Дәріс-11. Басқару жүйесіндегі конфликт ерекшеліктері мен факторлары. Басшы мен



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата14.05.2023
өлшемі0,53 Mb.
#93150
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс -11

Жек көрушілік сияқты қасиетке бағыныштылардың өздері де бастамашылық жасайтынын айта 
кету керек. Бұған тәртіпке ба- ғынбаушылық, қырсықтық, өзінің жеке мүдделерін қоғам мүд- десіне 
қарсы қоя отырып ықпал етуі мүмкін. Бір рет пайда бол- ған жек көрушілік қарама-қайшылықтарды 
күрделендіріп, жаңа дау-дамайларға, кедергілерге алып келеді. 
Қалыпты тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыруда басшы мейлінше ықпалы күшті 
және беделді тұлға болып та- былады. Егер басшы өзінің қол астындағы қызметкерлерін еле- месе, 
олардың пікірімен санаспаса – дау-дамай туындап, шие- ленісіп ушығуы мүмкін. 
Тараптардың бірі екінші тараптың нормалары мен принцип- теріне келіспейтін, бірақ оны ашық 
айтпайтын және қалып- тасқан жағдайды өзгертуге тырыспайтын кездер болады. Бұл, әсіресе, басшы 
мен бағынышты арасындағы қарым-қатынас- тарда жиі байқалады. Қол астындағылар басшының 
қылығы- на (жасырын) ашуланады, бірақ онымен қарым-қатынасын бұз
ғысы келмейді. Мысалы, фирма арақ-шарап өнімдерін шыға- румен және өткізумен айналысады. 
Өнімнің бір бөлігі өткізіледі, бірақ одан түскен қаражат фирманың есебіне емес, басшының жеке 
мүдделеріне жұмсалады. Бұл қызметкерлерге белгілі болып, олардың кенет ашуын шақырады. Қол 
астындағылар өз басшыларының іс-әрекеттерін кінараттайды, бірақ оны ашық сынай алмайды, 
өйткені, бағыныштының басшыдан белгілі бір тәуелділігі бар. 
Қол астындағылардың басшысына сыни ескертпелерді ашық айту мүмкіндігінің болмауы, сынға 
қысым жасауы ұйымдағы дау-дамайға алып келуі мүмкін теріс факторлар: 
1. 
Біліктілігі, жастары әртүрлі қызметкерлер арасындағы дау-дамайлар. Көбінесе, топтарда, 
мысалы, еңбек қарқындылы- ғы жоғарылаған сайын айлық жалақыны айтарлықтай жоғары- лату 
мүмкіндігі туындайтын топтарда дай-дамайлар туындауы мүмкін. Бірақ бұл құрылымдарда көбінесе 
егде жастағы және өзінің дене мүмкіндіктеріне қарай еңбек қарқындылығын жо- ғарылата алмайтын 
адамдар жұмыс істейді. Мұндай жағдайлар оларды шеттетуге және топта әлеуметтік-психологиялық 


шие- леністің туындауына алып келеді, ол адамдарды басқа жұмыс орнын іздеуге мәжбүрлейді. 
2. 
Әртүрлі жастағы топтар өкілдеріне дау-дамайдың ерек- ше себептері тән. Мысалы, өзінің 
еңбек жолын енді бастаған бозбалалар мен қыздар үшін еңбек ұжымында бейімделу, әріп- тестерімен 
өзара қарым-қатынас жасау мәселесі өткір болады. Ұжымда жұмыс істеген тәжірибесі жоқ жас маман 
ұжым дәс- түрлерін, оның моральдық нормаларын білмегендіктен, ұжым талаптарын, басшылық 
стилін қабылдамағандықтан, дау-дамай- ға түсуі мүмкін. Бейімделу кезеңінде қызметкерлер өндіріс 
та- лаптарын сақтамағандықтан, яғни өзінің жеке мүдделерін ортақ іс пен ұжымның мүдделеріне 
бағындыра алмағандықтан дау- дамай қатысушылары болады. Бірақ, содан кейін жаңа пробле- малар 
да туындап жатады. Мысалы, некеге жаңа тұрған ұжым- ның жас мүшелерінің алдында тұрғын үй, 
айлық жалақы, жұмыс ауысымы сияқты мәселелер өткір болады. Осы қажеттіліктер- ді 
қанағаттандыра алмау, келешектің болмауы дау-дамай көзі болуы мүмкін. 
3. 
Кемелденген жаста қызметкерді басқа мәселелер ойлан- дырады: біліктілікті жоғарлату, 
мәнсаптық өсудің келешегі және т.б. Осы мәселелерді шеше алмау, яғни, наразылық пен оны іске 
асыру мүмкіндігінің арасындағы сәйкессіздік ересек адамның дау-дамайға түсуіне ықпал етеді. 
Ұйымдағы дау-дамайға бастамашы ұжымдағы әлеуметтік шиеленіс болып табылады. Әлеуметтік 
шиеленіс мәніне бірнеше көзқарасты атауға болады: 
1. 
Әлеуметтік шиеленіс нақты өмірде еңбек ұжымы мүше- лерінің көпшілігінің әлеуметтік 
әділеттілік қағидасы мен дау- дамайдың қандай да бір формасы арқылы жағдайдан шығатын жол 
табуға дайындықты айқын бұзуды жете ұғыну ретінде бо- лады. 
2. 
Әлеуметтік шиеленіс әлеуметтік қарым-қатынастардың объективті сипаты мен осы қарым-
қатынастар субъектілерінің мінез-құлқының субъективті сипатының қарама-қайшылығы бо- лып 
табылады. Ұйым деңгейінде шиеленістің байқалуы қалып- ты ынтымақтастықтан ауытқумен бірге 
жүреді, ол еңбек қызметі барысында әлеуметтік қарым-қатынастардың өзіндік ерекше сапалық 
сипаттамасы болып табылады. 
3. 
Әлеуметтік шиеленіс – бұл қалыпты қарым-қатынастарды бұзу және өзара әрекеттесуге 
қатысушылардың адекватты емес қызмет етуі. 
Еңбек ұжымында әлеуметтік шиеленістердің пайда болуына ықпал ететін факторлардың екі 
тобын атап көрсетеді: ішкі және сыртқы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет