Дәріс №1. Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі



бет11/42
Дата25.03.2022
өлшемі411,32 Kb.
#28757
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Байланысты:
ТМВР дарис

Бекітуге арналған сұрақтар


  1. Педагогикалық қолдаудың мәні неде?

  2. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары қандай?


Дәріс №4 Тәрбие технологиясы-тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элементі.


Жоспары:

    1. Педагогикалық технологиялардың жалпы сипаттамасы

    2. Тәрбие үдерісіне технологиялық әдіс - тәсілдерді пайдалану

Мақсаты: Педагогикалық технологиялар, тәрбие технологиялары оның әдіс-тәсілдері туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Глоссарий:



Педагогикалық технология – ғылыми жобаланған және педагогикалық үдерістің жетістігін қамтамасыз ететін іс – әрекет немесе алдын - ала жобаланған жоспарлы және бірізді педагогикалық үдерісті жүзеге асыратын педагогикалық технологияны – педагогикалық мақсатты шешуге арналған бірімен – бірі тығыз байланысты педагогтың әрекет жүйесі деп түсінуге болады.

Тәрбие технологиясы - үдерістегі жекелеген педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталған әдістер жүйесі; ұжымдық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру тәсілі; оқушылармен байланыс орнату тәсілі; педагогикалық диагностика тәсілі.

Әдебиеттер:



  1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. –Алматы: Дарын, 2004.

  2. ӘбиевЖ., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы. - Алматы, 2004.

  3. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. –Алматы: Мектеп, 1987.

  4. Педагогическое мастерство и педагогические технологии /Под ред. Л.К.Гребенкиной, Л.А. Байковой. – М., 2000г.

  5. Сластенин В.А. Методика воспитательной работы. – учебное пособие, Москва, 2008.

  6. Тәжібаева С.Ғ. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. – Алматы, 2013.

Педагогикалық технология – алдын – ала жобаланған оқу - тәрбие үдерісін жүйелі және ретімен тәжірибеге енгізу.

Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.

Кезінде оны Я.А.Коменский де дәріптеген. Ұлы педагог – ғұлама 16 -ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нәтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нәрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дәл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек» делінген. Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз әрекеттегі механизмге сәйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Әсіресе, техникалық прогрестің әрқилы теориялық және практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я.Гальперин,

Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский және т.б.).

Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:



  • қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пән әдістемелік, бөлімдік (модульдік);

  • философиялық негізі: ғылыми және діни, гуманистік және әміршіл-әкімшіл (авторитарлы);

  • тәжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы); іс-әрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;

  • тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік және дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-әрекеттік (оперативті- ақыл-ой әрекеттері әдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тәжірибелік әрекеттер қалыптастыру).

  • Дәстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы іс-әрекетінің белсенділігін көтеру және жеделдестіру технологиясы; мұғалім және оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология және т.б.

Оқудың педагогикалық технологиялары сипаттамасы

Оқудың дәстүрлі (қайта жасау - репродуктивті) технологиясы білім, ептілік және дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған (әсіресе орта мектепте). Оның мәні: жаңаны игерту–бекіту– қадағалау–бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін және оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама (парадигма) алынады. Осыған орай оқу- оқытудың басты әдістері ретінде 1) көрнекілік және онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-әрекеттері түрлеріне – тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап және тиімділіктің негізгі көрсеткішіне – игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері – түсіндіру, әрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау және реттеу, түзету.

Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар – үнемділігі, күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тәрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа әдіс –тәсілдерін пайдалануға икемді келуі.

Дамытушы оқу технологиясы мектеп тәжірибесіне енген оқу іс-әрекеттері арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский, Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин және т.б.).

Ғалымдар дәлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мәні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос –жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, әсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу және тәрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.

Зерттеулер нәтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дәлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану – басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, әрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бәсеңдейді.

Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны және оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, әрі тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.

Дамытушы технология талаптарының және бірі – оқу ілгерілі және жедел қарқында жүреді. Өткендерді жиі әрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі- іс- әрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді (Д.Б.Эльконин).

Дамытушы технология идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің әрқилы жағдайларында оқушылардың қажет болғанды өзінше танып, содан өздігінен жауап әрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді. Жауап әрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз әрекеттерін сезінуі мен түсінуі, оқу іс-әрекеттерінің тәсіл, әдістерін өзінше байқап, тануы.

Бағдарламаластырылған оқу технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқу процесінің басқару жүйесін жақсарту (П.Я.Гальперин, Л.Н. Ланда, А.М. Матюшкин және т.б.).

БОТ бастауын берген американдық психологтар мен дидакттар (Н.Краудер, Б.Скиннер, С.Пресси).

БОТ – бұл арнайы жабдықтар, бағдарламаластырылған оқулық, ерекше оқу- машинасы, ЭВМ және т.б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама бойынша орындалатын өзіндік жеке-дара оқу технологиясы. Бұл технология әрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңгейі және т.б.) оқуына мүмкіндік береді.

БОТ-ның өзіне тән сипат белгілері:


  • оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі;

  • әр бөлшекті игеруге арналған нақты әрекеттерді орындау нұсқаулары жүйесінің берілуі;

  • әр бөлшек игерілуінің тексерілуі;

  • қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалуымен оқушы материалдың ендігі жаңа бөлшегін алып, келесі оқу қадамын іске асыруға өтуі;

  • дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек түсініктемелерін

алуы;

  • қадағалау тапсырмаларының нәтижесі хатталып, оқушының өзіне де (ішкі кері

байланыс), педагогқа да (сырттай кері байланыс) белгілі болуы.

Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-әрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік және дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы және басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов және т.б.).

Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады және оның шешу әдіс-тәсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен әдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тәсілдерін белгілейді әрі талқылайды, дәйектейді, нәтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дәлелдейді.

Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, ептілік және дағдылар жүйесін меңгеруге жәрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нәтижесінің бекінуін қамтамасыз етеді. Кемшілігі: жоспарланған нәтижеге жету көп уақытты талап етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс- әрекеттерін жүйелі басқару қиын.

Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дәстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мәні - оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жәрдемімен) жетеді (П.Юцявичене, Т.И.Шамова). Модуль – мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел).

Модуль құрамы: әрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа жетудің әдістемелік көрсетпелері.

Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, әдістері мен олардың игерілу деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сәйкес меңгеріледі.

Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға оқу әрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына жәрдемдеседі.

Модульдік оқу дәстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын тауып, оның сапасын жақсартуға және тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал.

Шоғырластырылған (концентрлі) оқу технологиясы педагогикада ежелден танымал пәнге шомдыру әдісіне негізделген (П.Блонский, В.Ф.Шаталов, М.П.Щетинин және т.б.).

Бұл технология жақтастарының пікірі: оқудың дәстүрлі сынып-сабақтық жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға сәйкес берілетін оқу мазмұны бөлім, тақырып, параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына шартты дербестенген ауқымда ұсынылады. Осыдан оқушылардың жеке пәндерден алатын білім, ептілік, дағдылары жай қалыптасады. Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен, оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы кемиді. Бір дәрістің екіншісінен алшақты болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне ұмытылады. Пәндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне тереңдеп ене алмайды. Бір пәннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт сарп етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, сонымен әр өткен сабақ өз құндылықтарын жойып барады. Әр дәріс оқушы үшін – жаңа жүктеме, мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сәйкес бала икемделіп, оқу іс-әрекеттерін орындауы шарт. Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай шаруа емес.

Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не аптаға межеленіп, қатар өтілетін пәндер саны кемітіледі. Мұндай технология оқу-оқыту процесін адам қабылдауының табиғи психологиялық ерекшеліктеріне жақындастыра түседі. Сабақта игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт аралығында оқушы басқаларына алаңдамай, тек сол пәнмен ғана шұғылданып, толық шомуы қажет.

Қашықтан оқу технологиясы бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар және интернет жәрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бәріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады (әсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден қалғандарға, т.с.с.).

Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: әр деңгейлі оқу, толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) және т.б.

Педагогикалық технология – ғылыми жобаланған және педагогикалық үдерістің жетістігін қамтамасыз ететін іс – әрекет.

Жаңа педагогикалық технологиялар - білімнің, тәрбиенің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Ақпараттық технолгияға компютерлік оқыту технологиясы жатады. Қарым - қатынас технологиясы-педагогикалық процесті жүзеге асыру үшін педагогикалық міндетті шешуге екі субьект (педагог пен тәрбиеленуші) қатысады.

Педагогикалық технология ұғымы, арнаулы технологиялық бағыт XXғ. 60 – шы жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.

Қазіргі педагогикалық технологияны жүйелеумен шұғылданған – Т.К.Селевко. Тәрбиелеу үрдісіне технологиялық әдіс - тәсілдерді пайдалану.

Білім беру мақсатын жүзеге асыру жағдайында педагогикалық тәрбиелеу үдерісі - педагогтар мен тәрбиеленушілердің арнайы ұйымдастырылған іс - әрекетін қарастыратын күрделі үдеріс. Тәрбиелеуде белгілі бір жетістікке жетуде тәрбиенушілер мен педагогтардың арасындағы қатынас маңызды рөл атқарады және оған көптеген факторлардың да әсері бар. Соған сәйкес тәрбиелеу технологиясы, нақты тәрбиелеу мақсатына тиімді жолмен жететін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің арасындағы қатынасты белгілейтін, ғылыми негізделген тәсілдер мен әдістерінің жүйесін қамтитын, біріккен іс – әрекет моделінің барлық бөліктерінде ойластырылған технология деп анықтама беруге болады. Тәрбиелеу технологиясының тиімділігі көп жағдайда олар жүзеге асыратын педагогикалық жағдайға тәуелді. Н.Е. Щуркованың пікірі бойынша, ол тәрбиелеу технологиясының жетістіктерін анықтайды.Тәрбиелеу технологиясының жетістігін анықтайтын педагогикалық амалдарға, алдымен, педагогтардың жеке ерекшеліктерін жатқызуға болады. Олар: педагог тұлғасының ерекшелігі – білімдарлық, оның мәдениеті, ізденімпаздығы және ынтасы. Сонымен бірге оның тәрбие үрдісінің заңдылықтарын, балалар психологиясы жөніндегі терең білімінің болуы диагностикалау әдістерін және т.б. білуі тиіс.

Материалдық жағдай тәрбиелеу технологиясының табыстылығын қамтамасыз ету тұрғысында аз рөл атқармайды.

Тәрбиелеу технологиясының сипаты оның балаға деген қатынастарына тәуелді. Олар технологияның ынтымақтастық, еркін тәрбиелеу, авторитарлық немесе бағдарлы типтерін анықтайды (Г.К.Селевко). Тәрбиелеу технологиясын құру да оқыту технологиясындағыдай болады, нақты және соңғы күтілетін нәтижелер, тұжырымдалатын мақсаттар қойылады. Тәрбие технологиясын құруға қойылатын мақсаттар нақты, тұлғаға бағдарланған және тәрбиелеу үдерісінің заңдылықтарын барынша бейнелегенде ғана, күтілетін нәтижелер оң көрініс бере алады.

Педагог тәрбиелеу технологиясын құру үдерсінде, диагностикаланатын мақсатты қоюда бірқатар маңызды мәселелерге жауап беруі тиіс. Оқушыға қандай құндылықтарды, мағыналы нәрселерді беру қажеттілігін нақты қарастыру қажет. Берілген технологияны жүзеге асыруда қандай нақты біліктер, дағдылар немесе тұлғалық қасиеттер қалыптастырылуы тиіс т.с.с.

Тәрбиелеу технологиясының мазмұндық компоненті оның ақпараттықтылығына, дамытушылығына, дәстүрлілігі немесе тұлғаға бағдарланғандығына, өнімділігіне немесе өнімсіздігіне байланысты болады.

Н.Е. Щуркованың пікірі бойынша, технология талаптары - тәрбиеленушінің өзіне қажетті дамытушы іс-әрекеттермен айналысуын, балалар мен тәрбиеленушілердің арасындағы қарым-қатынастың өз деңгейінде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Педагогтың талаптарын орындау оқушылар үшін жеңілдей түседі, олар бұл талаптарды педагогтың өзі ойластырғандай етіп емес, қоғам қажеттіліктері мен құндылықтарынан туындаған жалпы адами не қоғамдық нормалар сипатында қабылдайды.

Технология тәрбиеленушілерге сыйластықпен қарауды жүзеге асыратын құрал ретінде қабылданады, тиімді жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы формада жүзеге асырылады.

1 – кесте



Этикет

Мажор

Педагогикалық такт

Адамдардың бойындағы

оңды қасиеттерге сүйену



Қызықты танымдық іс - әрекеттер

Балаларға сыйластықпен қарау

принципін іске асыратын ережелер



Балаларға сыйластықпен қарау принципін

талқылау түрінде де жүзеге асыру (дискуссия)



  1. Педагогикалық талап жүйелі түрде аяғына дейін жеткізілуі тиіс.

  2. Педагогикалық талап позитивті сипатта болуы тиіс.

  3. Педагогикалық талап нұсқау сипатында да болуы мүмкін.

  4. Педагогикалық талап баланың даму кезеңіне қарай ыңғайлы болуы тиіс.

Әрбір баланың дамуы үшін үнемі қамқорлық жасау.

Балалардың тәжірибесіздігі мен жеке ерекшеліктерін ескеру.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет