Хамамелидтер, дилениидтер класс тармақтары. Раушандар тектес бір жабынды өсімдіктер қатарлар тобы - Melophyta monochlamydeae Бұл топтың құрылысының, барлығына ортақ белгілеріне мыналар жатады: гүлдері ұсақ, көріксіз. Оны осы топтың өсімдіктерінің, желмен тозаңдануға қайта оралуына байланысты, гүлсерігінің қарапайым жағдайға ауысуымен (редукцияға ұшырауымен) түсіндіруге болады. Гүлдері актиноморфты, дара жынысты немесе қос жынысты; гүлсерігі қарапайым, әдетте тостағанша жапырақшалар түрінде болады; гүлшоғыры симподиальды, көп жағдайда жиналып сырға түзеді.
Шамшаттар тұқымдасы (буковые) – Fagaceae Тұқымдаста 900 түр бар (8-9 туыс). Мәңгі жасыл немесе жапырақтары қысқа қарай түсіп отыратын ағаштар мен бұталар. Олар жер бетінің, негізінен қоңыржай климатты және субтропикалық елдеріңде, кеңінен таралған. Жапырақтарының түсіп отыртын, қосалқы жапырақшалары болады. Жапырақтары тұтас немесе қауырсынды қалақты және кезектесіп орналасады. Гүлдері ұсақ, көріксіз, дара жынысты немесе қос жынысты, актиноморфты, дихазиялы, жиналып сырға, масақ немесе шоқпарбастар түзеді. Кейде дихазиялары бір гүл қалғанға дейін редукцияға ұшырайды. Аналық гүлді плюска қоршап тұрады. Гүлсерігі 6- мүшелі, бос орналасқан, аналығы 3-6 ұялы, соған сәйкес аналықтың мойныда (столбик) сонша болады, гүлтүйіні төменгі.
Аталық гүлдің гүлсерігінің түп жағы біріккен болып келеді және әртүрлі түске- сарыға, қоңыр- қызылға, жасылға боялған. Гүлсерігінің саны не 3+3, не болмаса 5-7, аталықтарының саны гүлсеріктерінің санымен бірдей (кейде көптеу) болады.
Емен туысы (дуб - Quercus). Дүние жүзі бойынша 300 түрі бар; БОР-дың флорасында 19 түрі, ал Қазақстанда 1 ғана түрі кездеседі. Табиғи жағдайда солтүстік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде, сиректеу субтропикада кеңінен таралған. Ағашы әртүрлі ағаш бұйымдарын жасауға және құрлыс материалдары ретінде аса құнды болып табылады. Жалпақ жапырақты орманның (дубрав) негізгі компоненті. Діңі жуан болып келетін, биіктігі 40м. дейін баратын, әдетте бөрікбасы жан-жаққа тармақталып тұратын үлкен ағаш. Гүлінің формуласы:
P 6 A 0 G (3) ; P (6-8) A 6-10 G 0 Жемісі жаңғақ (желудь- шошқа жаңғақ).
Кәдімгі емен (дуб черешчатый, или обыкновенный - Q.robur). Европада кеңінен таралған. БОР- дың Европалық бөлігіндегі, жалпақ жапырақты ормандардың, ең құнды, орман түзетін ағашы болып саналады, ареалының оңтүстік- батыс бөлігінде, қыстық және жаздық формалары болады. Жартас емені (дуб скальный- Q.petraea) негізінен Кавказда және батыс Украинада Карпат тауының етегінде өседі. Түкті емен (дуб пушистый- Q.pubescens) Қырымда өседі. Емен ағашының көпшілікке танымал түрінің бірі тығын емені (дуб пробковый- Q. suber), ол Жерорта теңізінің батысында кең таралған. Еменнің бұл түрін өзінің табиғи ареалынан тыс жерде де, тығын алу мақсатында мәдени жағдайда өсіреді.
Шамшат туысы (бук - Fagus). Барлығы 10 түр; БОР-дың флорасында 3 түрі бар. Олар солтүстік ендіктің қоңыржай климатты зоналарында өседі. Ылғалдығы жеткілікті, құнарлы топырақта, буктер өнімділігі жоғары орман алқабы түзеді. Құнды ағашынан басқа, жаңғақ тәрізді жемісі малға жем болады. Гүлдерінің формуласы:
P6 A0 G(3) ; P(6-8) A 6-10 G 0.
БОР- дың территориясында, Карпат тауында және оның Украинаға қарайтын етегінде Европа бүгі (бук европейский- F.sylvatіca). Кавказда, Қырымда шығыс бүгі (бук восточный- F.orіentalіs) өседі.
Қайыңдар тұқымдасы (березовые)- Betulaceae Тұқымдастың құрамында 130 түр бар (6 туыс). Табиғи жағдайда, олар солтүстік ендіктің, негізінен тропикалық емес облыстарында өседі. БОР-дың флорасында 64- түрі, ал Қазақстанда 17 түрі кездеседі. Негізгі өмірлік формалары: жапырақтары қысқа қарай түсіп отыратын ағаштар мен бұталар.
Гүлшоғы- сырға тәрізді тирс, дара жынысты (бір үйлі өсімдік). Гүлдері ұсақ, дұрыс және бұрыс гүлдер, көп жағдайда гүлсеріктері болмайды. Жемісі тұқымша, қанатша түрінде болады.
Қайың туысы (береза- Betula). Түрлерінің жалпы саны 60, БОР-дың флорасында 40, ал Қазақстанда 15. Олар климаты салқын, қоңыржай, кейде тіптен ылғалы жеткіліксіз облыстарда кең таралған ағаштар мен бұталар. Гүлдерінің формуласы:
P0 A0 G(2) ; P2 A2 G0 .
Аталық және аналық гүлдері дихозияда 3-тен орналасып сырға түзеді. Жемісі- қанатша.
Қотыр қайың (береза повыслая, или береза бородавчатая- B.verrucosa) Европа мен Азияның орманды зонасында өседі. Үлпек қайың (береза пушистая- B.pubescens)- осыған дейінгі түрдің өсетін жерлерінде кеңінен таралған. Тас кайың (береза каменная- B.ermanі)- қиыр шығыста өседі, тоз (пробка) қабатының түсі сары болады. Даур қайыңы (B.dahrіca)- Забайкальеде өседі, тоз қабатының түсі қара- қошқыл болып келеді. Орманжаңғақ туысы (лещина- Corylus). 8 түрі бар; БОР-дың флорасында 7 түрі, ал Қазақстанда 1 түрі өседі. Қысқа қарай жапырақтары түсіп отыратын ағаштар мен бұталар, бір үйлі, жапырақтары кезектесіп орналасқан, тең бүйірлі болмайды, қосалқы жапырақшалары түсіп отырады. Гүлдерінің формуласы:
P4 A0 G(2) ; P0 A4 G0 .
Аталық гүлі бір гүлден тұратын дихазия түрінде болады, олар ұзын, жұмсақ сырға түзеді. Аналық гүлі екі гүлден тұратын дихазия, ол жапырақтың қолтығында пайда болатын бүршіктермен қоршалып тұрады. Гүл асты жапырақшалары бірігіп, жемістің айналасында плюска (тостақша) түзеді. Кәдімгі орманжаңғақ (лещина обыкновенная- C.avellana) биіктігі 5м дейін баратын үлкен бұта, БОР-дың европалық бөлігінде кең таралған, құнды жаңғақ беретін өсімдік. Ағаш тәрізді орманжаңғақ, немесе аю жаңғақ (лещина древовидная, или медвежий орех- C.сolurna)- биіктігі 20-25м. жететін ағаш, өсетін жерлері Алдынғы Азия, Кавказ; солтүстікке қарай, мысалы Украинада сәндік ағаш ретінде отарғызады.