Дәріс-11. Басқару жүйесіндегі конфликт ерекшеліктері мен факторлары. Басшы мен


Ұйымдастыруға байланысты дау-дамайлар



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата24.11.2023
өлшемі0,53 Mb.
#125731
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс-11

Ұйымдастыруға байланысты дау-дамайлар 
Ұйымдастыруға байланысты дау-дамайлар – бұл дау-дамай- ға қатысушылардың мүдделердің, 
мінез-құлық нормалары мен құндылықтарының қайшылығынан туындаған қарама-қарсы ба- ғыттағы 
әрекеттерінің қақтығысуы. Олар формальды ұйымдас- тыру бастамалары мен ұжым мүшесінің нақты 
мінез-құлқының сәйкес келмеуі салдарынан туындайды. Мұндай келісілмеу тө- мендегі жағдайларда 
туындайды: 

қызметкер ұйым тарапынан қойылған талаптарды орындама- ған, елемеген жағдайда. Мысалы, 
жұмыстан қалу, еңбек және орын- дау тәртібін бұзу, өзінің міндеттерін сапасыз орындау және т.с.с; 

қызметкерге қойылған талап қарама-қайшы, нақты емес болған жағдайда. Мысалы, қызметтік 
нұсқаулар сапасының тө- мен болуы, қызметтік міндеттерді ойластырмай бөлу және т.с.с. дау-дамайға 
алып келуі мүмкін; 

қызметтік, функционалдық міндеттер бар, бірақ оларды орындаудың өзі еңбек процесіне 
қатысушыларды дау-дамайлық жағдайға алып келеді. Мысалы, ревизор, нормалаушы, бағалау- шы, 
бақылаушы қызметін орындау. 
Ұйымдастыруға байланысты дау-дамайлар ең алдымен ұйымға және онда қызмет ету жағдайына 
қатысты мәселелерден тұрады. Жағдайды мұнда мыналар анықтайды: құрылғы мен құрал-жаб- дық, 
жоспарлау мен техникалық құжаттау, нормалар мен баға- лар, еңбекақы мен сыйақы құралдарының 
жағдайы; «ең жақсы- ларды», «нашарларды» бағалаудың әділдігі; тапсырмаларды бөлу мен адамдарды 
жүктеу; жоғарылату мен көтермелеу, түрлі ма- рапаттаулар және т.с.с. 
Бүгінгі таңда ұйым, жалпы қоғам сияқты, біртіндеп дағдарыс- тан шығуда және өзінің сапалы жаңа 
фазасына – даму фазасына шығуда. Ұйымдағы дамудың қарқындауы, әсіресе өндірістік, әр- түрлі 
күштердің өзара әрекеттесуінің неғұрлым жоғары дәре- жесімен шартталуы мүмкін. Бұл өз кезегінде 
дау-дамай база- сының сөзсіз ұлғаюына және оның жетілу уақытының қысқа- руына алып келеді [62]. 


Ұйымдастырудың жаңа формаларын іздеу мен енгізу бары- сында дау-дамай 
ұйымдастыруға 
байланысты дау-дамай 
түріне ие болуы мүмкін. Мұндай дау-дамай кез келген ұйымның дамуы үшін 
қажетті болып табылады. Мұндай дау-дамайлар көбінесе ұжым алдында тұрған міндеттер мен оларды 
шешетін ескірген ұйымдастыру формалары арасындағы сәйкессіздік түрінде бай- қалады. Олардың 
субъектілері ретінде қызметкерлер тобы да, жекелеген тұлғалар да; жұмысшылар немесе 
қызметшілер, сон- дай-ақ әкімшілік өкілдері де болуы мүмкін. Дау-дамайды жеңу бойынша 
қабылданған шаралар ұйым құрылымын жетілдіруге, оған тиісті сапаны беруге мүмкіндік туғызады. 
Жекешелендіру процесінің даму жағдайына қарай кәсіпорын- дар нарықтық экономикаға тән 
ұйымдастыру-құқықтық формалар- ға (унитарлы кәсіпорындар, коммандиттік серіктестіктер, акцио- 
нерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және т.с.с.) қайта түрленуде. 
Бұл ұйымдардың кез келгені оның жұмысын қамтамасыз ететін және басқа кәсіпорындармен, 
мемлекеттік органдармен және аза- маттармен қарым-қатынасын көрсететін, оны басқару үшін қа- 
жетті органдар құрады. 
Сонымен, акционерлік қоғамда шаруашылықты жүргізу, бұй- рық беру және меншікті пайдалану 
құқығына төраға басшылық ететін басқарма ие (ол бас директор, орындаушы директор, пре- зидент 
болуы мүмкін). Мұнда басқарма мен акционерлік қоғам директорларының кеңесінің өкілеттілігі мен 
мүдделері тоғысқан- да қарама-қайшылықтар орын алуы мүмкін. Жеткілікті, айқын қарама-
қайшылықтар мен дау-дамайлар туындатуы мүмкін. 
Мұндай дау-дамайдың себептері ретінде мыналар болуы мүмкін: 
− директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің жоғары 
тұрған органның басқару стилі мен әдісін бағалау кезіндегі қай- шылықтар
− директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің өндіріс ішін- дегі іс-әрекет мәселелері бойынша 
келіспеушілік жағдайлар; 
− цехтар, бөлімшелер, қызметтер басшылары мен басқарма мүшелерінің арасында және олардың 
жұмыс уақытында мәжі- лістерге қатысу мәселесі бойынша келіспеушіліктер пайда бол- ғанда өндіріс 
пен басқарма мүдделерінің жасанды келіспеу- шілігі; 
− басқарма мен басқарманың территориалды органдары, оның ішінде аудан басқармасы 
мүдделерінің келісілмеушілігі. Соңғы жағдайда басқарма мүшелерінің кәсіпорын ұжымының еңбегі- 
мен табылған табысынан аудан қажеттілігіне төлем ақы жасау реті және оны алу әдістері туралы 
келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Басқарма, акционерлер атынан «қожайын» рөлінде бола отырып, 
қаражаттың есепке алынуы мен жұмсалуына қызығу- шылық білдіреді және жоғарыда тұрған 
ұйымдардың нұсқауы бойынша негізделмеген төлем ақылар жасауға қарсы шығуға құ- қылы, бұл 
шиеленіс, дау-дамайлық жағдай тудырады, тіпті дау- дамайға алып келуі де мүмкін. 
Ұйымдарда басшы мен оның орынбасарының арасында бас- қару барысында дау-дамайлар 
туындауы мүмкін. Бұл дау-дамай- лар ұжымға жылдам ауысады, өйткені, еңбек ұжымында дау- 
дамайға түсушінің әрқайсысының тірегі бар. 
Бұл жерде басшы мен оның орынбасарының басқару стилі маңызсыз емес рөл ойнайды. Мысалы, 
егер басшының стилі – демократиялық, ал оның орынбасарының стилі – демократиялық немесе 
авторитарлық стиль болса, олардың қызметтерінде дау- дамайды болдырмайтындай келісушіліктерге 
қол жеткізуге бо- лады. Көбінесе дау-дамай басшы мен оның орынбасары «Бөлім немесе ұйым 
иерархиясында кім маңыздырақ?» қағидасы бойынша іс-әрекеттің авторитарлық стилін ұстанатын, 
стильдер сәйкес келмеген жағдайда туындайды. Мұндай жағдайда амбициялар- мен, мәнсаптық 
мақсаттармен байланысты аралас мотивациялар байқалады. Басшы мен оның орынбасарлары бүкіл 
еңбек ұжы- мының жұмысын қамтамасыз ете отырып, бірін-бірі толық- тырып отыруы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет