Денсаулық Адамгершілік Қабілет
Бұл міндеттерді шешу балалар іс – әрекетін дамытуға мүмкіндік береді. Іс –әрекет кезінде қарым - қатынас,салауатты өмір арқылы тәрбиеші дене және рухани адамгершілік тәрбиені қалыптастырып, әрбір тұлғаның дамуына мүмкіндік береді.
Тәрбиеші
Іс – әрекет Тұрмыс Қарым – қатынас Тұлға
Денсаулық Адамгершілік Қабілет
Н.Е. Щуркованың тәрбие жұмысын жоспарлау тұжырымдамасы мәдениеттану, ұйымдастырушылық іс-әрекет құндылықтарына негізделеді.Тәрбиелеу мақсаты – салауатты өмір құра алатын жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу. Тәрбиенің міндеттері педагогтың оқушылармен біріккен қарым – қатынасы, іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
Н.Е.Щуркова оқушылар іс-әрекетінің әртүрлі түрлері мен формасын ұсынады: танымдық, шығармашылық, еңбек, бағалық құндылықтар, көркемөнер, спорттық сауықтыру, қарым – қатынас, т.б. бұл теориялық алғы шарттар мектептегі, сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлаудың негізіне алынған. Жоспарлау – мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің кәсіби іс
әрекетінің негізгі құрамды бөлігі және мектеп өмірін қызықты, маңызды шығармашылық бағытта жүргізуге арналан мақсат – міндеттерді ата – аналар мен оқушылар, мұғалімдердің берлесіп шешуі.
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары - міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.Тәрбие қиын да күрделі үдеріс. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие үдерісінде көп қиыншылықтар туады.
Жоспар – тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды.Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат – міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін, т.б. қасиетерін байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары обьективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізуге болады.
Жоспар – ұжымдық еңбектің жемісі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлау барысында, оған оқушыларды қатыстыруы міндетті. Жоспарлау барысында оған балаларды тарту оның нақтылығын, мектеп пен оқушылар өмірін тығыз байланыстыруға, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметін нәтижелі ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Тәрбиедегі даналықтың бір белгісі – бала болашағын оның өзімен бірге шешу.Бұл – педагогикалық тағылым.Әрбір баланың өзі сүйетін істері болады. Біреуі сурет салуға, екіншісі ойын– сауықты, үшіншісі спортты,т.б. ұйымдастыру ісіне ыңғайлы болады.
Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға, ертеңінің негізін қалауға көмектеседі.
Тәрбие жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық зертханасы. Жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес.Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру одан да қиындық туғызады. Мұндай жағдай сынып жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегі принциптер жиынтығын ескеруі керек:
Мақсат
Оқушылардың жас ерекшеліктері
Сынып ұжымының қызығушылығы
Жоспарланатын істің жүйелілігі
Әртүрлі әдістер мен формаларды қолдану
Жоспарлаудың шығармашылық сипаты
Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлауда оқушылар қатыстырылып және әр түрлі формада іске асырылуы қажет. Мысалы: «Пайдалы істер барлауы», «Ақыл - ойға шабуыл»,
«Пайдалы істер аукционы» т.б.
Ата - аналар ұжымы жоспарлауға қатыстырылып, балалармен бірге өткізілетін іс - шараларды ойластырады.
1 - кесте
Достарыңызбен бөлісу: |