Дәріс 1 Тақырып: Топырақтану-агробиологиялық ғылым, оның нарықтық жағдайдағы мазмұны мен мақсаты Дәріс мақсаты



бет5/7
Дата19.09.2023
өлшемі41,56 Kb.
#108523
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс 1

Жалпы топырақтану бағытында ғалымдар топырақтың негізгі қасиеттерін, пайда болуын, таралуын, жіктелуін зерттейді. Ал арнайы топырақтану бағытында ғалымдар топырақты пайдалану барысында туатын мәселелерді зерттеп, анықтайды.
Іргелі топырақтану ғылымының дамыған салалары: топырақ морфологиясы, топырақ физикасы, топырақ минералогиясы, топырақ географиясы, топырақ тарихы, топырақ құнарлығы, топырақты қорғау, топырақ картографиясы ж.б.
Арнайы топырақтану бағытында осы ғылымның салалары–ауыл шаруашылық топырақтануы, орман шаруашылығы топырақтануы, инженерлік топырақтану, мелиорациялық топырақтану, экологиялық топырақтану болып келеді. Топырақтану ғылымы жоғары дәрежеде ауыл шаруашылығымен, оның ішінде егіншілік саласымен тығыз байланысты.
Сондықтан ауыл шаруашылығы немесе агрономиялық топырақтану ғылымы кең көлемде дамып жетілген. Осы бағытта топырақтану ғылымының алдына қойылатын, ғылыми және өндірістік дәрежеде шешуін қажет ететін мәселелер келесідей: шаруашылықта жер ауданын ұтымды орналастыруды ұйымдастыру, топырақты егіншілікте тиімді пайдалану, өсімдіктерді топырақтың қасиеттеріне байланысты сұрыптап егіп-өсіру, топырақты ауыспалы егіс жүйесінде қолайлы қолдану, топырақты оның қасиеттеріне, таралу аймағының экологиялық жағдайына байланысты өңдеп-баптау, тыңайтқыштар қолдану жүйесін, мелиорация тәсілдерін топырақтың құнарлылығының ұдайы өндіріліп отыруын қамтамасыз ету бағытында қолдану, топырақты құнарсызданудан сақтау, жел және су эрозиясынан қорғау.
Топырақтану ғылымы топырақтың дамуын, құрамын, қасиеттерін, оның бойында жүріп жатқан өзгерістерді зерттеу үшін әр саладағы ғылымдардың озық әдістемелерімен бірге келесідей зерттеу әдістерін кеңінен қолданады:
-географиялық салыстырмалы әдіс топырақты пайда болу жағдайлармен қатар зерттеп, оның қасиеттерімен құрамының топырақ түзуші факторлармен корреляциялық байланысын анықтау;
-далалық тәжірибелерде, орнықты түрде топырақтың қасиеттерін, режимдерін зерттеу әдісі;
-топырақтың тік кескінін зерттеу әдісі;
-топырақтағы өзгерістер процестерінің моделін жасау арқылы зерттеу жүргізу әдісі ж.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет