Дәріс 11-12. Көпжақтар. Призма, параллелепипед, текше. Пирамида және қиық пирамида Дерек көздері



Дата03.05.2023
өлшемі0,93 Mb.
#89375

Дәріс 11-12. Көпжақтар. Призма, параллелепипед, текше. Пирамида және қиық пирамида

Дерек көздері


1) ПРИЗМА 0-ден БАСТАП (35.37)


https://www.youtube.com/watch?v=ujPdWSNiens

2) Призма жазбасына есептер шығару (10-11с)


https://www.youtube.com/watch?v=NiUZcWKoMdY (29.56)


3) Призманың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары (15.55)


https://www.youtube.com/watch?v=B6KQpwbY9C4

4) Пирамида және оның элементтері. Дұрыс пирамида.


https://www.youtube.com/watch?v=L5R7nK0H3vQ (31.53)


5) Пирамиданың жазбасы бүйір және толық бетінің ауданы (15.08)


https://www.youtube.com/watch?v=A-BCSNALSto

6) Пирамиданың бүйір бетінің және толық бетінің аудандары (14.53)


https://www.youtube.com/watch?v=PBP90949XIQ




Көпжақ, үш өлшемді кеңістікте – бірнеше (шектеулі) жазық көпбұрыштан құрылған геометриялық бет. Көпжақ құрамындағы көпбұрыштың әрбір қабырғасы оған іргелес екінші көпбұрыштың да қабырғасы болып саналады. Ал әрбір көпбұрыштан іргелес көпбұрыштар арқылы кез келген көпбұрышқа өтуге болады. Жазық көпбұрыштарды көпжақтың жақтары деп, екі көпбұрыштың ортақ қабырғасын көпжақтың қырлары деп, ал көпбұрыштардың төбелерін көпжақтың төбелері деп атайды.

Додекаэдр


Дөңес көпжақ
Егер көпбұрыштың барлық төбесі кез келген жағы арқылы жүргізілген жазықтықтың бір жағында орналасса, онда оны дөңес көпжақ деп атайды.
Жақ
Жақ, көп жақтың жағы - көпжақтың қырларымен шектелген беттерінің бөлігі болып табылатын жазық көпбұрыш.


Сұрақ-жауап
1. Көпжақ дегеніміз не?
Беті саны шектеулі көпбұрыштардың бірігуінен тұратын денені көпжақ деп атайды.
2. Көпжақтар неше түрге бөлінеді?
Екі түрге: дөңес және дөңес емес.
3. Дөңес көпжақ дегеніміз не?
Егер көпжақ өзінің жағын қамтитын жазықтықтардың кез келгеніне қарағанда тұтастай біржақ бетінде орналасса, онда ол дөңес көпжақ деп аталады.
4. Көпжақтың түрлерін ата.
Призма, параллелепипед, пирамида.


Дұрыс көпжақ

Егер дөңес көпжақтың жақтары қабырғаларының саны бірдей дұрыс көпжақтар болса және көпжақтың әрбір төбесінен шығатын қырлар саны бірдей болса, онда оны дұрыс көпжақ деп атайды


Сонымен, барлық жақтары тең және дұрыс, барлық төбелеріндегі көп жақты бұрыштары тең және дұрыс болатын көпжақ дұрыс көпжақ деп аталады. Бар болғаны 5 дұрыс көпжақ бар. Олар – куб, тетраэдр, октаэдр, икосаэдр, додекаэдр (бұлар Платон денелері деп аталады).

Төменде кестеде дұрыс көпжақтар берілген.
Дұрыс көпжақтар кестесі



Есеп.


Дөңес көпбұрыштың әрбір төбесінде үш қыры тоғысқан. Егер оның қырларының саны 12-ге тең болса, онда төбелері мен жақтарының санын анықтаңдар.

Жауабы: Төбелер саны – 8, жақтар саны – 6 болатын көпжақ – куб.







Есеп 1.




Есеп 2.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет