Дәріс №1 Тақырыптың аты: химиялық Өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру дәрістің мақсаты: Химиялық өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет28/39
Дата24.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#86259
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
ЛЕК. ТАСИБЕКОВ Х.С. ХТОВ ПРОЕКТ

 
Әдебиеттер
Под. ред. Михайличенко А.И. Основы проектирования химических производств. – М.: ИКЦ 
«Академкнига», 2005. – 127-138 б. 
Дәріс №12 
 
Тақырыптың аты: НЕГІЗГІ ХИМИЯЛЫҚ АППАРАТУРАЛАРДЫ ЭСКИЗДІК ҚҰРЫЛЫМДЫҚ 
ЖАСАҚТАУ 
 
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Жалпыламалық жағдайлар (положения);
2. Реакторлар;
3. Реакторды таңдауға әсер ететін химиялық факторлар. 
1. Әдетте жаңа аппараттарды (қондырғыларды) жобалау кезінде өнімділік, жүргізілетін 
процестің жұмысшы параметрлері және оның сипаматтамалары, өңделінетін және алынатын 
өнімнің физика-химиялық қасиеттері басапқы мәліметтер болып табылады. 
Әрбір аппаратты (машинаны) белгілі бір әдіс бойынша жобалайды. Әдетте жобалауды 
келесідей реттілікпен орындайды: 
1. Жалпыламалық принцип бойынша материалдық баланстың теңдеуін құрайды, яғни барлық 
бастапқы, аралық және соңғы өнімдердің шығысын, кірісін есептеу арқылы.
2. Технологиялық процес жылудың бөлінуімен немесе жұтылуымен жүзеге асатын 
аппараттар үшін жылу балансының теңдеулерін құрады және оларды шешеді. Теңдеуді барлық 
жылу ағындарын ескере отырып құрады.
3. Аппаратты құрылымдаудың есебін жүргізеді, яғни белгілі бір аппараттың типіне арналған
есептеу әдісі бойынша оның негізгі өлшемдерін және жылу алмасудың бетінің аудандарын 
анықтайды. Өлшемдерін (диаметр, ұзындық, биіктік) кейіннен стандартты мәнге дейін 
дөңгелектейді. 


4. МЕМСТ, нормальдар және каталогтар бойынша өлшемдері мен параметрлерінің мәндері 
есептелінгендерімен жуықтау болатын аппараттар таңдалынады. 
5. Құрылымдық материалдар таңдалынып алынады және олардың есептелінген температура 
жағдайындағы механикалық сипаттамаларын анықтайды.
6. Аппараттардың негізгі элементтерінің беріктілігін олардың жұмысшы жүктемелерін ескере 
отырып есептейді (түбін, қақпақ, люк, құбырлы торлар, 
фланцевый және резьбалық 
қосылыстар, 
қабырғалардағы кесінділерді беріктендірі және т.б.). 
Қондырғыны таңдау заттардың және ағынның физика-химиялық қасиеттерін, жекелеген 
аппараттардың технологиялық параметралерін және олардың тиімділігін ескере отырып жасалады. 
Бұл кезеңнің талаптарының спецификасына қарамастан, әрбір нақты жағдайда оның формасын 
машиналы жағдайға қолайлы етіп жасалуда. 
Іс жүзінде қондырғыны таңдау технологиялық сызбанұсқаны жасақтаудың ең бастапқы 
кезінде, процесті жүзеге асырудың тәсілін таңдау кезінде ақ, шешіле бастайды. Аппараттың 
құрылымы туралы мәліметті берген кезде ақ тек геометриялық өлшемдерімен ғана 
айрықшаланатын аппараттардың топтамасына таңдау жасалынады. Аппараттың ішіндегі 
ағындардың гидродинамикасы, ол аппараттың тиімділігі оның кұрылымдық ерекшеліктерімен 
анықталынады. Осы себепті қондырғыны таңдау кезеңі гидродинамикалық жағдайды, жылу- және 
массатасымалдану шарттарын, гидравликалық есептеулерді ескермей оқшауланған түрде 
қарастырылуы мүмкін емес. Әрқашан аппараттың геометриялық өлшемі өзгерген жағдайда 
есептеулерді қайталап шығарудың қажеттілігі туындайды, себебі оның тиімділігіне тікелей әсер 
беретін парметрлер өзгереді (мысалы, фазалардың қозғалыс жылдамдығы, ұзындықты бойын 
бойлау бағытында араластыру және т.с.с.).
Қондырғыны таңдаудың негізі болып типтік қондырғылардың ның стандартты ретін 
анықтайтын 
МЕМСТ 
немесе 
ведомствалық нормалдар
болып табылады. 
Жалпылай алып қарастырса қазіргі таңда энергияны сақтауышты химиялық өндірістерді құру 
келесі бағыттар бойынша жүргізілуде:
- мақсат етілген өнімді өндіру үшінде және энергияны үнемдеу тұрғысынан да қазіргі таңда жұмыс 
істеп жатқан өндірістерді оптимизациялау; 
- өндіріс сатысын іске асыру кезінде екіншілік энергоресурстарды рекуперациялаудың 
жүйесастыларын ендіруге дейін қолдануды ойластыра отырып дамытыла түскен жаңа 
технологиялық шешімдерді іздестіру
- Технологиялық сызбанұсқаның ішінде
 
энергияның шығарылатын көздері мен олардың 
ағындарының жинақталынуын тиімді де ұтымды біріктіру мақсатында үйлестірілген процестерді 
қолдану. 
Әрине тізбектелініп аталып өтілген мәселелердің тиімді де ұтымды болатын жалғыз ғана 
әдісін немесе тәсілін іздестіру қажет емес. Жекелеген процестерді тереңінен түсіну мен оларды 
зерттеу, технологиялық және аппаратуралық шешімдердің жетілдірілуі, жүйелік сараптау 
стратегиясын қолдануды және өндірісті толығымен және оның жекелеген сатыларын басқаруды 
автоматтандыру секілді мәселелерді жүзеге асыру түп нұсқасына келгенде жетілдірілген 
өндірістерді құруға ықпал етеді. 
Технологиялық сызбанұсқаның негізгі элементі реактор болып табылады. Өндіріліп 
шығарылатын өнімнің сапасы реактордың жетілдірілген түріне байланысты болады. Барлық 
реакторлар үшін жалпыламалық принциптер бар. Ол принциптер аппараттың құрылымымен 
ондағы жүзеге асып жатқан химиялық процестің негізгі заңдылықтарының арасындағы 
байланыстарға негіздемеленілеген.
Процестің периодтылығы немесе үздіксіз болуы, оның гидродинамикалық және жылулық 
режимдері, әсерлесуші заттардың физикалық қасиеттері реакциялық аппарттарды жіктеудің 
критерилері болып табылады.
Процесті ұйымдастырудың принциптері бойынша химиялық реакциялық аппараттар үш 
топқа бөлінеді: 
- үздіксіз әсер реакторы
- периодты әсер реакторы; 
- жартылай үздіксіз ( жартылай периодты) әсер реакторы. 
Гидродинамикалық режим бойынша келесі типтерге ажыратылады: 
- үздіксіз әсерді ығыстыру реакторы (ҮӘЫР) 


- үздіксіз әсерді араластыру реакторы (ҮӘАР) 
- аралық типті реактор (аралық гидродинамикалық режиммен). 
Реакторлар жұмысын жылу режимі бойынша келесі типтерге бөлінеді: 
- изотермиялық;
- адиабатиялық;
- политропикалық.
Төменде барлық көрсетілген реакторлар типі қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет