттерінің плазмодийі көп жағдайда сары, қызғыштау және басқада түстерге боялған немесе түссіз болып келеді. Олар субстратпен қорек және су бар жерлерге қарай жылжып отырады, бірақ ашық, күн түсетін жерлерден қашып жүреді. Кілегейлілер секундына 0,4 мм. жылдамдылықпен қозғалады. Қор заттары жиналған сайын (шыны майы, гликоген, белок) плазмодийі ашық құрғақ жерге жылжып шығады да, көптеген споренгийлер береді. Оның әрқайсысының қалың қабықшасы болады. Көптеген түрлерінің спорангилері жастықша тәрізді эталий деп аталынатын жиынтық түзеді. Оның барлығына ортақ қатты қабықшасы болады. Эталилері мен спорангилерінің ішіндегі заттары мейоз жолымен бөлініп бір клеткалы спораларға айналады. Көптеген түрлерінің цитоплазмалық массасынан капиллиций деп аталынатын жіпшелер түзіледі. Бұл жіпшелер бойына суды көп жинайды (гигроскопичный) және эталидің немесе спорангилердің қабықшалары жарылған соң споралардың шашылуын қамтамасыз етеді. Споралары қолайлы жағдай туғанда өседі. Көп жағдайда әр спорадан бірден төртке дейін зооспора түзіледі және олар бөлінуге қабілетті болып келеді. Зооспоралар талшықтарын тастап миксамебаларға айналады. Миксамебаларда көбеюге қабілетті болып келеді. Жыныстық процесі миксамебалардың, кейде зооспоралардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Нәтижесінде олардан диплоидті миксамебалар пайда болады. Осы миксамебалардан диплоидты плазмодийлер түзіледі. Өмірлік циклында диплоидты фазасы басым болып келеді.
Паразит миксомицеттердің спарангилері болмайды. Споралары миксомицеттердің осы тобының иесі болып табылатын өсімдіктердің клеткаларында жиналады.
Классификациясы. Кілегейлілер бөлімі мынадай кластардан тұрады: протостелділер класы (Protostelіomycetes), миксогастралар немесе нағыз кілегейлілер класы (Myxogasteromycetes) плазмодиофоралар класы (Plasmodіophoromycetes), акразиалар немесе клеткалы кілегейлілер класы (Acrasіomycetes). Осылардың ішіндегі ең кең тарағаны плазмодиофоралар класы, сондықтанда оған толығырақ тоқталамыз.
Плазмодиофоралар класы (Плазмодиофоровые)- Plasmodіophoromycetes.
Кластың өкілдері клетка ішілік паразиттер. Аса кең тараған түрлерінің бірі плазмодиофора (Plasmodіophora brassіcae). Ол капустаның, брюкваның және басқада капуста гүлділердің аса кең таралған паразиті. Паразиттің плазмодийі өсімдіктің тамырына өтіп капуста килі деген атпен белгілі ауыруды тұғызады. Зақымданған өсімдікті түрінен бірден аңаруға болады. Өйткені олардың тамырының түп жағы жалпайып, жапырақтары сарғайып сола бастайды. Спора түзер алдында мейоз процесі жүреді.
Өсімдіктің тамырлары өлгеннен соң споралары топырақта қалады. Келесі жылы споралар өсіп қозғалуға қабілетті екі талшығы бар зооспоралар түзеді. Талшықтарын тастап олар миксамебаға айналады. Зооспоралар мен миксамебалар тамыр түктеріне өтіп, қосылады да жаңа диплоидты плазмодийлер түзеді. Бұл облигатты паразиттің өмірлік циклын бірінші рет орыс ғылымы М.С. Воронин зерттеген (1875ж.).
Сонымен кілегейлілер құрылысы және тіршілік жағдайы жағынан амеба тәрізді жануарлармен де, денесі плазмодий түрінде болатын саңырауқұлақтармен де, көптеген ортақ білгілері болады. Соған байланысты ғалымдардың біреулері кілегейлілерді қарапайым жануарларға, ал екінші біреулері саңырауқұлақтарға жатқызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет