Бас жоба және транспорт жоспарланған шешімдердің транспорттық ағымдардың және
транспорт түрлерін таңдау
негіздемелерін; вертикальді жоспарлау және кәсіпорын территориясын
абаттандыру
сұрақтарын шешуді, жауын-шашын тосындарын, инженерлік және коммуникация
тізбектерін жасауды; кәсіпорынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды; азаматтық
қорғаныс шараларын және сыртқы транспорттық байланыстарын ұйымдастыруды қамтиды.
Жобаның технологиялық бөлімі (Технологиялық регламент) бірнеше тарау астыларынан
тұрады:
а) Өндіріс технологиясында өндірістің жалпы сипаттамасы, оның технико-экономикалық
деңгейі және негізгі техникалық шешімдердің негіздемесі келтіріледі; өндірілетін өнімнің,
бастапқы шикізаттың, материалдар мен жартылай өнімдердің сипаттамасы; технологиялық
процестердің физика-химиялық негізі; өндірістің технологиялық сызбанұсқасын таңдау және оған
негіздеме беру; технологиялық процесті сипаттау және сызбанұсқалар; материалдық баланс;
өндіріс тастандыларының түзүлуінің жылдық нормасы; технологиялық режимнің нормасы;
өндірісті бақылау және технологиялық процесті басқару; құрал-саймандарды, қондырғыларды
құрастыру; қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы шаралар, өндірістік санитария және еңбекті қорғау;
қоршаған ортаны қорғау; өндірісті ұйымдастыру және оның экономикасы келтіріледі.
б) Технологиялық процестерді автоматтандыруда автоматтандыру ісі жобаланып жатқан
өндірістік процестердің тізімін; автоматты басқарудың, дистанционды және жергілікті
бақылаудың, дабылқаққыштандырудың сызбанұсқасы мен негіздемесін; қондырғылар мен
материалдарға қатысты тапсырмалы
спецификациялармен
тапсырыстық
ведомосттерді
ң тізімі
келтіріледі.
в)
Электрқамтамасыз
ету
және
электрқондырғылар.
Бұл
тарауастыларында
электрэнергияларды тұтынушылардың бекітілген қуаттылығы туралы мәліметтер келтіріледі;
қабылданып жатқан электрэнергиялардың көздерінің, кернеулерінің, тармақтағыш және
трансформаторлы подстанциялардың
негіздемесі туралы мәліметтерді қамтиды. Бұл жерде ауа
және кабельді электртасымалдаушылардың желілерінің саны мен типі, ғимараттың табиғи электр
көзінен қорғаныстылығы, басты желіден алатын элекрқұралдар, электрлік жарықтандырудың
мәселесі анықталынады, және де, негізгі материялдар мен құрал-саймандарға тапсырмалы
спецификация мен тапсырыстық
ведомосттар
беріледі.
г) Жылу жүйелері. Бұл тарауастында жылу және қамтамасыз ету көздерін тұтынушылар
туралы бастапқы мәліметтер, жылу тармақтарының сызбанұсқасы мен жүйесін сипаттау және
негіздемелеу, негізгі құралдарды таңдау мәселесі, жылу жүйелерінің құрылымдық шешімдері
және трассалары және де негізгі материалдар мен құрал-саймандарға деген тапсырмалы
спецификация
мен тапсырыс
ведомосттері
келтіріледі.
Әдебиеттер: Под. ред. А.И.Михайличенко Основы проектирования химических производств. – М.: ИКЦ
«Академкнига», 2005. – 33 - 37 б.