Кестеде химиялық машина жасауда қоспаланған болаттардың қолдану үлгілері келтірілген.
Шойын
Химиялық машина жасауда құрамына никель, хром, молибден, ванадий, титан, бор және т.б.
қоспалаушы элементтер кіретін қоспаланған шойындарды кең қолданады.
Шойындарды барлық қоспалаушылардың жиынтығына қарай үш топқа бөледі :
— аз қоспаланған — қоспалаушылар 3%-ға дейін;
— орташа қоспалланған — қоспалаушылар 3-тен 10%-ға дейін;
— жоғары қоспаланған — қоспалаушылар 10%-дан көп.
Қоспалау шойын сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді
және оған ерекше қасиет
қосады. Мысалы , никельді, хромды, молибденді, кремнийді енгізу шойынның химиялық беріктілігін және
қызуға төзімдігін жоғарылатады; (5-6%) мыс қосымшасы бар никельденген шойындар сілтілермен сенімді
жұмыс істейді; жоғары (30%-ға дейін Сг)
хромды шойындар азот, фосфор және сірке қышқылдарының,
сонымен қатар хлорлы қосылыстардың әрекетіне тұрақты, қосулардың; 4%-ға дейін молибден қосылған
шойын (антихлор) тұз қышқылының әрекетіне жақсы қарсы тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: