СҮЙІНБАЙДЫҢМайлықожамен, Тезек төремен, Қатағанмен, Арыстанбекпен АЙТЫСТАРЫ бар.
ЭПИКАЛЫҚ ҚАРЫМДАҒЫ АҚЫН РЕТІНДЕ Сүйінбай халықтың әр түрлі жыр
дастандарын («Манас», «Көрұғлы», «Рүстем Дастан», «Тотынама»)жырлаған.
Оның Сұраншы, Саурық батырлар туралы циклді өлеңдері мен толғауларынағыз
эпик ақынның өресін танытатын өлмес мұра. Өтеген, Қарасай, Сұраншы, Саурық сынды қазақ батырлары турасында қаһармандық дастандарын дүниеге келтірді.
СҮЙІНБАЙДЫҢ ТЕЗЕК ТӨРЕМЕН кездесуі — кейінірек, ақынның ер жетіп, елге
танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп, Тезек төрені де
жалайырдағы Солтанға ұқсатып ел алдында әшкерелеп, бас көтертпей жалынды сөзінің
күшімен бөгеп отырады. Тіпті көрші қырғыз халқының қанды балақ, орақ ауыз Орман хан
тұқымдарының орынсыз істерін де батыл сынайды. Ол шындық үшгін күресіп, хан-төре
тұқымының қылмыстарын бетіне басадй. Әр түрлі дауға түсіп, әділ қазыдай әмірлі билік
айтады. Ақынның бұлайша ел ісіне араласуы оның қоғамдық бетін айқындайды, бетіне адам
қаратпаған әрі ақын, әрі әкім төренің аузын буып, оның төріне именбей шығып, табағынан
ас, малынан бас беруге мәжбүр еткен — Сүйінбайдың тас жібітер өткір де батыл тілі.
Ақынның «Кәрілік»атты өлеңін еске алсақ, бұл да оның адамның қартая бастаған
өмір белестерін айқын бейнелеп, шендестіре сөйлеугеұста екенін танытады.
Ақын боп жиырмада желдей болдым,
Отызда асқар биік белдей болдым.
Отыз асып қырыққа келгеннен соқ,
Қаптаған жердін, жүзін селдей болдым.
Қырықтан асып, елуге келгеннен соң,
Түбім терең, құрақты көлдей болдым.
Елу асып, алпысқа келгеннен соң,
Салынды суға ілінген сеңдей болдым
Алпыс асып, жетпіске келгеннен соң,
Тап-тақыр ел жайлаған жердей болдым.