Дәріс №13 Тақырыбы: Психология-медико-педагогикалық консилиумның (пмпк) қызметін ұйымдастыру



бет1/2
Дата15.11.2023
өлшемі16,26 Kb.
#122549
  1   2

8 СОӨЖ тақырыбы: ПМПК бойынша оқытылатын оқушыларды жан-жақты зерттеу.
Дәріс №13
Тақырыбы: Психология-медико-педагогикалық консилиумның (ПМПк) қызметін ұйымдастыру.
Дәріс мазмұны:
1.ЕБҚЕ балаларға көрсетілетін әлеуметтік, медициналық және педагогикалық көмек
2.ЕБҚЕ балаларға көрсетілетін әлеуметтік, медициналық және педагогикалық көмектің жаңа жолдары.
ПМПК ММ-нің негізгі міндеттері.
1.0-ден 18 жасқа дейінгі балалармен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеру, психикалық және дене бітіміндегі ауытқуды анықтау;
2.балалармен жасөспірімдердің дамуындағы ерекшеліктерді анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру жүргізу, диагнозын қою, оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жұмысқа орналастырудың оған сәйкес жағдайын анықтау;
3.баланың көңіл-күйінің өзгеруіне байланысты білім мекемесінің бір түрінен екіншісіне ауыстыра отырып, қажет болған жағдайда оған бастапқы қойылған диагнозын растау, анықтау және өзгерту енгізу;
4.баланың деңгейіне қарай психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсету, оларды арнайы білім беру саласында тәрбиелеуді және оқытуды, әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5.дамуында, мінезінде жеңіл ауытқу, кемістіктері бар балаларды, соның ішінде арнаулы түзеу білім мекемелеріне жіберуге жатпайтын балаларды емдеу, тәрбиелеу, және оқыту жөнінде ата-аналарға(заңды қамқоршыларына), мұғалімдерге және дәрігерлерге кеңес беріп көмек көрсету.
Медициналық - әлеуметтік педагогикалық патронаж (МӘПП). Патронаж - дегеніміз балаға оның ата-анасы мен оқытушыларына ерекше кемек көрсету, баланың өмірін сақтау, қалпына келтіру, емдеу, арнайы оқыту, тәрбиелеу және коғамға бейімдеу мәселелерін шешу бағытында арнайы көмек түрі. Медициналық - әлеуметтік педагогикалық патронаж (МӘПП) дамуында ауытқуы бар баланың отбасына әр түрлі мамандардың біріге отырып, кешенді оңалту көмек шараларын ұзақ мерзімде қолдануды қалайды. Кешенді МӘПП психологиядық, педагогикалық, медициналық, әлеуметтік мекемелер мен және қызметтермен жүзеге асырылады. Аталмыш мекемелер мемлекеттік немесе жекеменшік (қоғамдық бірлестіктер, қайырымдылық орталықтар) болуы мүмкін және олар бір бірінің жұмыстарын толықтыра отырып, дамуында ауытқуы бар балалардың әлеуметтік кеңістікте бейімделудің әртүрлі жолдарын ұйымдастырады ол отбасына әлеуметтік қолдау көрсетудің ұзақ мерзімді шараларына бағытталған. МӘПП-ң негізіне психологиялық-педагогикалық консультациялар (кеңестер), психологиялық-медициналық әлеуметтік орталықтар диагностикалық және оңалту орталықтары, логопедтік пункттер, ерте жастан көмек көрсету кабинеттері және үйде оқыту ұйымдары кіреді. Арнайы педагогика ғылымының негізгі мақсаты: әр түрлі кемістігі бар балалардың психалогиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу және сонымен қатар оларды оқыту және тәрбиелеу, түзету, қалыптастыру жолдарын айқындайды. 
Қазіргі таңда арнайы педагогика ғылымында бірнеше өзекті мәселелер кездеседі. Ол мәселелер арнайы педагогиканың категорияларымен тығыз байланысты. Яғни оларга: есту қабілеті бүзылган балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалгандар); көру қабілеті бүзылган балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, немесе нашар көретін ); сөйлеу қабілеті бүзылган, тіл мүкістігі бар балалар- лагоппаттар; интеллектуалды дамуы немесе ақыл-ой, ойлау қабілеті зақымданган, кемақыл (ақыл-ойы, есі кеміс-кемақыл жэне психикалық дамуы тежелген балалар); психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті, күрделі түрде бүзылған (соқыр-мылқаулар);естімейтін-көрмейтін және ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін т.б); тірек-қимыл аппараты зақымданган балалар; педагогикалық өзгерісі бар (жүріс-түрысы,мінез-қүлқы, тэртібі бүзылган) балалар жатады. Өкінішке орай, қазіргі таңда дамуында ауытқуы бар балалар саны артуда. Ол балалар арнайы бала-бақшаларда, арнайы мектеп интернаттарында, арнайы сыныптарда және де логопедиялық пункттарда тэрбиеленеді. Демек, мүнда олар арнайы коррекциялық, психологиялық жэне педагогикалық көмектермен қамтамассыз етіледі. Осы мақсатқа сай арнайы педагогика гылымы төмендегідей:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет