Дәріс №1. Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


В.А.Караковскийдің тәрбиелік жүйесі



бет8/42
Дата25.03.2022
өлшемі411,32 Kb.
#28757
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42

В.А.Караковскийдің тәрбиелік жүйесі.


В.А.Караковскийдің тәрбиелік жүйесінің басты идеяларына: міндетті мектепшілік ұжым құру, оның ішінде өзін-өзі басқару элементтерінің болуы. Басты міндеті ұжымдық жұмысқа дайындау болып табылатын коммунарлық әдіс енгізу жатады. Коммунар әдісінің мәні - ұжым өмірін айқын, бейнелі ұйымдастыру. Онда барлық іс-әрекет ізгілік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Құндылықтар негізгі жол – өз халқының, сол сияқты өзге ел халықтарының мәдениеті арқылы тасымалданады. Оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарын қалыптастыру олардың жас ерекшеліктерін ескерген жағдайда ғана іске асуы мүмкін. Бұл ізгіліктілік бағдарын қалыптастыру процесінде мұғалімнің рөлін арттырады.

Ауылдық мектептің тәрбиелік жүйесі (В.А.Сухомлинский). Ауылдық мектептің тәрбие жүйесінің өзіне тән ерекшеліктері бар: яғни, оның орналасуы орны мен, оқу тәрбие жұмысының өзгешелігімен, оқытушы мен оқушылардың санына.

Оқу жүйесінің базасымен сипатталады. Ауылдық мектептің тәрбие жүйесін құруды ескеру тиіс жағдайлар бар.

Олар: білім беретін мекеменің ұжымының аздығы, мұғалімнің қарым-қатынасы, ауыл мен қоғамның арақатынасы. Бұл ретте Сухомлинскийдің Павлыш ауылдық мектебінде болған тәжірибесі куә.

Ол тәрбиелік жүйені келесідей қасиеттер арқылы гуманистік көзқараспен ұсынды: адамгершілік идеялық бақыт, махаббат, ар-ұят, намыс, әділдік, мейірімділік, шығармашылық. Оқудың негізгі мақсаты - шығармашыл оқыған тұлға тәрбиелеу.

Сухомлинский тұлғаның дамуында ұйымшыл әрі шығармашыл мұғалімдердің ұжымына, отбасы мен мектептің тығыз қарым-қатынасына, балалар мен ата-ананың шығармашыл бірлестігіне баса назар аударды. Оқу тәрбие процесінің қайнар бұлағы ретінде ғылым мен білімді, еңбек пен өнерді айтты. Павлыш мектеп ұжымы тәрбие методикасы ретінде гуманистік әдістер мен тәсілдерді қолданды. Оның ішінде оқушыға сыйластықпен қарау (сұхбат, дискуссия) өзін-өзі танумен сыртқы көзқарастармен байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет