Дәріс №13 Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835 1898) шығармаларының көркемдігі мен бейнелілігі


бaбaның ұлaғaтты сөздерін ретті жерінде жырғa қосып отырaды.  ДӘРІС №15



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата18.04.2023
өлшемі482,56 Kb.
#83754
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дәріс 13,14,15

бaбaның ұлaғaтты сөздерін ретті жерінде жырғa қосып отырaды. 
ДӘРІС №15 
Сүйінбай Аронұлының (1822 - 1895) толғауларының тақырыптық – идеялық 
мазмұны 
Сүйінбай ақын Алматы облысының Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге 
келген, сонда қайтыс болды. Қазақ халқының ақыны, айтыс өнерінің шебері. Аронұлы


Шыққан тегі Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Шежіре дерегі бойынша 
арғы атасы Күсеп дәулескер қобызшы болған. Күсептен Арон, одан Сүйінбай туған. 
Сүйінбайдан туған Малыбай, Бағыжан, Жетібай есімді балаларының ұрпағы өсіп өнген. 
Сүйінбайдың ақындық дарының алтын бесігі халқының ежелден қалыптасқан өнерпаздық 
дәстүрі. Әсіресе, ел ішінің сөз өнерін әспеттеген ұлы дәстүріне жастайынан ерте ұштап
төңірегіне ерте танылады. Ел аузында айтылатын: 
«Екейде елу бақсы, сексен ақын, 
Жаратып мінеді екен ерттеп атын. 
Қобызға домбырасы үнін қосып, 
Гулейді жын қаққандай кешке жақын» деген өлең сол ортаның ән күй мен өлең жырды 
айрықша дәтүр еткенін аңғартса, одан тағылым алып өскен
Сүйінбайдың: 
«Атыңнан айналайын Қызыр бабам, 
Түсімде таңға жуық келді маған. 
Білмеймін «өлең» деді, «көген» деді, 
Сайрауық құстар келіп төнді маған» деуі, оның ақындық дарынының ерте оянғанын 
аңғартады. Сүйінбайдың даңқын елге жайған, ауыздан ауызға тараған шығармаларының бір 
шоғыры өз кезіндегі хан қара, би төре, бай манаптарға, көз көрген замандастарына 
қарата айтылған өлеңдері. Бұл өлеңдері, ол бір жағынан елдің мұңын мұңдап, жоғын 
жоқтайтын, табанды да турашыл азаматтың тұлғасын танытып отырса, екінші жағынан 
айтар ойын ұрымтал образ, ұтқыр ой арқылы жеткізуге шебер ақынның тегеурінді қарымын 
танытады. 
«Хан емессің, күйіксің, 
Қалың елді айдап жеп, 
Теріңе зорға сиыпсың, 
Ұры қары залымның, 
Жаныңа бәрін жиыпсың… 
Дүниені жұтса тоймайтын, 
Түпсіз жатқан ұйықсың, 
Қадірің жоқ халыққа, 
Аққан судай сұйықсың», дейді Сүйінбай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет