Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет86/88
Дата28.10.2022
өлшемі176,17 Kb.
#45963
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
Байланысты:
Анат лекция

Иіс және дәм сезу мүшелері
Иіс сезу ағзасы, organum olfactus, сезімтал иіс сезу жасушаларынан тұрады. Мұрын қуысы иіс сезу ағзасы ғана емес, сонымен бірге жоғарғы тыныс жолы болып табылады, иісі бар заттар ауамен бірге мұрын қуысына келіп, иіс сезу ағзасының арнаулы сезімтал элементтерін тітіркендіреді.
Бұл сезімтал элементтер, иіс сезу нейросенсорлық жасушалары мұрынның шырышты қабығында, жоғарғы мұрын қалқаны мен мұрын қалқасының қарсы жатқан бөлігінде орналасқан иіс сезу жолының І - ші нейрондарын түзеді, олардың аксондары иіс сезу нервтері құрамында торлы сүйектің тесіктері арқылы иіс сезу буылтығына өтіп, сол жердегі иіс сезу шумақтарында аяқталады. Осы жерде екінші нейрондар (митралды жасушалар) басталады, олардың аксондары иіс сезу жолы құрамында жүріп, иіс сезу жолы сұр затының жасушалары – иіс сезу үшбұрышы, алдыңғы тесіктелген зат және мөлдір қалқада аяқталады.Талшықтардың көп бөлігі иіс сезу анализаторының қыртыстық шеті орналасқан гиппокамп жанындағы қатпардың қыртысындағы ілмекке келеді.
Тұтас организмдегі барлық сезім ағзалары, әсіресе ми қыртысы аймағында өзара байланысты, ол жерде барлық анализаторлардың қыртыстық шеттері ассоциативті жолдармен қосылған. Осының арқасында сезім мүшелері өзара байланысып, бір- біріне әсер етеді, сонымен бірге бір анализатор жұмыс істемей қалғанда басқа анализатор оның қызметін атқаратындай болып дамиды.
Дәм сезу ағзасының, organum gustus, маңызы тамақтың сапасын айыруда. Ең алдымен дәм бүршіктері тері сезімі ағзаларынан бөлініп шықты. Содан кейін олар ауыз және мұрын қуыстарында (қосмекенділер) шоғырланып, ақырында ауыз қуысында жиналады ( жорғалаушылар және сүтқоректілер).
Адамда бүршіктердің көбі жапырақ тәрізді және науашық тәрізді бүртіктерде, аздау мөлшерде саңырау құлақ тәрізді бүртіктерде, ақырында бір бөлігі жұмсақ
таңдайда, бөбешіктің артқы және ожаутәрізді шеміршектердің ішкі бетінде орналасады. Бүршіктерде дәм сезу анализаторының рецепторын құрайтын дәм сезу жасушалары болады. Оның кондукторы үш буыннан тұратын, дәм сезу рецепторларының шығатын өткізгіш жолдары болып табылады.
Бірінші нейрон тілдің афферентті нервтерінің түйіндерінде жатады. Адамда
дәм сезімін өткізетін нервтер: 1) бет нервінің дабыл ішегі (тілдің алдыңғы үштен екісі), 2) тіл- жұтқыншақ нерві (тілдің артқы үштен бірі, жұмсақ таңдай мен таңдай доғашықтары) және 3) кезбе нерв (бөбешік).
Дәм сезу талшықтары сопақша ми мен көпірде, ІІ – ші нейрон орналасатын аралық, тіл-жұтқыншақ және кезбе нерв ядроларында аяқталады. Бұл ядроның дәм сезу бөлімі сопақша мидың шайнау мен жұтуға қатысы бар барлық қозғалыс ядроларымен, сонымен бірге жұлынмен ( тыныс алу, жөтелу және құсуды бақылау ) байланысқан.
Екінші нейрондардың өсінділері сопақша ми мен көпірден таламусқа көтеріледі, сол жерде дәм сезу анализаторының қыртыстық шетіне баратын ІІІ – ші буын басталады. Дәм сезу анализаторы гиппокамп жанындағы қатпардың қыртысында самай бөлігінің алдыңғы шетінде ілгек пен гиппокампта, иіс сезу орталықтарының қасында жатады, ал басқа бір деректер бойынша қақпақша қыртысында орналасады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет