Дәріс №1 Тақырыптың аты: химиялық Өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру дәрістің мақсаты: Химиялық өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет9/39
Дата24.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#86259
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Байланысты:
ЛЕК. ТАСИБЕКОВ Х.С. ХТОВ ПРОЕКТ

Дәріс №4 
 
Тақырыптың аты: Химиялық кәсіпорындардың генералдық жоспары. 
 
Қарастырылатын сұрақтар:
- Бас жоспар; 
- Техникалық жоба;
- Жалпыламалық анықтама парағы; 
- Бас жоба және транспорт. 
Бас жоспар - өнеркәсіптік кешеннің (жеке бір немесе бірнеше кәсіпорындардың тобы 
болатын болса да) (өнеркәсіптік түйін)) жобасының маңызды бір құрамдас бөлігі болып табылады. 
Бұл өнеркәсіптік кәсіпорындарды жоспарлау, олардың құрылысын жүргізу және 
абаттандыру
мәселелерінің кешенді шешімі (4-сурет). 
Өнеркәсіптік кәсіпорынның жобасы дегеніміз, кең ұғымда – бұл 
принципті 
негіздемесімен 
және жоспарланудағы кәсіпорынның макеттері мен құрал-саймандары келтірілген техникалық 
құжаттардың кешені. 
Жобаны құрау құрылысты жүргізудің орынды екендігін дәлелдейтін технико-экономикалық 
негіздемеден басталады. Негіздеме ғылыми және жобалау мекемелерімен нақты өнімнің белгілі 
бір түріне мұқтаждықтың бар екендігін зерттеу нәтижесінде даярланады. Осы жерде қаржылық 
салымдардың экономикалық тиімділігіне қатысты негізгі сұрақтар шешіледі, яғни құрылыс 
ауданы мен нүктесі, кәсіпорынның қуаттылығы мен оның құрамы анықталады, өнімнің түрлеріне, 
шикізатпен, энергиямен, кадрлармен қамтамасыз етудің тәсілдері мен қайнар көздері таңдалынып 
алынады, осымен қоса шикізатты және жаңашыл техниканы кешенді қолдану мәселелері шешімін 
табады. 
Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалау екі сатыда жүзеге асырылады: техникалық жобаны 
жасақтау және жұмыс сызбаларын даярлау немесе осы екі сатыны біріктіріп қосса – 
техножұмысшы жобасын даярлау (жұмысшы сызбалар келтірілген техникалық жоба).  
Техникалық жоба зауыт құрылысының қарастырылып отырған жерде және межеленген 
уақытта жүргізілуінің экономикалық тұрғыдан дұрыстығын анықтауы қажет, және де өндірісті 
және құрылысты бастапқы шикізаттармен, материялдармен, энергиямен, сумен және т.б. 
ресурстармен, құрылыс материялдарымен, құрамалармен қамтамасыз ету мәселелерінің 
сұрақтарының шешімін табуды; еңбектің жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін технологиялық 
процесті анықтауды; өндірісті басқарудың жүйесі мен оны ұйымдастыруды, кадрларға деген 
мұқтаждықты анықтауға тиісті.
Техникалық жобада құрылысты ұйымдастырудың реттілігі, жобаланудағы кәсіпорынның 
техника-экономикалық көрсеткіштері жасақталынады, және де құрылыстың құны анықталады, 
себебі мұндағы 
смета
, капиталды құрылысты жобалаудың және тапсырыс берушімен құрылыс 
мекемесінің арасындағы есеп айырысудың негізгі құжаты болып табылады. Техникалық жобаға 
келесі құрамдас бөліктер кіреді: жалпыламалық анықтама парағы, техника-экономикалық бөлім
бас жоспар және транспорт, «технологиялық процестерді автоматтандыру» тарауы бар 
технологиялық бөлім, еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйелері, құрылыс бөлімі, 
құрылысты ұйымдастыру, 
сметалық
және графикалық бөлім. 
Жалпыламалық анықтама парағында жобаның қысқаша мазмұны келтірілуі керек, негіздеме 
негізінде жобалық шешім қабылданған түрлі нұсқалар салғастырылады, жобаның барлық 
тарауларынан негізгі техникалық шешімдерге қатысты қысқаша мағлұматтар, жобаның негізгі 
технико-экономикалық көрсеткіштері келтіріледі. Жобаның қолданыстағы нормалар мен 
тәртіптерге сәйкестілігі және жасалынған келісімдер туралы мәліметтер келтіріледі. 
Техника-экономикалық бөлім негізгі бастапқы мәліметтер мен кәсіпорынның құрылысын 
жүргізудің орынды болатындығын және тиімділігіне қатысты техника-экономикалық есептеу 
нәтижелерін қамтиды.


Сурет 4. Химия өнеркәсібінің кәсіпорындарының бас жоспары 
Осы бөлімде келесі мәліметтер келтіріледі:
- өндірісті бастапқы шикізатпен қамтамасыз ету көздері мен тәсілдері және негізгі 
материалды ресурстармен қамтамасыз ету туралы мәліметтер;
- кәсіпорынның шикізаттық, отындық және энергетикалық 
базасының
сипаттамасы;
ӨНЕРКӘСІПТІК 
ТҮЙІННІҢ БАС 
ЖОСПАРЫ 
КОМБИНАТ 
ЖОСПАРЛА-
НУШЫ БЛОК 
ЗАУЫТ 
КВАРТАЛ 
ӨНДІРІС 
ЖОСПАРЛА-
НУШЫ ҰЯШЫҚ
ЖЕЛІ 
ҒИМАРАТ,
ҚҰРҰЛЫМ 
ҚОНДЫРҒЫ 
ҒИМАРАТ-ТЫҢ 
СЕКЦИЯСЫ, 
ҚҰРҰЛЫМ 
АГРЕГАТ 
ҚҰРҰЛЫМ-ДЫҚ 
ЭЛЕМЕНТ 
АППАРАТ 


- өндірістік байланысы мен киілісу мүмкіндіктері көрсетіледі;
- кәсіпорынның жұмысшылардың негізгі категорияларына және инженерлі-техникалық 
қызметкерлерге деген мұқтаждығы негіздемеленіледі және осы мұқтаждықты қамтамасыз ету көзі 
туралы мәліметтер;
- кәсіпорынның қаржылай салымдары мен негізгі қорларына сараптама беріледі;
- дәл осындай өнім өндіруші алдыңғы қатардағы кәсіпорындардың дәл сол секілді негізгі 
технико-экономикалық көрсеткіштерімен (ТЭК) (еңбектің өнімділігі, өндірісті мехнизациялау 
және автоматизациялау деңгейі, өнімнің өзіндік құны, өзін-өзі өтеуі т.б.) салыстыра отырып 
өндірістің негізгі ТЭК көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет