Жүйелік параметрлер технологиялық сызбанұсқаның оптималдылық критериларын құрайды
және аппараттың жекелеген сипаттамаларынан басқа сызбанұсқаның жалпыламалық
параметрлерін де қамтиды. Жеке аппараттарды немесе қондырғыларды жобалау кезінде бұл
параметрлердің немесе оны құраушылардың мәндері тепе-теңдіксіздер типіндегі шектеулер болып
табылады. Жүйелі параметрлерді қамтитын оптималдылық критерилары
негізінде тәсілдердің
локалды сипаттамасы бойынша альтернативті топтан жекелеген өнімдерді бөліп алудың
тәсілдеріне ең соңғы шешуші таңдау жасалынады.
Процесті жүргізудің тәсіліне негіздемесі бар таңдау (альтернативті процестердің тобынан)
бірқатар факторларды ескере отырып жасалуы қажет, нақтылап айтқанда: қоспаның және жеке
құрамдас бөліктердің физика-химиялық және термодниамикалық қасиеттерін сараптау
нәтижесінде; химиялық және фазалық
теңбе-теңдік шарттарын зерттеу; жекелеген
қондырғылардың термодинамикалық сарапталынуы; қондырғылардың құндық сипаттамаларын
бағалау.
Химиялық өндіріс горизонтал бағытты
иерархиялық
құрылымды сипатты көрсетеді:
шикізатты даярлау, химиялық өзгеру және өнімдерді бөліп шығару.
Сатылардың әрқайсысы
анықтаушы құбылыстың табиғатымен ерекшеленетін әртүрлі процестердің ерікті сандарына ие,
мысалыға:
а) гидродинамикалық процестер: аппараттарда және құбыржелілерде сұйықтар мен газдардың
жылжуы; біртекті емес газ-сұйықтық (тұман), газ-қатты зат (шаң-тозаң), сұйықтық-қатты зат
(суспензиялар), сұйықтық-сұйықтық (эмульсия) жүйесін алу және бөлу;
б) жылулық процестер: қайнау, булану, конденсация, буландыру;
в) диффузиялық процестер:
экстракция, абсорбция, адсорбция, кристалдандыру,
мембраналық процестер, ректификация және т.б.
г) химиялық процестер: реакторлардағы химиялық өзгерістер;
д) биохимиялық процестер: реакторларда,
аэроқабырғаларда
және т.б. биохимиялық түр-
өзгерістер;
е) механикалық процестер: қатты заттарды
ұсақтау және оларды тасымалдау, сусылдауық
заттарды
сепарировать ету және т.б.
Модельдердің блоктық құрылымына қарай химиялық өндірістің типтік процестерін
жекелеген құрушылар түрінде көрсетуге болады, бұл 2-кестеде көрсетілген. Бұл құраушылар жеке
үлгілердің меңзелінуіне байланысты әр түрлі дәрежеге дейін жеткізіліп бөлшектелініп
сипаттамаланылады.
Кесте 2
Химиялық технологияның типтік процестерін құраушылар
Ағындардың гидро-
динамикалық құрылымы.
Қозғалыстың іргелі
заңдары
Ағындардың гидродинамикалық құрылымы
Диффузиялық
кинетика
Химиялық
кинетика
Биохимиялық
кинетика
Достарыңызбен бөлісу: