Түтік қабырғасының құрылысы. Жатыр түтігінің қабырғасы үш қабықтан тұрады: 1) ішкі-шырышты,2)ортаңғы-бұлшықетті,3)сыртқы-дәнекертіндіқабық.
Ішкі шырышты қабығы кірпікшелі эпителимен жабылған-олар түтіктің ішіндегіні жатырға қарай жылжытады. Бұлшықет қабаты екі: сыртқы бойлық және ішкі дөңгелек қабаттардан тұрады (бірыңғай салалы). Шырышты қабық бір жағынан жатырдың шырышты қабығына созылып,екінші жағынан түтіктің дөңгелек тесігі арқылы іш қуысының сірлі қабығына жанасады да,түтік іш қуысына ашылады, сондықтан әйелдерде ішастар қуысы тұйық болмай, сыртқы ортамен байланысады.
Қынап, vagina, герекше: colposұзындығы 8см созылмалы бұлшықетті-фиброзды түтік, жоғарғы шеті жатыр мойнымен шектелген, ал төменгі шеті тесік арқылы қынап кіре берісіне ашылады. Қынап сәл иілген, дөңес жағы артқа қарайды. Қынаптың алдыңғы және артқы қабырғалары өзара жанасады да, жатыр мойны үстіңгі жағынан қынап қуысына кіретіндіктен, мойын айналасында күмбез пайда болады. Қынаптың жоғарғы бөлігі төменгі бөлігіне қарағанда біршамакең.
Қынаптың алдыңғы қабырғасының жоғарғы бөлігі қуық түбіне жанасып, одан борпылдақ шелмай қабатымен бөлінеді, ал төменгі бөлігі несеп шығаратын өзекке жанасып жатады.
Жыныстық қатынас болмаған қыздарда қынап тесігі қыздық пердемен , hymen, жабылған.Онда кішкентай ғана тесік қалады. Қыздық перде әдетте сақина пішінді болады. Қынап қабырғасы 3 қабықтан тұрады:сыртқы-дәнекер тін, ортаңғы-бұлшық етті, ішкі-шырышты қабық едәуір қалындап көптеген көлденең қатпарлармен жабылған. Бұл қатпарлар екі бойлық буылтыққа бөлінеді, олардың біреуі қынаптың алдыңғы қабырғасы ортасымен, ал екіншісі артқы қабырғасы ортасымен өтеді.Шырышты қабық көпқабатты эпителимен жабылған және онда бездер болмайды. Кей жерлерде лимфа түйіншелері кездеседі. Тірі әйелде кольпоскопия ( қынап пен жатыр мойнын көзбен қарағанда) кезінде бұл ағзалардың шырышты қабығы біртегіс қызғылт түсті келеді, қантамырлар айқын байқалады. Қалыпты жағдайда ешқандай ақаулар немес өсінділер болмауы керек.
Әйел адамның сыртқы жыныс мүшелеріне үлкен,кіші жыныстық ернеулер, клитор, қыздық пердежатады.