Дәріс №1. Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі



бет7/42
Дата25.03.2022
өлшемі411,32 Kb.
#28757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42

Шетелдік тәрбие жүйелері.


Вальдорф мектептері ХХ ғасырдың басынан бастап таныла бастады. Басты идеясы адам үш әлемнің бейнесі, физикалық дененің, рухани дененің және жанның бірлігі деп қарайтын антропософ іліміне сәйкес, осы мектептің негізін салушы Рудольф Штейнер бала тұлғасының қалыптасуын және оның физикалық және психикалық дамуымен, табиғатпен және қоршаған ортамен үндестікте жүзеге асыратын мектеп ашуға ұмтылды. Вальдорф мектептері бір уақытта адамның денесін, интеллектін және мінез-құлқын дамытуды көздейді. Мұндағы басты принцип-еркіндік. Сонымен бірге еркіндіктің астарында міндетті жауапкершілік жатады. Мұндай мектептер жаңа типті әлеуметтік организм - еркін адамдардың қандай да болмасын басқару ұйымдарынан тәуелсіз одағы. Мектепте директор болмайды. Маңызды мәселелерді шешуге қандай да болмасын нақты бір мектеп ашуға белсенділік танытатын ата-аналар шақырылады. Вальдорф мектептерінде жалпы әдістеме, нақты оқу жоспары мен оқулықтар жоқ. Мұғалімдер оқу процесінің мазмұнын, формасын, әдістерін өздері таңдайды. Бұл мектепте тәрбиеленушілерді табиғаттағы барлық тірі нәрсені қабылдауды үйретеді. Оқушылар жермен міндетті түрде жұмыс істеуі қажет. Ол ең болмағанда бір рет астық себуден нан пісіруге дейінгі нәтижесін көру екендігі бейнеленген.

Вальдороф мектебіндегі мұғалімдер – эрудициялы, жоғары дайындықтан өткен мұғалімдер.

Вальдороф педагогикасында тұлғаны дамытудың өзегі – мәдениет (дін, фольклор, музыка, өнердің бейнелеу түрі, театр, т.б.).

Жалпы қамқорлық тәрбие жүйесі. XX ғасырдың 50 – жылдарының аяғында ленинградтық ғалым И.П. Иванов жалпы қамқорлық идеясын ұсынды. Бұл идеяға сәйкес тәрбие жүйесінің негізін құруға балалардың және олардың тәрбиешілерінің іс-әрекеттерінің әлеуметтік пайдалы бағыттылығы, балалар мен үлкен адамдардың ынтымақтастығы, іс- әрекеттің көп рөлді сипаты және ондағы романтизим, шығармашылық сияқты принциптер алынған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет