Бас бөлігінің тармақтары : 1. Менингеалды тармақтар- артқы бассүйек шұңқырындағы мидың қатты қабығына барады.
2.құлақ қалқаны нерві – сыртқы есту жолының артқы қабырғасы мен құлақ қалқаны терісіне барады.
Мойын аймағында : 1.Жұтқыншақ тармақтары тіл- жұтқыншақ жүйкесімен қосылып, жұтқыншақ өрімін түзеді. Ол жұтқыншақ тарылтқыштарын, таңдай доғашықтары мен жұмсақ таңдай бұлшық еттерін нервтендіреді.
2.Жоғарғы көмей нерві – көмей, тіл түбірі мен көмей қақпашығының шырышты қабығын сезімтал талшықтармен, ал көмей бұлшық етінің бір бөлігін қозғалыс талшықтарымен қамтамасыз етеді.
Кеуде бөлігінде :1.Қайтарма көмей нерві – өңеш пен кеңірдекті, жұтқыншақ, қалқанша, айырша бездерін, мойынның лимфа түйіндерін, көмей бұлшық еттерін, жүрек пен көкірекаралықты нервтендіреді.
2. Кеуде бөлімінің жүректік тармақтары – жүрек өріміне барады.
3.Бронхтық және трахеялық тармақтары – симпатикалық сабау тармақтарымен бірге бронх қабырғасында өкпе өрімін түзеді, ол кеңірдек пен бронхтардың бұлшық еттері мен бездерін нервтендіреді.
4.Өңеш тармағы- өңеш қабырғасына барады.
Іш бөлімінде : кезбе нервтің өңештен жүретін өрімдері асқазанға созылып, алдыңғы және артқы сабаулар түзеді, одан асқазанның кіші иіні мен қабырғасына тармақтар шығады. Кейбір тармақтар кіші шарбы арқылы бауырға барады.Одан симпатикалық өрімдермен бірге бауыр, көкбауыр, ұйқы безі, бүйрек, жіңішке ішек пен тоқ ішектің сигма тәрізді бөлігіне дейін барады.
Достарыңызбен бөлісу: |