− еңбек ұжымдарында сақталатын жағымсыз салттар мен дәстүрлер;
− басшының қарамағындағы қызметкерге сенімсіздігі (ол қарамағындағы қызметкердің өзінің
міндеттерін орындау бары- сында тым артық қамқорлығынан көрінуі мүмкін);
− ұжымның бір мүшесінің екіншісіне алдын ала теріс түсі- нілген жағымсыз қатынасы;
− адамдарға тым артық шыдамдылық танытудан байқалатын жұмсақтық қатынас пен бәрін
кешірушілік;
− ұйымдарда басшының тым жоғары талап қоюына наразы- лық білдіруінен, тұлғааралық
антипатияның байқалуынан көрі- нетін дисфункционалдылықпен сипатталатын ресми емес мик-
ротоптардың болуы.
Бұл мейлінше жоғары шағын өндірістік топтарда, бригада- ларда, звеноларда, ауысымдарда және
т.с.с. байқалады, яғни, ма- териалдық құндылықтар жасалатын, өндірістің негізгі мәселе- лері
шешілетін орындарда болады.
Дау-дамай іс жүзінде барлық жерде көрініп тұрады, өйткені,
сырттай байқалады: ұжымдағы
шиеленістің жоғары деңгейі; жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі – соның салдары ретінде өн- дірістік
және қаржылық көрсеткіштердің, жеткізушілермен, са- тып алушылармен өзара қарым-қатынастың
төмендеуі және т.б.
Ұйымдағы
дау-дамайлар
адамдардың
мүдделердің,
мінез-
құлық
нормаларының,
құндылықтарының қайшылығынан туын- даған қарама-қайшылық нәтижесі болып табылады.
Олардың арасынан, ең алдымен,
қарама-қайшылықтардың мынадай ти- пін бөліп алуға болады:
ұйымдастыру, өндірістік, іскерлік, ин- новациялық.
Осыған сәйкес ұйымдағы дау-дамайдың негізгі типтерін атап көрсетуге болады:
− ұйымдастыру;
− өндірістік;
− еңбек;
− инновациялық.
Достарыңызбен бөлісу: