Ромб тәрізді шұңқыр. Мишықты алып тастаса, ромб тәрізді шұңқырды көруге болады. Шұңқырдың ортасына жақын бас мидың V-ші жұп жүйкесінің ядросы, ал оның шетінде VI-шы жұп, одан тереңіректе VII-ші жұп бас ми жүйкесінің орталықтары орналасқан. Ромб тәрізді шұңқырдың бүйірдегі бұрышында VIII-ші жұп, оның қасында IX-X-шы жұп бас ми жүйкелерінің орталықтары орналасқан. Қорыта айтқанда, ромб тәрізді шұңқырдың тіршілік үшін маңызы өте зор, себебі онда V-XII-ші жұп бас ми нервтерінің ядролары орналасқан.
ДӘРІС №32
ТАҚЫРЫБЫ: Орталық ми:ми аяқтары және төбесі.Ретикулярлық формацияның анықтамасы
Ортаңғы ми, mesencephalon, көру рецепторының әсерінен дамыған, сондықтан оның көзді нервтендіруге қатысы бар, бұл жерде есту орталықтары да түзіледі. Ортаңғы мида мына құрылымдар бар: 1. Қыртысасты көру орталықтары мен көз бұлшықеттерін нервтендіретін нерв ядролары.
2.Қыртысасты есту орталықтары.
3. Ми қыртысын жұлынмен байланыстырып, ортаңғы ми арқылы транзитті өтетін барлық жоғары және төмен өтетін өткізгіш жолдар.
4. Ортаңғы миды ОЖЖ-ның басқа бөлімдерімен байланыстыратын ақ зат будалары.
Осыған сәйкес адамда мидың ең кіші және ең қарапайым бөлігі-ортаңғы мидың 2 негізгі бөлігі бар : 1. Ортаңғы ми төбесі - онда қыртысасты көру және есту орталықтары орналасқан, 2. Ми аяқшалары - ол арқылы өткізгіш жолдар өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |