Дәріс №11. Карта мен атластарды құрастыру көздері



бет4/10
Дата24.04.2023
өлшемі40,2 Kb.
#86251
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
11.4.Дистанциялық зондпен тексерілу материалдары
Дистанциялық зондпен тексерілу материалдарын ауада ұшатын және космостық аппараттар, кемелер, жер асты қайықтары, жер беті фототеодолиттік станциялдардың жанаспай түсіру нәтижесі арқылы алынады. Кейбір дистанциялық зондттаудың схемалық бейнелері суретте көрсетілген (-ші сурет.). Картографияда жиі қоланылатын материалдарға–космостық түсірімдержатады, олар, экономикалық тиімді бола отырып, мәліметтері аэротүсірімдерге жуық болады. Бұл материалдар масштабы, қамтуы, қолдануға рұқсат етілуі т.б. қасиеттеріне қарай алуан түрлі болады.

Дистанциялық зондттау мәліметтері басқа карта құру көздеріне қарағанда бірқатар артықшылықтары бар:


* космостық бейнеленідің көрнекілігі- детальдық түсірімдерде ондаған километрлік ғаламдық қамтудан - ауқымды кеңістіктердің экономикалық картографиялануын қамтамасыз етеді
* космостан түсірілген бір территорияның рұқсат етілуі мен генерализациялығының түрліше болуымен қатар, қосымша әлтүрлі масштабты карталарды қайтадан өңдеумен құруға мүмкіндік бере отырып, картографиялау процесі ұзаққа созылатын ірі масштабты карталардан ұсақ масштабты құру қажеттілігінен босатады.
* жобалау центрінің биіктік жағдайында бейнелеуді құрудың орталық проекциясы ортогональдыға жақындау болатындықтан, карта құрудағы фотограметриялық өңдеуді жеңілдетеді.
* кезеңдік тапсырысты қайталау түсірімдер, динамикалық картографиялауды және уақыт барысында тез өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестер мониторингін қамтамасыз етеді.
* қиын аудандарды - шөлейт, марштар, биік таулы жерлер, полярлық аудандар, Антарктиданы картографиялауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, басқа планеталар мен олардың серіктерін түсіру проблемаларын шешеді.
* космостық түсірімдердің көрнекілігі мен айқындылығы картографиялық өнімдердің жаңа түрлерінің – фотокарталар мен жер бетінің биофизикалық сипаттамасыының спутниктік карталарының пайда болын қамтамасыз етті.
Фотографиялық түсірімдер –жер обьектілері шағылыстырған күн сәулелерін фотопленкаларға кадрлар арқылы тіркеу нәтижелері. Аэрофототүсірілімдерді ұшақтар мен тік ұшақтар, космостық түсірілімдерді- спутниктер, космостық кемелер мен орбитальдық станциялар, суасты түсірілімдерді- тереңге түсірілген фотокамералар, жерасты түсірілімдерді-фотодеодолитер көмегімен түсіру арқылы алады.
Жеке жоспарлық түсірілімдерден басқа, картографиялық мәліметтер көзі болып стереопаралар, фотосхемалар және фотопландар, фронтальдық (вертикальды) фотосуреттер т.б. саналады.
Космостық фототүсірілімдер жақсы геометриялық қасиеттері және аса сапалы бейнелілігімен ерекшеленеді. 2 м-ге дейін рұқсат етілген азаматтық пайдалануға болатын түсірілімдер -(барлау спутниктері арқылы 0,2 м-ге дейінгі рұқсат етілген түсірілімдер), масштабы 1:50 000, биіктігі бойынша дәлділігі 10 м ,планда 15 м топографиялық карта құруға мүмкіндік береді.Бұл түсірілімнің кемшілігі –түсірілген пленканы өңдеу үшін Жерге жеткізу қажет.
Негізгі ауқымды ақпарат көлемін сканерлік түсірімдер береді – жер беті обьектілерінің сәуле шашуын, элементтер және жолақтар бойынша тіркеу нәтижелері және оларды радиоканалдар арқылы ақпараттау. «Сканерлеу» деген сөздің өзі кез-келген участкені жүйелі бақылау үшін жарық сәулелерінің орын ауыстыруын басқару. Спутник немесе ұшақ арқылы түсірілімдер жүргізгенде сканерлік қондырғы (қозғалмалы айна) жергілікті жерді әр жолағын бірінен соң –бірін жүйелепсақтаушы қозғалысына көлбеу бақылап отырады. Фотоэлектр қабылдағышқа жарық сигналы түседіде, электрлікке қайта айналады, радиоканалдар бойынша жер беті қабылдағыш қондырғыларға цифрлар түрінде беріледі, беріледі, соңынан бейнелеу түрінде жазылады. Нәтижесінде жолды құрылымды суреттер алынады, жолдар кішкене элементтерден түзіледі- пикселдер, санерлік бейнелеудің элементарлық ұйымдары. Әрбір пиксел сканер көруінің шапшаң бұрыштық алаңына сәйкес келедін жергілікті жердің интегральдық жарықтығын қайтарады (шағылыстырады), участке ішіндегі бөлшектер айқын көрінбейді..
Ұшу кезінде жергілікті жердің кең үздіксіз жолақтарын үнемі түсіріп отырады. Сканерлік бейнеленудің сапасы фототүсірілімдерге қарағанда төменірек, дегенмен шапшаңдылығы және уақыттың нақты тәртібінде сандық формада түсірімдерді тапсыруы бұл әдістің баға жетпес құндылығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет