Дәріс №1 Тақырыптың аты: химиялық Өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру дәрістің мақсаты: Химиялық өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет4/39
Дата24.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#86259
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
ЛЕК. ТАСИБЕКОВ Х.С. ХТОВ ПРОЕКТ

Дәріс №2 
 
Тақырыптың аты: Химиялық өндірісті жобалаудың негізгі сатылары (этаптары) және 
ұйымдастыру. 
 
Қарастырылатын сұрақтар:
1.4 Химия өндірісінің ғимараттары мен қосымша құрылымдар (сооружения) жобалаудың негізгі 
принциптері
;
1.5 Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қатысты жобалық құжаттарды жасақтау:
- Экологиялық болжау; 
- Ауаның ластануына қатысты болжамды жасақтау; 
- Жер беткі және жер асты суларының жағдайларына қатысты болжам; 
- Ықтимал апат жағдайында нысанның әсерін болжау. 
1.4 Химия өндірісінің ғимараттары мен қосымша құрылымдар (сооружения) 
жобалаудың негізгі принциптері

Ғимараттар мен құрылымдардың көлемдік-жоспарлық және құрылыстық шешімдеріне әсер ететін 
спецификалық ерекшеліктер:
- жұмыс істеуші қызметкерлерге, құрылыстық құрылымдар мен материалдарға әсері әр түрлі болатын 
агрессивтік орталардың болуы; 
- локальдік немесе жалпыламалық сипаттарға ие токсинді бөлінділердің болуы; 
- ықтималдылығы жэоғары деңгейлі өрт және жарылыс қауіптілігі. 
Химиялық өндірісі ішкі және сыртқы кооперацияға негіздемеленілген болып келеді (шикізаттық және 
энергетикалық базаға байланысты болғандықтан). 
Химиялық өндірістерді химиялық емес өндірістермен бірыңғай өнеркәсіптік түйіндерге біріктіруге 
болады (комбинат). Бұл кезде жұмсалынатын жер телімінің көлемі 15-30 %-ға, автокөлік жолдарының 
ұзындығы 20-40 % - ға, әкімшілік ғимараттардың саны 2,0-2,5 есеге, яғни 200-250 %-ға кемиді. Тиімді. 
Негізгі және көмекші өндірістер кооперацияланады, құрылыстық параметрлер мен құрылымдар 
эконмдалынады және унификацияланылады. 
Кешенді игерудің технологиялық сызбасы тұрғызылады және жүзеге асырылады.
 
1.5 Қоршаған ортаны қорғау мәселесі бойынша жобалық құжаттарды жасақтау 
1.5.1 Экологиялық болжау 
Экологиялық болжау жобаланудағы нысанның құрылысы мен эксплуатациялануының, яғни 
меңзелінудегі шаруашылық тіршіліктерінің қоршаған ортаның құрамдас бөліктерімен әсерлесуіне 
алдын ала болжамдар жасау мақсатында жасалынады.
Экологиялық болжау үдерісі келесі реттілікпен жүзеге асырылады: 
1. Қоршаған орта параметрлеріне сараптама жасау. Бұл табиғи шарттарды, жобаланудағы 
нысанның жұмыс істеу жағдайында орналасуы және қазіргі жағдайда өзге де шаруашылық 
тіршіліктердің нәтижесіндегі технологиялық жүктемелерді бағалауды қамтиды.
2. Жобаланудағы нысанның меңзеліну мақсаты, эксплуатациялануына тән ерекшеліктерін, 
шығарылатын залалдаушы заттардың түрі мен олардың шығарылу жиілігін, құрылыс ауданында 
табиғи жағдайдағы шарттардың бұзылуының болжамды параметрлерін жән т.с.с. қоршаған ортаға 
әсер ету сипатын анықтау. 
3. Нысанның әсеріне душар болатын экологиялық жүйенің 
параметрлері
мен оның құрамдас 
бөліктерінің шекараларын анықтау (табиғи ортаның әрбір құрамдас бөлігіне ықпал ету жағдайын 
бағалау кезінде жасалынады). 


4. Жобаланудағы нысанмен әсерлесудегі табиғи құрамдас бөліктердің жеке дара 
маңыздылығын анықтау. 
5. Жобаланудағы нысанның қошаған ортамен әсерлесуінің болжамын жасақтау. 
Құрылысын жүргізу және оны эксплуатациялау кезінде өнеркәсіптік нысандар ортаның әр-
түрлі құрамдас бөліктеріне әсерін тигізеді. Олардың қатарына: 
а) құрылысқа жүргізуге бөлінген жер теліміндегі топырақ жамылғысының және жалпы 
территорияның көлемі бұзылады; 
б) жерді қазып ұңғымалар және суды қажетті бағытқа бұруға арналған бағыттағыштар салу 
нәтижесінде территорияның су режимінің бұзылуы жер беткі суларының жүру және жинақталу 
шарттарының өзгеруіне және ылғалмен қамтамасыз етіп тұрған табиғи көздерінде судың болмай 
қалу салдарынан территорияның құрғақшылыққа шалдығуы; 
в) Жер беткі және жер асты суларын нысанды сумен қамтамасыз ету үшін пайдалану; 
г) кәсіпорынның тастандыларымен және жасанды өзгерістерге ұшыраған жерлердің бетінен 
(карьерлар, хвостохранилищелар және т.б.) желдің әсерінен көтерілетін шаң-тозаңдармен ауа 
бассейінінің, территорияның және сулы ортаның заладануы; 
д) сулы нысандардың қолданыстан кейін лақтырылып шығарылған сулармен ластануы; 
е) қоршаған ортаның радиациялық заладануы; 
ж) ауаның және судың температураларының көтерілуіне алып келетін жылудың бөлінуі, 
мұздың қату және еру мерзімдерінің өзгеруі, тұмандардың түзілуі және т.с.с.; 
з) шуылдың, сәуленің, электромагниттік және т.б. физикалық әсерлердің іргелес маңайларда 
орналасқан территорияларға әсер етуі; 
и) өсімдік жамылғысының және жан-жануарлар әлемінің тіршілік ету орталарындағы табиғи 
шарттардың бұзылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет