Дәріс №1 Тақырыптың аты: химиялық Өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру дәрістің мақсаты: Химиялық өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру


Диффу-зиялық  кинетика  Химиялық  кинетика



Pdf көрінісі
бет27/39
Дата24.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#86259
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
 
Диффу-зиялық 
кинетика 
Химиялық 
кинетика 
 
Диффузиялық 
кинетика 
 
Термо-
кинетика 
Термо-
кинетика 
Термо-
кинетика 
Термо-кинетика 
Гидродинамикалық 
процестер 
Жылуалмасу 
процестері 
Массаалмасу 
процестері 
Химиялық 
процестер 
Биохимиялық 
процестер 
3. Принциптік технологиялық сызбанұсқа 
Операциялық сызбанұсқа жасақталғаннан кейін принциптік технологиялық сызбанұсқаны 
құрастыруға кіріседі. Мәніне келгенде бұл операциялық сызбанұсқаның аппаратуралық 


безендірілуі болып табылады. Принциптік технологиялық сызбанұсқаны технологиялық 
түйіндердің қатарларынан тұрады деп қарастыруға болады. Технологиялық түйіндер деп орап 
байланыстырушы арматура мен құбырлары бар аппарат (машина) немесе аппараттардың топтарын 
айтады, онда физика-химиялық немесе химиялық процестердің біреуі басталып және толығымен 
аяқталады. 
Технологиялық түйіндерге келесідей нысандар жатқызылады: жинақтаушылар, өлшеуіштер, 
сораптар, компрессорлар, газ үрлегіштер, сепараторлар, жылу алмастырғыштар, ретификациялық 
бағаналар, реакторлар, 
утильдеуші
-қазандықтар
, фильтрлер, центрифугалар, тұндырғыштар, 
ұсақтағыштар, классификаторлар, кептіргіштер, буландырғыш аппарттар, құбырлар, құбырлардың 
арматуралары, сақтандыру қондырғылары, бақылау және автоматтандыру құрал-жабдықтары мен 
датчиктер
, орындаушы және басқарушы механизмдер мен құрылғылар.
Аталған аппараттар мен машиналардың басым көпшілігі өнеркәсіпте шығарылады және олар 
стандартталынған. Шығарылып жатқан машиналар мен аппараттардың типтері, олардың 
құрылымдары және сипаттамалары туралы мәліметтерді әр түрлі анықтамалардан, зауыт 
бұйымдарының каталогтарынан, салалық және ақпараттық институттар басылымдарынан, 
жарнамалық материалдардан және салалық ғылыми-техникалық журналдардан алуға болады. 
Технологиялық сызбанұсқаны құрастырмаас бұрын жұмыстың осы кезеңінде шешілетін 
бірқатар міндеттерді анықтап алған жөн. Ең бастысы, бұл, еңбекті қорғау және қауіпсіздік 
техникасын қамтамасыз ету. Сондықтан технологиялық сызбанұсқада қысымның шектен 
шығуының алдын алудың заттары (сақтандыру клапандары, жарылғыш мембраналар, 
гидрозатворлар
, апаттық сиымдылықтар), қорғағыштық атмосфераны құру жүйелері, апаттық 
салқындату және т.б. жүйелер қарастырылуы қажет. Технологиялық сызбанұсқаның синтезі 
кезеңінде өнімдерді айдауға жұмсалынатын шығындарды азайту сұрақтары шешіледі. Аппараттан 
аппаратқа сұйықтықтарды тасымалдауда өзіндік ағысты максимальді түрде қолдану қажет. 
Сондықтан осы жерде аппараттардың сатылы түрде рет-ретімен орналастырылуы қарастырылады. 
Осы кезеңде, процесті жүзеге асыру кезінде қолданылатын жылу мен суықты 
тасымалдаушылардың жиынтығы анықталынады. Жылудың немесе суықтықтың құнының мөлшері 
кәсіпорында энергия тасымалдаушының болуына және оның параметрлеріне тәуелді. Ауа және 
айналымдағы өндіріс сулары ең арзан салқындатқышагенттер болып табылады. Экономикалық 
тұрғыдан негізгі жылу мөлшерін осы арзан салқындатқышты тасымалдаушыларға аударып беріп 
жіберу тиімді, тек қалдық жылуды ғана қымбат салқындатқышагенттермен алған ұтымды 
(мұздатылған су, сұйық аммиак және т.б.) болады. Жану кезінде бөлініп шығарылатын газдар ең 
арзан жылутасымалдаушылар болып болып табылады, бірақ олар тасымалдауға келмейді. 
Принциптік технологиялық сызбанұсқаны құру үшін миллиметровкалы парақтың бетінің 
жоғарғы бөлімінде (астыңғы бөлімге 150 мм орын қалдырып) материалдық ағындардың берілуінің 
және 
шығарылуының 
коллекторларының, 
жылутасымалдаушылардың 
және 
салқындатқышагенттердің желілері, ал астыңғы бөлімге бақылауыштық-өлшеуіштік құралдар мен 
құрылғылар орналастырылады. Әдетте газды коллекторлардың желілерін парақтың жоғарғы 
бөлігіне, ал сұйықтықты коллекторлардікін төменгі бөлігіне орналастыру ұсынылады. Осыдан 
кейін қағаздың бетіне коллекторлардың арасына жасақталған операциялық сызбанұсқаға сәйкес 
операцияларды орындау үшін қажетті аппараттар мен машиналардың шартты түрдегі кескінделген 
таңбалары таңбаланып қойылады. Аппараттар мен машиналардың шартты түрдегі кескінделген 
таңбаларының масштабтары болмайды. Горизонталь бойынша олардың ара қашықтықтары 
регламенттелінбейді, ол материальды ағындардың, бақылау және автоматтандыру заттарының 
желілерін енгізу үшін жеткілікті болуы керек. Шартты түрдегі кескіндердің вертикал бойынша 
орналастырылуы ешқандай масштабқа байланыстырылмай-ақ аппараттың өзгелерден реалды 
жағдайда қаншалықты биік немесе төмен тұрғандығын көрсететіндей болуы шарт. Қағаз бетінің 
жазықтығына орналастырылған машиналар мен аппараттардың шартты түрде келтіріліп 
таңбаланған кескіндерін материалдық ағындардың желілерімен байланыстырылып оларға 
салқындатқышагенттер мен жылутасымалдаушылардың да желілерін келтіру керек. Аппарттар мен 
машиналарды нөмірлеу сол жақтан оңға қарай бағытта жүргізіледі. 
Технологиялық сызбанұсқаны жобалау кезінде оның жекелдеген түйіндерін орамалап 
байланыстыруға аса мән берілуі қажет. Осындай орамалап байланыстыруға 3-суретте мысал 
келтірілген.


I-IV – негізгі құбыржелілер; 1- абсорбер, 2 – сорап, 3 – абсорбенттің мұздатқышы 
Сурет 3. Абсорбция түйінінің орамалап байланысуы 
Бұл жерде газды қоспаның құрамдас бөлігінің сұйықтықпен абсорбциялаудың түйіні 
көрсетілген. Абсорбция түйінінің қалыпты жұмыс істеуі температураға, қысымға және газбенен 
абсорбент сандарының қатынасына тәуелді. Мұндай шарттардың орындалуы келесі қондырғылар 
мен арматураларды қойылуымен жүзеге асады: 
Газды беру желісінің бойында: шығынды өлшегіштің диафрагмасы, үлгіні алғыш, қысымды 
және температураны өлшеуге арналған 
бобышкалар

Жаңа абсорбентті беру желісінде: шығынды өлшегіштің диафрагмасы немесе ротаметр, 
үлгіні алғыш, температураны өлшеуге арналған 
бобышка, 
газбен абсорбенттің қатынасын 
реттегішпен байланысқан реттегіш клапан.
Қаныққан абсорбентті шығару желісінде: шығынды өлшегіштің диафрагмасы немесе 
ротаметр, температураны өлшеуге арналған 
бобышка,
абсобердің төменгі бөлігінде сұйықтықтың 
деңгейін реттеуішісімен байланысқан реттегіш клапан. 
Технологиялық сызбанұсқаны жасақтау барысында реттегіш клапандар жапқыш 
құрылғылардың қызметін атқара алмайтындығын ескеру қажет. Сондықтан құбырларда жапқыш 
арматуралар алдын-ала ескерілуі керек (қозғағыштары қолмен немесе механикалық
вентилдер, 
задвижкалар
), ал реттегіш клапандарды сөндіру үшін 
айналым желілері
қарастырылуы қажет. 
Сызылған сызбанұсқа алдын ала сызылғын, яғни шамаланған болып табылады. Алдын ала 
материалдық және жылулық есептер жүргізілгеннен кейін жасақталынған сызбанұсқадағы
технологиялық материалдық ағындардың жылулары мен суықтықтарын 
рекуперациялаудың
мүмкіндіктері сараланып сарапталынуы қажет. 
Жобалау процесінде технологиялық сызбанұсқаға өзгерістер мен қосымшалар енгізуге 
болады. Технологиялық сызбанұсқаның соңғы үлгісі өндірістің реакторлары мен аппараттарын 
есептеуге байланысты негізгі жобалық шешімдерді қабылдап, жобаланудағы өндірістің 
аппараттарының орналастырылуына қатысты барлық сұрақтар анықталынып алынғаннан кейін 
жасалынады.
Кейде 
қондырғыны 
таңдау 
барысында, 
оның 
кейбір 
түрлері 
Қазақстанда 
шығарылмайтындығы немесе жаңадан игеріліп жатқандықтары анықталынады. Қарастырылып 
отырған орта жағдайында тұрақты болып келетін құрылымдық материалдан жасалынған немесе 
қажетті сипаттамаға ие машинаның немесе аппараттың болмай қалуы технологиялық 
сызбанұсқаның жекелеген түйіндерін өзгертуді талап етуі мүмкін, ал бұл мақсат етілген өнімді 
алудың экономикалық тұрғыдан әлдеқайда тиімсіз әдісіне қарай көшудің себебі болуы мүмкін.
Қондырғылардың барлғы 
үйлестіріліп құрастырылмайынш
а технологиялық сызбанұсқа ең 
соңғы үлгідегі бола алмайды. Мысалы, алғашқы нұсқа бойынша сұйықтықтың берілуі аппараттан 


аппаратқа өзіндік ағыс арқылы жүргізіледі деп болжанылған, бірақ қондырғыны орналастырудың 
жобасын жасақтау кезінде жүзеге асырыла алмады. Мұндай жағдайда қосымша сыйымдылық және 
сорап қарастырылуы және олардың технологиялық сызбанұсқаға ендірілуі қажет. 
Технологиялық сызбанұсқаның аяқталынған ең соңғы түрі жобаның барлық тараулары 
жасақталынып болғаннан кейін құрастырылады және ол конструкторлық құжаттамалардың 
бірыңғай жүйесінің (КҚБЖ) талаптарына сәйкес стандартты қағаз бетіне сызылады. Бұдан кейін 
барлық аппараттар мен машиналардың толық саны көрсетілген спецификациямен қамтамасыз етіп 
технологиялық сызбанұсқаны баяндау мәтіні құрастырылады.
Қондырғылардың қорлары технологиялық процестің қасиеттері мен жоспарлық-ескертулік 
қайта жөндеулердің грфигін ескере отырып таңдалынады.
Технологиялық сызбанұсқаның баяндалынуының мәтіні есептік-түсіндірмелік хаттың бір 
бөлігі болып табылады. Сызбанұсқаны технологиялық процестің жеке сатылары бойынша баяндап 
жазып шығу дұрыс болып табылады. Басында, 
цехқа
қандай шикізат берілетіндігін, ол қалай түседі 
және ол цехта қалай сақталынады, қандай алғашқы өңдеуге түседі, қалайша дозаланылады және 
аппаратқа қалайша түсірілетінін көрсеткен жөн. Технологиялық операцияларды баяндаған кезде 
аппараттың құрылымы, оған шикізатты жүктеу және одан түсірудің тәсілдерін, онда жүзеге 
асырылатын процестің сипаттамасы және оны жүргізудің тәсілі (периодты, үздіксіз), процестің 
негізгі параметрлері (температура, қысым және т.б.), оларды қадағалаудың және реттеудің
әдістері, тастандылары мен өнімдері жайлы мәліметтер айтылуы керек.
Цехтің өзінің ішінде және цехтардың арасында өнімді тасымалдаудың әдістері келтіріледі. 
Мәтінде сызбада бейнеленген сызбанұсқаның барлығы атап өтіліп және де сызбанұсқада 
келтірілген номерлері бойынша аппараттар мен машиналарға сілтемелер болуы тиіс.
Жасақталынған технологиялық сызбанұсқаның сенімділігі сарапталынады және оның 
тұрақтылығын жоғарлату үшін қолданылатын тәсілдер көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет