Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Асқабақтар тұқымдасы (тыквенные) - Cucurbіtaceae



бет86/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   107
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (1)

Асқабақтар тұқымдасы (тыквенные) - Cucurbіtaceae


Тұқымдасқа 1 мыңдай түр (120 - туыс) жатады. Жер шарының екі бөлігініңде тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең таралған өсімдіктер, қоңыржай климатты облыстарға да өтеді. Түрлерінің пайда болған орталығы болып Гималайдың Шығыс бөлігі, Азияның Оңтүстік-Шығысы және Оңтүстік Америка табылады. Түрлерінің басым көпшілігі өрмелеп, сиректеу ұзын сабақтары арқылы жерге төселіп өсетін біржылдық өсімдіктер. Көпжағдайда пальмалардың арасында өседі, сабақтарының сыртында қатты түктері болады. Бұл тұқымдастың өкілдеріне биколлатеральды өткізгіш шоқтары тән. Жапырақтары үлкен, қосалқы жапырақшалары болмайды, жапырақ тақталары жүрек тәрізді, саусаққалақшалы (пальчатолопастной) немесе саусақ-салалы (пальчаторассеченный) тілімделген болып келеді де, сабаққа кезектесіп орналасады. Қарапайым немесе бұтақталған (тармақталған) мұртшалары түрі өзгерген жапырақтың қолтығынан кететін бұтақ болып табылады. Гүлдері актиноморфты, аталықтары біріккен жағдайда зигоморфты болып келеді. Гүлдің бөліктері 4-шеңбер түзіп орналасады, 5 мүшелі (гинецейден басқасы) әдетте дара жынысты. Жалғыздан немесе жапырақтың қолтығында аз гүлден тұратын гүлшоғырын түзіп орналасады. Бір үйлі немесе екі үйлі өсімдіктер. Гүл серігі қосарланған, түп жағынан трубкаға біріккен болып келеді. Тостағаншасы 5 тісті. Күлтежапырақшасы 5- жақтаулы, қоңырау немесе доңғалақ (колесовидный) тәрізді, сиректеу күлтежапырақшалары бос орналасады, олардың түсі сары немесе ақ болып келеді. Аталық гүлдің 5 аталығы болады, олар көптеген түрлерінде үш ағайынды андроцей түзеді (4- аталығы екеу-екеуден қосарланып бірігеді де, біреуі бос қалады). Кейде андроцейі бірағайынды болады (асқабақ туысы -Cucurbіta). Тозаң қабы екі ұялы, S - әріпі тәрізді иілген болып келеді. Гинецейі ценокарпты, үш жемісжапырақшадан тұрады. Гүл түйіні төменгі, үш ұялы, етженді болып келетін бүйірлік жатындары болады. Олар үлкен болып өседі және бір-бірімен ортаңғы бөлігі арқылы түйіседі. Бұл жағдайда гүл түйіні алты ұялы көрніс береді. Тұқым бүрі көп. Аналықтың мойны қысқа, ал оның жоғарғы жағында 3- етженді аузы болады. Жемісі жидек тәрізді. Экзокарпиі қалың, тығыз, тіптен қасаңданған немесе ағаштанған, Мезокарпиі мен эндокарпиі жұмсақ болып келеді (асқабақ, қарбыз, қауын, қияр). Мұндай жемістердің үлкен болатындығы сонша, кейде олардың салмағы 100 кг астам болады. Сиректеу жемісі жидек болып келетін түрлеріде болады (итжүзім туысы - преступень -Bryonіa). Дәндері көп, эндоспермі жоқ, тұқым жарнағы жалпақ болып келеді.
Қияр туысы (огурец - Cucumіs). Бұтақталмайтын мұртшалары бар біржылдық өсімдік. Гүл түйіні цилиндр тәрізді, тікенекті түктері болады. Гүлінің формуласы былай жазылады:
 Ca(5) Co(5) A0 G(3) ;  Ca(5) Co(5) A(2)+(2)+(1) G0.
Африка мен Азияда таралған 30-дай түрі бар. Овощтық өсімдік ретінде екпе қиярды (огурец посевной - C.satіva) өсіреді. Жабайы түрі белгісіз, сорттарының көпшілігі полигамды.
Қауын туысы (дыня - Melo). Қоңыржай климатты аудандарда кең таралған 10 түрі бар. Сабағы жерге төселіп өсетін біржылдық шөптесін өсімдік. Гүл түйіні сопақтау немесе шар тәрізді болып келеді, сыртында түктері қаптап тұрады. Екпе қауынды (дыню посевную - M.satіva) БОР-дың оңтүстік аудандарында, әсіресе Орта Азия республикалары мен Қазақстанда көптеп өсіреді. Бұл кезде көптеген аудандастырылған сорттары бар.
Арбыз туысы (арбуз -Cіtrullus) 3 түрі бар. Біржылдық және көпжылдық өсімдік. Олардың ареалы Оңтүстік Африканың Колохара шөлін алып жатады. Кәдімгі арбыздың (қарбыз, дарбыз) (арбуз съедовный - C.vulgarіs) көптеген сорттары өсіріледі.
Қоректік арбыз (арбуз кормовой - C.colocynthoіdes ) малға қорек ретінде арнайы өсірілетін (дақыл) өсімдік.
Асқабақ туысы (тыква - Cucurbіta). Тамыры ұршық тәрізді болып келетін, кейде түйнектері болатын көпжылдық, немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер. Туыстың құрамында 18 жабайы өсетін түрлері бар, ал 5 түрі тек мәдени жағдайда ғана кездеседі. Түрлерінің көп мөлшерде кездесетін орталықтары Мексика, Гватемала, Гондурас. Ірі асқабақты (тыква гигантская -C.maxіma) БОР-дың европалық бөлігінің орталық аудандарында (Украина, Поволжье) және Приморский аймағында өсіреді. Мускатты асқабақтың (тыква мускатная - C.moshata) тропикалық аудандардың жылы және ылғалды климатына бейімделген сорттары бар, олардың жемістерінде қаныттың мөлшері аса жоғары болады. Пісіп-жетілген дәндерінде 52% дейін май болады, БОР-дың территориясында Кавказда және Орта Азия мен Қазақстанда өсіріледі. Кәдімгі асқабақтың (кабачки - C.pepo) жемісінің формасы мен мөлшері және түсі көп өзгеріп отырады. БОР-дың территориясында, оның ішінде Қазақстанда бұл өсімдікті овощтық өсімдік ретінде өсіреді.
Асқабақ тұқымдасының көпшілігінің дәнінде көп мөлшерде май болады, оны тамаққа да, техникаға да пайдаланады. Колоцинт (Cіtrullus colocynthus) және итжүзім (переступень - Bryonіa) туысының түрлері дәрілік өсімдіктер болып саналады. Кейбір түрлері сәндік өсімдіктер ретінде пайдаланылады, мысалы люффа (Luffa) туысының түрлері. БОР-дың флорасында асқабақ тұқымдасынан итжүзім туысының екі түрімен шөлейт аудандардың оңтүстігінде өсетін атпа қияр (бешеный огурец - Ecballіum elaterum) кездеседі. Өз атына сәйкес тургур қысымының күшімен атпа қияр жемісінен дәндерін сыртқа лақтырып шашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет