Дәріс №11. Карта мен атластарды құрастыру көздері



бет10/10
Дата24.04.2023
өлшемі40,2 Kb.
#86251
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дәріс 11, 12,13

Үшіншіден, Географиялық картада көрсетілетін құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, ягни картографиялық генерализацлялаудың зор маңызы бар. Географиялық карта адамның тіршілік әрекетінің барлық саласынпа пайдаланылады. Ол — жол көрсеткіш, өнеркәсіп, энергетика, транспорт құрылыстарын барлау-іздеу, жобалау және инженерлік жобаны нақты іске асырудың негізі. Ауыл шаруашылығын жерге орналастыру, мелиорация және барлық жер қорын есепке алып, оны тиімді пайдалану ісіне керек. Халыққа білім беруде, дүние туралы білімді таратуда, жалпы мәдениетті көрсетуде өте маңызды көрнекі құрал. Территорияның картографиялық жағынан зерттелуі әскери іс үшін де маңызды. Халық шаруашылығының- көптеген міндеттерін шешу — географиялық жағдайларды дұрыс бағалау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалпына келтіру және табиғатты өзгертудің жоспарларын жасау, өндіргіш күштерді дұрыс орналастыру, экономикалық аудандарды комплексті дамыту т. б.— Географиялық картаның өте сапалы болуын керек етеді. Географиялық карта ғылыми-зерттеу құралы болып табылады. Мысалы, геологиялық карта белгілі бір жердің геологиялық құрылысын көрсетумен қатар, қазбалардың таралу заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол— құбылыстардың кеңістіктегі өзара байланысы мен дамуын зерттеуде және болжауда да аса қажетті құрал.
Картаның тақырыбы мен мақсатына қарай картографиялық кескіндеу бірқатар географиялық элементтерден тұрады. Мысалы, бір жердің толық картасының (топографиялық картасының) мазмұнына: жер бедері, суы, өсімдігі, топырағы, елді мекендері, жол қатынасы, байланыс құралдары, мемлекет және әкімшілік шекаралары, орталықтары және кейбір өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдени объектілері кіреді. Географиялық картаның жиегі мен бос жерінде қосымша графиктер мен жазулар: картада қолданылған картографиялық белгілер және олардың түсіндірмелері; карта бойынша қашықтықты, бұрыштарды, объектілердің ауданын, жеке нүктелердің координаталарын, еңістікті т. б. өлшеуге қажет графиктер; картаның жасалған кезін, пайдаланған материалдарын т. б. көрсететін деректер; кейде көрсетілген объектілерді түсіндіріп, толықтыратын диаграммалар, таблицалар мен мәліметтер де болады.
Географиялық картаның құндылығы — олардың толықтығында, дәлдігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар Географиялық картаны жасаудың негізіне алынған ғылыми принцптер мен идеяларда. Ал бұл принцптер мен идеялар жаңа не ескі, дұрыс не бұрыс болуы мүмкін.
Географиялық карта планетамыздың және оның жеке бөліктері- құрылықтар мен мұхиттар, олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәдениеті және тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, аса бағалы құрал болып табылады.
Сонымен қорыта айтқанда, географиялық карта жер бетінің жазықтықта кішірейтіліп, жинақталып кескінделуі. Географиялық обьектілер онда шартты белгілер арқылы көрсетіледі. Географиялық карталарда тұтас мемлекет, кейде бірнеше мемлекет, тіпті бүкіл жер шары да кескінделеді.
Қазіргі қолданылатын географиялық карталар алуан түрлі. Осы карталарды топтарға, түрлерге бөлгенде олардың мынадай ерекшеліктері еске алынады.
1) карталардың территорияны қамту жөніндегі айырмашылықтары;
2) карталардың мазмұны жөніндегі айырмашылықтары;
3) карталардың масштабына байланысты айырмашылықтары.
Карталардың территорияны қамту жөніндегі айырмашылығы төрт топқа бөлінеді:
а) дүние жүзінің картасы және бүкіл жер шарының бетін кескіндейтін жарты шарлар картасы;
б) жеке материктер картасы;
в) материктер аймақтарының (бөліктерінің) картасы, мысалы,Солтүстік, Оңтүстік Европа картасы;
г)топографиялық карталар.
Карталардың мазмұны жөніндегі айырмасына қарай жалпы географиялық, арнаулы және комплексті карталар болып бөлінеді.
Жалпы географиялық карталарда рельеф, өзендер, көлдер, теңіздер, қалалар қатынас жолдары, ал кейде мемлекеттердің шекаралары да көрсетіледі.Бұл карталарға топографиялық және материктердің көптеген оқулық карталары жатады.
Арнаулы тақырыптық карталарға табиғаттың белгілі бір компоненті (құрамдық бөлігі) немеме халықтың орналасуы, мемлекеттердің алып жатқан орны баса көрсетіледі, мысалы, климат, топырақ карталары, саяси карта ж.т.
Комплексті карталарға, жалпы географиялық элементтердің мазмұнынан басқа, халықтың шаруашылық әрекеті мәселесі, мысалы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығыный негізгі салаларының орналасуы көрсетіледі. Артадағы әрбір сызықшаның , әрбір таңбаның атқаратын қызметі болады.Сондықтан картаны пайдаланбас бұрын оның шартты белгілерімен аңызымен (легенда) танысып алу керек.
Карталардың масштабына байланысты айырмашылығына қарай карталар ірі масштабты 1:200 000 және одан ірісіса 1:200 000-1: 1 000 000 орта масштабты карталар, масштабы 1: 1 000 000 нан ұсағы ұсақ масштабты карталар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет