Лимфа жүйесінің вена жүйесінен ерекшелігі:
Онда лимфа түйіндері болады;
Вена капилляры артерия капиллярымен қатысады, ал лимфа жүйесі бір ұшында (шеткі) тұйықталып, екінші ұшымен (орталық) вена арасына ашылады.
Лимфа тасымалдаушы тамырлар лимфа капиллярларынан басталады. Олар дененің барлық мүшелерінде бар, тек бас мида, жұлында, көкбауырда, терінің эпителийінде, шеміршекте, көздің мөлдір қабығы мен көз бұршақта, қағанақ және гипофизде болиайды. Лимфа капиллярлары ағза ішінде ұсақ лимфа тамырлары өріміне айналады. Өрімдер одан әрі лимфа түйіндерімен үзіліп отыратын, ірілеу әкетуші лимфа тамырлары түрінде ағзалардан шығады. Ірі лимфа тамырлары лимфа сабауларына, одан әрі дененің басты лимфа түтіктеріне – оң жақ лимфа түтігі мен кеуде түтігіне,алоларірімойынвеналарынақұяды.
Ағза ішінде лимфа тамырлары ағзаның дәнекер тінді қабатында орналасып, өрімдер түзіп, қан тамырларымен бірге жүреді. Әр ағзадан немесе дене бөлігінен әкетуші лимфа тамырлары шығып, сол ағзаға жақын орналасқан лимфа түйіндеріне барады.
Достарыңызбен бөлісу: |