Педагогикалық қолдау - педагогтың қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасын бейнелеп көрсететін миссиясы. Педагогикалық қолдаудың мәні- оқушының ішкі күші мен қаблетіне қарауға негізделген тұлғаның субъективтілігін қалыптастыру.
Әдебиеттер:
Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: Дарын, 2004.
Газман О.С. Воспитание и педагогическая поддержка детей в образовании.М., 1996.
Губашева С., Отарбай А. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Оқулық. - Астана, 2011.
Иманбекова Б.И. Тәрбиеге жетекші. –Алматы, 2004.
Кукушин В.И. Теория и методика воспитания. – М.: Издательский центр «Академия», 2002.
Сластенин В.А. Методика воспитательной работы. – учебное пособие, Москва, 2008.
Шолпанкулова Г.К. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» курсы бойынша практикум. - Алматы: Абай атындағы Қаз ҰПУ «Ұлағат» баспасы, 2013.
Педагогикалық қолдау негізінің насихаттаушысы және әзірлеушісі Олег Семенович Газман болып табылады – танымал педагог, тәрбие саласындағы ірі теоретик және тәжірибеші, еркін педагогика және педагогикалық қолдау тұжырымдамасының авторы. Педагогикалық қолдау – оқушымен бірлесіп оның қызығушылықтарын, мақсаттарын, мүмкіндіктерін және оған адамгершілік қасиетті сақтауға, өзін - өзі ұйымдастыруда позитивті нәтижеге қол жеткізуге кедергі жасайтын мәселелерді жеңу жолдарын анықтау.
Тәрбие үдерісінің нәтижелілігі көбіне оған болған педагогикалық қолдаудың дұрыс ұйымдастырылуына тәуелді. Мұндай қолдау бүгінгі таңда төмендегідей қарастырылады:
нақты адамға оның денсаулығы мен психикалық қалпына, оқуына, тұрмыстық әрі кәсіби бой тіктеуіне кедергілердің алдын алу және нақты іс-әрекеттік көмек көрсету;
адамның жеке басы ерекшеліктерінің орнығу процесін қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық қызметтер;
ауытқуға бейім қылық-әрекет қиыншылықтарын жеңуге бағытталған ықпалдасты әрекеттердің ерекше түрі;
келеңсіз мінез әрекеттеріне бейім жас өспірімге нақты жекеленген жәрдем беру;
баланы басшылықты жетекке алу;
тәлім-тәрбие мекемесінің педагогикалық қолдау проблемасын өзінің өмірлік принципіне айналдыруы;
балалардың өзін-өзі тану шартына айналып, оқу мен тәрбие шеңберін үйлестіруге бағытталған мұғалім мен оқушы ықпалдастығын күшейте түсу.
Педагогикалық қолдау – бұл: а) тәрбиеленуші сенімінен шығу; б) көбіне педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тәрбиеленушілерге қол ұшы жәрдемін беріп, қолдап-қуаттау.
Оқытудың мәні - әлем туралы білім, тәрбие мәні - әлеуметті және мәдениетті құндылықтар, адамгершілік нормалар мен қатынас екенін біз білеміз. Педагогикалық қолдаудың мәні – тұлғалық таңдау, өзін - өзі табу. Педагогикалық қолдау
инттелектуалдық дарындылықты қолдаудан (оқуға, талдауға, сынға қабілеттілік);
шығармашылық дарындылықты қолдаудан;
қабілетті айқындау мен дамытудан;
қауіпті топтағы балаларды қолдаудан тұрады.
«Бала жақсы оқу үшін, оның оқу үлгерімі жақсы болу тиіс. Бірақ бұл парадокста педагогикалық істің маңыздылығы бар. Оқуға деген қызығушылық тек табыстан туған шабыт бар жерде ғана болады», - деген ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Табыс – оқытудың ең маңызды және әсерлі дәлелі. Әр оқушы мұғалімдермен және ата – аналармен қолдаулы болу тиіс. Тек ынтымақтастық пен әсерлі қолайлық табысқа сенімділік береді.
Соңғы кезде «қолдау» атты сөз заманауи қоғамдағы балалардың білім мәселелеріне байланысты ескеріледі:
Мектептің тәрбие институты ретінде мәртебесі түседі, бұл жоспарда ол ата – аналармен балалардың әлеуметтік күтімді ақтамайды, осыдан білімге бағытталған мектептің талаптары мен қабілетінің қайшылығы пайда болады;
Балалардың интеллектуалды қабаттануы, жеке балалардың қолайсыздығы және өзін
өзі бекіту, өзін - өзі білдіру, өзін - өзі дамыту барлық балалар үшін қалыптастырудың қажеттілігі;
Педагогтардың балалар оқу жетістіктерінің және интеллектуалды еңбек адамдар жағдайының талаптар арасында;
Отбасының тәрбие әуелетінің оқу маңыздылығы және отбасы «жабуының» күшейуі арасында, оның мектеппен ынтымақтастықта болмауы;
Отбасындағы білім және педагогтар мен ата – аналарға арналған жаңа тәрбиелік мәселелер арасында.
Педагогикалық қолдау мәні: жайма-шуақ психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға және ұтымды нәтижеге жету жолындағы кедергілерді бірлікті жеңіп бару; «жәрдем бер» деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық ықылас- ниетке мұқтаж болғанның бәріне көмек көрсету; әрқандай тәрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген тәрбиеленуші проблемаларын өз назарында ұстай білуі; тәрбиешінің кәсіби деңгейінің жоғары болуы.
Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – жылы лебіз; құлақ сала білу, қажет болса – кеңес беру; тәрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тәрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы; шәкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруден жалықпау және т.б.
Педагогикалық қолдау 1) тәрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген қамқорлық пен сенім қатынасында көрінумен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізеді; 2) жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тәрбиелілігіне, өз басы проблемаларын шешуге жәрдем көрсетіп, азаматтың өзгерістерін диагностикалап баруға мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудың мазмұны – адамды алда көздеген нәтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды. Мұндай кедергілердің түрі:
субъектив (тұлғалық) «Мен» - кедергілер: өз бетінше дербес шешім қабылдауға қажет ақпараттың болмауы (ақпарат толықса, кедергі сол бойда жойылады); адамның қосымша еңбектенуінің қажеттігі (қол ұшы жәрдем беріп, ынтасын көтеру); тұлғаны күйзеліске келтіретін кемшіліктер (тән-денелік, психикалық, арақатынастық); білім және тәжірибе жетіспеуі; - объектив (әлеуметтік) «Олар» - кедергілер: (әлеуметтік орта – мұғалімдер, әкімшілік, дос-жарандар, құрбы-қатарлар, отбасы және басқалар).
материалдық кедергілер (отбасының қаржылық жағдайы және т.б.).
Бала мен ересектің әрекет мәні - бала мәселесін тудыратын шарттар. Олардың мақсаттары:
осы шарттарды айқындау;
талдау және дифференциялау;
мәселені шешу үшін тірек болатындарын ғана ресурс ретінде қолдану;
мәселені шешуге кедергі жасайтын жағдайларды жою бойынша қызметті жобалату. Оларды жүзеге асыру тек келесі бағдарлау принциптері болса ғана мүмкін:
тәрбие табиғат бейнелігі – балаға, табиғат бөлшегіндей қатынас, экологиялық таза даму орта жөнінде қамқорлықта және табиғатпен бірлікпен келісімде тәрбиелеу. Тәрбие тірі организм дамуының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады, физикалық дамудың ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын ескереді, оның доминантты қажеттілігі қанағаттандыру үшін жағдай жасайды: қозғалыста, танымда, қарым – қатынаста, шығармашылықта.
тәрбие мәдениет бейнелігі - «білім беру және мәдениет тұлғаны өсіріп тамақтандыратын орта ретінде».
Бұл принцип білімділік кеңістікте әр түрлі орталарды құрастыруды нұсқаландырады, олар жиынтықта даму, тәжірибе жүзеге асырылатын мектептің, сыныптың бір мәдениетті – білімділік кеңістігін құрастырады, шығармашылық тұлға ретінде өзін - өзі дамыту құндылықтырының идеяларына негізделетін мәдениетті өзін - өзі идентификациялауда көмек көрсетеді.
Жеке – тұлғалық тәсіл – бұл принцип білімділік үрдісінде оқушылардың жағдайын анықтайтын принцип, оны оқу – тәрбие үдерісінің белсенді субъект ретінде танытады. Әр тұлға ерекше, сондықтан басты міндет оның ерекшелігін қалыптастыру, оның шығармашылық әуелетін дамыту үшін жағдай жасау болып табылады. Құндылықты – мәнді бағдарлау принципі - әр оқушымен өзінің оқу мен өмірінің мәнін табу үшін жағдай жасау.
Білімділік кеңістікте оқушылардың өмір әрекетінің әр түрлі орталарын құрастыру аясында келесі жұмыс бағыттары қолданылады:
Сынып имиджін құрастыру: сынып бөлмесін безендіру, мектеп рәміздерін, киімнің пішінді элементтерін енгізу, білімдердің қоғамдық сайысы.
Сыныпта танымды қолайлықтың атмосферасын құрастыру: диагностика және оқушылардың ақпаратты қажеттілігін, олардың танымдық әрекетке деген дайындығының өзекті деңгейін есепке алу, әр оқушының интеллектуалды қабілетінің және қоршаған ортадан ақпаратты алудың басымды тәсілдерінің диагностикасы (есте сақтау, зейін, өз ойын еркін түрде жеткізу).
Оқушылардың оқуға деген қажеттілігін қалыптастыру, табысты танымды әрекетінің тәжірибесі үшін жағдай жасау, ақыл еңбегінің нәтижесіне құрмет сезімдерін арттыру: сабақтардың сапалық мазмұны, оқыту сағаттары, викториналар, оқыған кітаптарды талдау, танымды ойындар, әңгімелер.
Білім берудің тұлға – бағдарлау мазмұнын құрастыру, яғни әр оқушыға ақпараттың жеке – тұлғалық мәніне қарай орын табылады: құралдарды, дидактикалық материалдарды құрастыруда оқушылар мен ата – аналардың қатысуы, оқу сабақтарды жүргізуде ата – аналардың қатысуы, пәндер бойынша тапсырмаларды әзірлеу, ұжымдық шығармашылық істер.
Баланың оқушы ретінде табысты қалыптасуының белгілері:
білімдерде қажеттілік, адамгершілік мәдениеттің анықталған саласына деген
қызығушылық, оны терең түрде зерттеуге дайындық, әлеммен ақпаратты қарым – қатынастың мәдениеті;
өз білім мекемесі, өз сыныбы, өз мұғалімі үшін мақтаныш: мектеп Жарғысында белгіленген құқықтар мен міндеттерді білу, оларды сақтау;
оқушының сыныпта, білім беру мекемесінде қолайлы сезімі, өзінің қорғаушылық сезімі;
өз сыныбының дәстүрлеріне берілгендігі, сынып жөнінде қамқорлық; ересектердің тәжірибесі мен білімін құрметтейтін оқушы болуы.
Бүгінгі күні оқушылардың көбі шын жүректен оқу білмейтіндерін мойындайды, сондықтан біздің міндетіміз – оқушыларға көмек көрсету:
а) әдіс – тәсілдерді, жалпы оқу білім – дағдыларды меңгеру;
б) олар оқуда қалып қоятындары жұмыс істей алмайтындарының себебін түсіндіру. Оларды оқуға қалай үйретуге болады? Бұл сұрақтың жауабын арнайы әдістемеде табуға болады, бұл әдістеменің негізінде үш бөлім бойы анықталған сабақ жүйесінің негізгі талаптары жатыр:
ақпаратты - әдістемелік білімдер, яғни әр пәнге негізгі болатын түсініктер, идеялар, теориялар;
әр зерттеу пәніне әмбепап болатын әдістемелік білімдер;
курс мазмұнында және сабақты ұйымдастыру түрлеріндегі мотивациялық, ынталандырушылық нұсқамалар.
Әдістеме үш блок арқылы жүзеге асырылады:
Оқу ырғағын қалпына келтіру. Жазғы демалыстан кейін оқушылар нашар оқиды. Оқу ырғағының қалпына келуі оқу жылының басында басты міндет болып есептеледі.
-Ұзақ және күрделі мәтіндерді мазмұндау кезде әр түрлі тіректерді қолдану дағдыларын жетілдіру, тіректерді құрастыру технологиясымен таныстыру, сонымен қатар ғылыми және әдебиетті мәтіндерді мазмұндауға үйрету.
Ақпаратты өзгерту. Бұл блокта түсінудің шектелуімен және оқушылардың ақпаратты өзгертуімен байланысқан аспект белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |