Жалпы географиялық карталар кез келген тақырыптық карталарды құрудың сапалық мәлімет көзі болып саналады. Олар тақырыптық карталардың мазмұнын түсірудің негізі болып саналады. Топографиялық, көрнекілік-топографиялық және көрнекілік карталар- мемлекеттік инструкциялар, дәлділік талапты қатаң сақтайтын стандарттық жүйенің шартты белгілері арқылы құрылатын сенімді де нақтылы көздер. Рессей территориясының барлығы
1:25 000 және одан кішірек топографиялық карталармен жамыған. Жеке териториялар үшін одан ірірек масштабты карталарға арналған.Салыстырмалы түрдегі аумағы кішірек мемлекеттер ірі масштабты карталарға түсіріледі , мысалы Ұлыбритания бүтіндей 1:2 500 картаға түсірілген.Бүкіл планетаны 1:1 000 000 (1 000 парақты) және 1:2 500 000 масштабты (262 парақты) карталар қамтиды.
Жалпы географиялық карталарды тек тақырыптық карталар мазмұнын байланыстыруда ғана пайдаланбайды, сонымен қатар ол картографиялаудың географиялық нақтылығын қамтамасыз ете отырып, оның қаңқасының негізі болады, яғни осыған сәйкес түсіріліп, құрылатын картаның тақырыптық мазмұны байланыстырылып, әртүрлі тақырыптағы карталар өзара келісіледі.
Тақырыптық картографиялық материалдар - тақырыптық карталарды құрудың негізгі көзі. Оларға далалық тақырыптық түсіріс нәтижелері (ірімасштабты пландар, схемалар, абристар, маршруттық және станционарлық түсірімдер т.б.), пайдалану мақсаты мен масштабы әртүрлі тақырыптық карталардың өзі , арнаулы материалдар-жерді пайдалану схемалары, орманды орналастыру жоспарлары т.б.
Ірі масштабты карталар әрдайым ұсақ масштабты карталардың негізі болады, басты маңыздылығы бір тақырыпты карталар аралас тақырыпты карталар құруда пайдаланылады. Мысалы, топырақты картографиялауда өсімдік жамылғысы және геоморфологиялық, геоморфологиялық карталарда- геологиялық және тектоникалық, транспорттық карталарда орналастыру т.с.с карталар пайдаланылады. Аудандастырудың синтетикалық карталарын құрастыруда мәліметтік көздер болып әртүрлі тақырыпты карталар сериялары пайдаланылады. Қазіргі кездегі тақырыптық карталардың молдылығы оларды кез-келген картаны құрастыруда тиімді пайдалану жолдарын қарастыруды және картографтан терең географиялық білімді қажет етеді.
Мәлімет көздерінің ерекше бір түрі- кадастрлық карта және пландар. Бұл мәліметтер табиғи ресурстар мен құбылыстардың сапалық, сандық сипатын, орналасу жағдайын құжаттық дәлділікпен көрсетеді де, оларға экономикалық және әлеуметтік-экономикалық баға береді, тиімді пайдалану және қорғау жайындағы ұсыныстар көрсетіледі. Осындай карталарға жер, қала, пайдалы қазбалар, орман, су, кәсіптік кадастрлар жатады.