Дәріс №1. Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Мұғалім, оқушы, ата – ана іс - әрекетін бірлестіретін шаралар



бет16/42
Дата25.03.2022
өлшемі411,32 Kb.
#28757
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42

Мұғалім, оқушы, ата – ана іс - әрекетін бірлестіретін шаралар





Ата – ана іс - әрекеті

Педагог - тәрбиешілердің іс -

әрекеті


Оқушылардың

іс - әрекеті



Ата – аналар комитеті төмендегі мәселе

бойынша (сауалнама) сұрау жүргізеді:



  1. Педагогикалық білім берудің қандай формасын қалар едіңіз?

  2. Сыныптағы қандай іс – шараларға қатысқыңыз келеді?

  1. Педагогикалық – психологиялық әдебиеттерді, ұсыныстарды, алдыңғы қатарлы озат тәжірибелерді зерттеу, мектептің жоспарымен танысу.

  2. Педагогикалық

диагностика жүргізу.

  1. Сынып ұжымына сипаттама беру.

  1. Мектептің жоспарымен танысу.

  2. «Пайдалы іс барлауы» (бастауыш сынып оқушылары).

  3. «Ақыл –ойға шабуыл»

  4. «Пайдалы істер аукционы»

(жоғары сынып оқушылары)




  1. Тәрбие жұмысының мақсатын айқындау.

  2. Тәрбиелік іс –әрекеттердің формаларын таңдау.



Тәрбие жоспары жарты жылға немесе бір жылға арнап жасалады. Тәрбие жоспарының құрылымы:



  1. Сынып ұжымына сипаттама.

    • Сыныптың құрамына жалпы мінездеме.

(оқушылар саны, ұлы- қызы, олардың денсаулығы, тәрбиелену деңгейі, қызығушылығы, факультатив, үйірмелерге, секцияларға қатысымы, ата-аналардың білім деңгейі, қөп балалы отбасы, толық емес және педагогтың көмегін қажет ететін отбасылар т.б.)

    • Сыныптың ұйымшылдығы (сынып ұжымының қай даму кезеңінде, сынып белсенділері, өздерін – өздері басқаруы, әр түрлі іс – әрекеттерді өз беттерімен орындауы);

    • Сынып ұжымының жалпы мектептік ұжымымен байланысы (мектепішілік шараларға,қоғамдық жұмыстарға қатынас)

  1. Тәрбиелік міндеттер.

  2. Сынып ұжымының өмірлік іс - әрекеттері.

  3. Ата-аналармен жұмыс.

  4. Жеке оқушылармен жұмыс.

Тәрбие жұмысын жоспарлауда сол білім мекемесінің ерекшелігін, тәрбие міндеттерін, мазмұнын, әдістерін, формаларын, оқушылар мен ұжымның тәрбиелік деңгейін ескеруі қажет.

Жоспарға қойылатын талаптар:



  1. Жоспар қоғам талабына, мақсатына сәйкес құрылуы керек

  2. Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын, нақты болуы шарт.

  3. Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсаттарымен бірлікте болуы қажет.

  4. Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.

  5. Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсаттарымен бірлікте болуы қажет.

  6. Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.

  7. Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, сапасымен анықталатын болсын.

  8. Тәрбиелік шараларды атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әр тарапта және әр жақты болуын ескеру керек.

  9. Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын, олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.

  10. Жоспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.

Сынып жетекшісінің перспективалық және күнделікті тәрбие жоспары болады. Перспективалық жоспардың негізінде аптаға, тоқсанға арналған жұмыс жоспары жасалады. Апталық жоспар тұрақты. Мысалы: Дүйсенбі – кітаппен жұмыс. Сейсенбі –жаңалықтар хабарламасы.Сейсенбі – серуен, ойын, жорық. Бейсенбі – еңбек күні.Жұма– сынып сағаты. Нақты жоспар негізінде балалар белгілі тәртіпке үйренеді, ертең, арғы күні не болатынын біледі.Алайда жұмыс мазмұны өзгертіліп отырады.

Перспективалық жоспарды түрлі бағытта жасауға болады:



    1. Сынып оқушыларына мінездеме.

    2. Тәрбиелік міндеттер.

    3. Саяси мәдениетін қалыптастыру.

    4. Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

    5. Ұлттық мінез – құлық пен әдет – ғұрпын негізінде тәрбиелеу.

    6. Халықтық салт – дәстүр негізінде тәрбиелеу.

    7. Білім алуға саналы көзқарасын қалыптастыру.

    8. Өз еліне, ата – мекеніне сүйіспеншілік және халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу.

    9. Еңбекке, іскерлікке баулу.

    10. Әсемдікке тәрбиелеу.

    11. Дене тәрбиесін жетілдіру, гигиеналық тәрбие.

    12. Экологиялық және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет