Дәріс №1 Тақырыптың аты: химиялық Өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру дәрістің мақсаты: Химиялық өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет2/39
Дата24.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#86259
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
1.2 Жобалауға тапсырма 
Жобаланудаға өндірістің (кәсіпорынның) кез-келгені саланың даму жоспары мен 
экономикалық ауданның мұқтаждығына сәйкес түзіледі. Өндіріс жобалауға тапсырманы түзуден 
басталады. Жобалау процесі инженер-жасақтаушылардың (зерттеушілер, технологтар, 
механиктер, экономистер, электриктер және т.б.) интеллектуалдық іс-әрекеттерінің товрчестволық 
түрлерінің бірі болып табылады. Химиялық идеяның мәселенің инженерлік-техникалық 
шешімдермен түйісуі жобалаудың шынайы мәні мен соңғы мақсаты болып табылады. 
Өндірістік кәсіпорынның жобалауға тапсырмасы дегеніміз келесі мәліметтер келтірілген 
негізгі бастапқы құжат болып табылады: 
- кәсіпорынның аты; 
- жаболау үшін негіздеме, аудан, 
пункт
және құрылыс алаңы; 
- өнімнің 
номенклатурасы 
және оның негізгі түрлері бойынша толықтай дамуы мен бірінші 
кезеңдегі өндірістің қуаты (натуралдық және ақшалай қаражатқа шаққанда); 
- кәсіпорынның жұмыс істеу режимі және меңзелінген мамандандырылуы; 
- кәсіпорынның құрылысын жүргізу және оны эксплуатациялау кезінде шикізатпен, сумен, 
жылумен, газбен және электр энергиясымен қамтамасыз етудің негізгі көздері; 
- тастанды суларды тазарту және оларды тастау шарттары;
- негізгі технологиялық үдерістер мен қондырғылар; 
- кәсіпорынның болжам бойынша дамуы (кеңейуі); 
- құрылыстың меңзелінген уақыты; 
- қаржылық салымдардың меңзелінген мөлшері және кәсіпорынның техника-экономикалық 
көрсеткіштері; 
- тұрмыстық және мәдени-сауықтыру нысандарының құрылысын жобалауға мәліметтер және 
жобалаудың сатылары; 
- бас жобалаушы ұйымның аты; 
- бас мердігердің құрылыс мекемесінің аты. 
Өндірістік кәсіпорынның жобасы дегеніміз (ауқымды қарастырғанда) бұл принципиалды
негіздемелері, есептеулері, сызбалары, жасауға, даярлауға немесе қайта жасақталынуға тисіті 
құрылымдардың, қондырғылар, машиналар, аппараттар және т.б. арналған макеттердің
техникалық құжаттарының кешені.
Архитектуралық жоба адамның ғылыми-негіздемелі құрылымдық идеясын кеңістікте 
ұтымды ұйымдастыруын жүзеге асыруы үшін болашақ ғимараттың, құрылымның немесе 
кешеннің негізі кез-келген көркемдік әдіс арқылы (макет, сурет, сызба, фото) материалдық 
(құрылыстық-техникалық) және идеялы-көркемдік (эстетикалық) жүзеге асырылған құжат болып 
табылады.
Өндірістік кәсіпорынның жобасы негізгі үш бөлімнен құралады: 
1. Халық шаруашылығының белгілі бір немесе аралас салаларында ғылым мен техниканың 
ең жаңа жетістіктеріне негізделінген өнімді даярлауға арналған қондырғылардың жүйесі секілді 
өндіріс технологиясы;
2. Тиімді технологиялық үдерісті оның үздіксіз дамуын, экономды инженерлік құрылыстық 
шешімдердің қарапайымдылығы мен әмбебаптығын, жұмысшы қызметкерлерге еңбектік және 
тұрмыстық ыңғайлылықпен жайлылықты, құрылымның кескінің көркемдік-идеялық сәнділігін 
және оның бөлек бөлшектерінің әдемілілігін қамтамасыз ететін көлемдік-жоспарлық шешемдер; 
3. Технологиялық үдерісті ұйымдастыруды ең жақсы шарттармен және оның уақыт өте 
дамуын қамтамасыз етуді және құрылыстық өндірістің механизацияланған шарттарына сай 
келетін және құрылымдар мен кешендердің көлемдік-жоспарлық құрылыстарының үйлесімді 
негізі болатын тиімді құрылыстық құрылымдармен инженерлік қондырғылар.
Сонымен, өндірістік кәсіпорындарды архитектуралық жобалау, бұл ғылыми-техникалық, 
экономикалық, құрылыстық және эстетикалық, олардың ішінде кәсіпорын қызметкерлерінің 
жұмыс істеу, демалу және десаулықтарына қатысты қамқорлықты ойластыруға байланысты 
сұрақтардың кешенді түрде шешімін табуға бағытталған творчествоның бір саласы. 


Өнеркәсіптік нысанды жобалауды, бөлшектеуді, және орналастыруды ұйымдастырудың 
жалпыламалық сызбанұсқасы 1-суретте келтірілген.
Сурет 1. Өнеркәсіптік нысанды жобалаудың, бөлшектеудің және орналастыруды 
ұйымдастырудың сызбанұсқасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет