Соқыр ішек, caecum тоқ ішектің басталатын жерінен оған жіңішке ішек құятын жерге дейінгі бірінші бөлігі, тік шамасы - 6 см, көлденеңі 7-7,5 см, қап тәрізді.Соқыр ішек оң жақ мықын шұңқырында орналасқан, кейде жоғары бауыр астын да да орналасады. Соқыр ішектің алдыңғы беті тікелей іштің алдыңғы қабырғасына жанасып жатады немесе одан үлкен шарбымен бөлінеді, артқы жағында мықын – бел бұлшық еті жатады.
Соқыр ішектің медиалды артқы бетінен, жіңішке ішек құятын жерінен 2,5-3,5 см төменде құрттәрізді өсінді, appendix vermiformis шығады. Оның ұзындығы мен орналасу қалпы көп өзгеріп отырады. Орташа ұзындығы - 8,6 см; 2% жағдайда 3 см, болмауы сирек. Қалыпты орналасқан соқыр ішекте құрт тәрізді өсіндінің 4 түрлі орналасу қалпы бар:
1) төмендеген қалыпта (40 - 45%). Егер өсінді ұзын болса, онда оның шеті кіші жамбас астауы қуысына келіп, кейде қабыну кезінде қуық пен тік ішекке жабысып кетеді;
2) латералды қалып (25%);
3) медиалды қалып (17-20%);
4) соқыр ішектің артқы жағында жоғарылаған қалыпта (13%). Аппендикстің шырышты қабығы лимфа тініне бай, иммундық жүйенің ағзасына жатады, қорғаныс қызметін атқарады. Соқыр ішек пен құрттәрізді өсінді жан - жағынан ішастармен жабылған.
Достарыңызбен бөлісу: |