Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет16/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   180
Байланысты:
2 сем

Асқазан эндоскопиясы. Науқастың өңеші арқылы асқазанға енгізілетін және асқазанды іш жағынан көруге мүмкіндік беретін оптикалық аспап - гастроскоптың көмегімен асқазанды тікелей қарауға болады. Ми қатпарлары бедеріне ұқсайтын, түрлі бағыттарда иірімделетін шырышты қабықтың қатпарлары анық көрінеді. Қан тамырлар көрінбейді. Асқазанның қимыл- қозғалысын бақылайды. Шырышты қабықты терең зерттейді.
Жіңішке ішек, intestinum tenue (грекше - enteron ) асқазан қақпасынан басталып, өз жолында бірнеше қатар ілмек тәрізді иілімдер жасап, тоқ ішектің басталатын жерінде аяқталады.Тірі адамда жіңішке ішектің ұзындығы 2,7 метрден аспайды және өте өзгергіш. (еркек мәйітте жіңішке ішектің ұзындығы-7 м, әйел мәйітте -6,5м, ол дене ұзындығынан 4,1 есе асып түседі).

Жіңішке ішек ас қорыту жүйесінде ең маңызды орын алады, өйткені жіңішке ішекте тағам өттің және ұйқы безі сөлінің әсерінен қорытылып , қан мен лимфаға сіңіріледі. Жіңішке ішек 3-ке бөлінеді:

1) 12-елі ішек, duodenum, ұзындығы 25-30 см, асқазанға ең жақын бөлігі.

2) Аш ішек, jejunum, жіңішке ішектің 2/5 бөлігі.

3) Мықын ішек, ileum қалған 3/5 бөлігін құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет