Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


Ішек түтігінің энтодермалық бездері



бет151/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   180
Байланысты:
2 сем

Ішек түтігінің энтодермалық бездері

Ұйқы безінің эндокриндік бөлігі. Ұйқы безінің безді бөлімдерінің арасында ұйқыбез аралшықтары, insulae pancreaticae, орналасады. Олар бездің құйрық бөлімінде көп кездеседі, олар ІСБ-ға ждатады.

Қызметі: Өзінің инсулин және глюкагон гормондарын қанға бөліп, ұйқы безі аралшықтары көмірсу алмасуын реттейді. Ұйқы безінің гипофункциясы қантты диабетке әкеледі. Оны емдеудеинсулинүлкенрөлатқарады.

Бранхиогендік топ



Қалқанша без, glandula thyroidea, ересек адамдағы ішкі секреция бездерінің (ІСБ) ең ірісі.Ол мойынның алдыңғы жағында кеңірдектің алды мен қалқанша шеміршекке жанаса, көлденең көмейдің бүйір беттерінде орналасқан. Без оң және сол үлестен және оларды өзара қосатын қылтадан тұрады. Қылтадан жоғары қарай жіңішке өсінді шығады, ол пирамидалық үлес деп аталады және ол тіласты сүйегіне дейін созылады. Бүйір үлестері төменті жағында кеңірдектің 5 – 6 –шы сақинасына дейін жетеді. Үлестердің артқы беті жұтқыншақ пен өңеш қабырғаларына жанасады. Бездің сыртқы беті дөңес, ал ішкі беті ойыс. Қалқанша безді алдыңғы жағынан тері, теріасты шелмайы, мойын шандыры және тіласты сүйегінен төмен жатқан мойын бұлшықеттері жауып тұрады. Мойын шандыры бездің сыртқы қапшығын түзеді, қапшықтан бездің ішіне қарай өсінділер шығып, оны коллоиды бар (оның құрамында иоды бар зат - тироидинболады) түйіншелерден тұратын кішкене үлестерге бөледі. Бездің көлденеңі – 50 – 60 мм, алдыңғы – артқы d– i – 18– 20 мм; қылта деңгейінде 6 – 8 мм. Массасы – 30 – 40 гр. Әйелдерде без массасы ерлерге қарағанда біраз көп және кейде көбейіп тұрады (етеккір келгенде). Құрсақтағы нәресте мен балалық шақта без ересек адамдікіне қарағанда салыстырмалы үлкен болып келеді.

Қызметі. Бездің организм үшін маңызы зор. Ол іштен туа дамымаған болса, бала микседема және кретинизм ауруына шалдығады. Сүйек жүйесі тіндерінің дұрыс дамуы, зат алмасу, нерв жүйесінің қызметі, т. б. без гормонына байланысты. Кейбір жерлерде без қызметінің бұзылуы эндемиялық бұғақ (зоб) ауруын тудырады. Без өндіретін тирокальцитонин гормоны кальций мөлшерін реттейді. Қалқанша без гиперсекрециясы кезінде базед ауруы дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет