Жоғарылаған жиек ішек, соқыр ішектің тікелей жалғасы , ол осы жерден жоғары және сәл артқа өтіп, бауырдың төменгі бетіне жетіп, сол жерде оң иілім түзіп, көлденең ішекке ауысады, ұзындығы – 12 см.
Көлденең жиек ішек, ең ұзыны (25 – 30 см) оң иілімнен көкбауырдың төменгі шетіндегі сол иілімге дейін созылады. Сол жерде екінші иілім жасап, төмендеген ішекке ауысады. Ол алдынан үлкен шарбымен жабылған, үстінен бауыр, өтқуық, асқазан, ұйқы безінің құйрықты бөліктерімен , көкбауырдың тө -менгі шетімен жанасады. Көлденең ішек артқы жағынан 12 елі ішек пен ұйқы безінің басын қиып өтіп, шажырқайы арқылы артқы іш қабырғасына және ұйқы безіне бекиді.
Төмендеген ішек, ұзындығы – 10 см, сол иілімнен төмен қарай іш қуысының сол жағымен өтіп, мықын қыры деңгейінде сигма тәрізді ішекке ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: |