Алдыңғы мойындырық венақанды мойыннан, иек астының терісінен жинайд. Оң және сол алдыңғы мойындырық веналар- төс сүйегінің мойындырық тілігінің үстінде анастомоз арқылы қосылып мойындырық вена доғасы пайда болады. Кейін алдыңғы мойындырық вена төс- бұғана –емізік бұлшық етінің артқы жағына өтіп, сыртқы мойындырық венаға құяды. Сыртқы мойындырық вена бұғанаға жақындағанда ішкі мойындырық венаға немесе тікелей бұғанаасты венасына құяды.