Дәріс №11. Карта мен атластарды құрастыру көздері


Көпзональды түсірілімдедің



бет6/10
Дата24.04.2023
өлшемі40,2 Kb.
#86251
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Көпзональды түсірілімдедің маңыздылығы ерекше, себебі, спектрлердің бірнеше аймақтарында территория біруақытта фотографияға түсіріледі және сканерленеді. Аймақтық түсірілімдерді қосып, синтезделген түсті суреттер алынады, мысалы, түрлі типті ормандар, ауыл шаруашылық жерлер, ылғалданған териториялар т.б. Көпзональды түсірілімдер материалдары-тақырыптық карталарды құрастыруда аса құнды мәліметтер көзі.
Соңғы кезде тағы бір түсірілім түрлері – гиперспектральды түсірім қолданылады, сәулелер, тар көп сандық (10 нм) спектральдық аймақтарда тіркеледі- бірнеше ондаған және жүздеген. Ол тау жыныстарының минерологиялық құрамын анықтауға, мұхиттар мен атмосфераның ластануын зерттеуге мүмкіндік береді. Гиперспектральды түсірілімдер материалдары эклогиялық мониторинг және картографиялау үшін аса құнды болып саналады.


11.5. Табиғи бақылаулар және өлшеулер
Табиғи бақылаулар және өлшеулердің кез-келген тақырыптық карталар үшін маңызы ерекше. Ешқандай жанама және дистанциялық әдістер, табиғи бақылауларды ауыстыра алмайды.
Табиғи бақылау формалары әртүрлі. Гидрогафиялық бақылаулар – бұл өлшемдер нәтижелері журналдар мен кестелерге енгізіледі, физико-географиялық зерттеулерде – сипаттамалар, фотографиялар, суреттер есеп пен күнделіктерде көрсетіледі, геология-геоморфологиялық зерттеулер – кескіндер, скважиналардың бұрғылау мәліметтері, шурфтардың суреттелуі т.б.түрде, геофизикалық түсірілімдерде- физикалық параметрлер бақылау мәндері жазылады.
Табиғи бақылаулар мәліметтерін локализациялау (жайылтпаушылық) нүктелік- жеке пунктер, скважиналар, ашылған жыныстар т.б.; маршруттық- таңдалып алынған бағыт бойынша (профиль, жол, өзен, т.б.) және аудандық – бүкіл зерттелетін территорияны қамтитын. Ерекше, стационарлық бақылау түрі ажыратылады, мысалы геофизикалық полигон, биостанция, экологиялық мониторинг пунктері т.б. Стационарлық бақылау орындары тұрақты, бақылаулар ұзақ уақыт бойы жүргізіледі. Бақылаудың ұзақ қатарлары құбылыстар мен процестер динамикасын картографиялау үшін қажет.
Сонымен қатар, маңызды зерттеу материалдары болады, олар бір немесе бірнеше квадрат километрді алып жатқан кіші участкелерді ірі масштабпен өте жғары дәлділікпен жекелеп көрсетеді. Маңызды зерттеулер, кең ауқымды территорияларды бүтіндей қамту мүмкіндігі болмаған жағдайларда қолданылады. Ауқымды, бір типті территорияларға заңдылықты түрде таралған, типтік қатыс бар маңызды, эталонды участкелер зерттеледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет