Дәріс №1 Тақырыптың аты: химиялық Өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру дәрістің мақсаты: Химиялық өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет31/39
Дата24.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#86259
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Изотермиялық реактор реакциялық көлемнің барлық бөлігінде температураның
тұрақтылығымен сипатталады. Мұндай реакторда жылуды әкелу немесе алып кету жылдамдығы 
заттың химиялық айналу процесіндегі бөлінген немесе сіңірілген жылу мөлшеріне қатаң 
пропорционал болуы шарт. Практикада осындай жылулық режиміне тек реакцияласатын заттарды 
толық араластыру жағдайында қол жеткізуге болады. Мысал ретінде изооктан алудағы қайнап 
тұрған қабат катализаторының реакторын айтуға болады. 
Адиабатикалық реактор. Мұндай реакторда қоршаған ортамен жылу алмасу мүлдем жоқ. 
Реакцияның барлық жылуы реакциялық көлемнің өзімен аккумуляцияланады. Адиабатикалық 
реакторда реакцияласатын заттардың аппаратқа енгенде және шыққандағы температураларының 
ең үлкен ауысуы орын алады, ол экзотермиялық процестер үшін өседі де, эндотермиялық үшін 
төмендейді. 
Адиабатикалық жылу режимінде жұмыс істейтін реакторларға этиленді тікелей 
гидратациялау мен бутиленді дегидратациялау процестерін жүргізуге арналған реакторлар мысал 
бола алады. 
Политропикалық реакторда (реакциялық көлемде температураның өзгеруі) жылулық
режим заттың химиялық айналу процесінің жылулық эффектісімен ғана емес, реакциялық
аппаратураның жылутехникалық және конструкциялық факторларымен де анықталынады. 
Реактор таңдауға ықпал ететін химиялық факторлар 
Химиялық факторларға химиялық реакция жылдамдығы, оның таңдамалылығы
(селективтілігі) және мақсатты өнімнің шығымы жатады. Бұл факторлар өндіріс шығындарына 
айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Әрине бұдан да басқа капиталдық салымдар мен эксплуатациялық, 
жұмысшы күшіне төлемақы төлеу, буға және электрэнергиялық т.с.с. шығындармен байланысты 
маңызды факторлар бар. Ақшалық сипатқа ие болмайтын еңбекті және қоршаған ортаны 
қорғаумен байланысты тағы бір маңызды фактор бар. Мысалы, жарылғыш заттардың өндірісінде 
қолданылатын кейбір нитрлеу реакцияларын орындағанда ығыстыру реакторларын қолданған 
технологиялық тұрғыдан тиімді, дегенмен температуралық режимді қадағалауға оңай 
болғандықтан араластыру реакторы қауіпсіздік талаптарын көбірек қанағаттандырады.
Осындай қосымшалық факторлар көбінесе тек қана процестің химиялық кинетикасы 
тұрғысынан қарастырғанда дұрыс деп анықталынған реактордан басқа өзгеше бір типті реакторды 
таңдаудың себебі болуы мүмкін. 
Әдетте кинетикалық факторлардың кейбіреуін қарастырғанда процестің кинетикалық 
факторларының өзара байланысын және реакторлардың негізгі типтерінің арасындағы


айырмашылықтарын сараптау мәліметтеріне негізделген теориялық түсініктер негізінде 
реактордың керекті типін таңдау мүмкіндігі болады. 
Әдебиеттер
Под. ред. Михайличенко А.И. Основы проектирования химических производств. – М.: ИКЦ 
«Академкнига», 2005. – 143-160 б. 
Дәріс №13 
 
Тақырыптың аты: ХИМИЯЛЫҚ МАШИНА ЖАСАУДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ МАТЕРИАЛДАР 

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Құрылымдық материалдардың түрлері (болат, щойын, түрлі-түсті металдар және олардың 
балқымалары, метал емес құрылымдық материалдар). 
2. Металдар мен балқымалардың коррозиясы

2.1 Коррозияның түрлері (электрохимиялық, химиялық). 
2.2 Коррозиялық бүлінудің түрлері (біртегіс (сплошная), бір орынды тұрғылықты (местная), 
ала-ала (пятнистая), жаралық (язвенная), нүктелік, беткі қабат астылық (подповерхностная), 
таңдамалық (избирательная), саңылаулық (щелевая). 
2.3 Коррозиямен күресудің тәсілдері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет