1. Ортаңғы ми төбесі (артқы бөлік) - сүйелді дененің артқы шетінің астында жасырынған және төрт төбешікке бөлінеді. Жоғарғы 2 төбешікте қыртысасты көру орталығы, ал төменгі 2 төбешікте естудің қыртысасты орталықтары жатады.
2. Ортаңғы ми аяқшаларында (алдыңғы бөлік) алдыңғы мидың барлық өткізгіш жүйесі өтеді.
Ми аяқшасының негізі - онда көзді нервтендіруге қатысы бар түрлі ядролар жатады.
Жамылғы мен ми аяқшаларының аралығында қара заттар (ядро) бар, ал төбеде қызыл заттар және торлы құрылым орналасқан. Ми су құбыры қызметі жағынан вегетативті жүйеге қатысы бар орталық сұр затпен қоршалған. Ол жерде III-ші және IV-ші жұп бас ми және парасимпатикалық нервтердің ядролары орналасқан. Ми аяқшаларының негізі пирамидалық өткізгіш жолдардан тұрады.Олар ми жарты шарларын көпірмен, мишық ядроларымен біріктіреді.Қара зат және қызыл ядролар-экстрапирамидалық өткізгіш жолдардың қыртысасты орталығы. Олар адам қимылының автоматизмін қамтамасыз етеді.