Оң және сол жақ жалпы мықын веналарының қосылуынан төменгі қуыс вена пайда болады. Жалпы мықын мықын веналардың әрқайсысы оң және сол жақ ішкі және сыртқы мықын веналарының қосылуынан пайда болады.
Ішкі мықын венасы жамбас қуысының қабырғасынан, ағзаларынан қан жинайды. Ол қабырғалық веналар мен ішкі мүшелердің веналарының қосылуынан пайда болады.
Портокавалды және кавокавалды анастомоздар
Қақпа венасының түбірлері жоғарғы және төменгі қуыс вена жүйелеріне жататые веналар түбірлерімен анастомозданып, тәжірибелік маңызы бар портокавалды анастомоздар түзеді.
Егер іш қуысын шаршымен салыстырса, онда бұл анастомоздар оның барлық жағында жатады.
1.Жоғарында, өңештік іштік бөлімінде қақпа венасына құятын сол жақ асқазан, сыңар және жартылай сыңар веналар арқылы жоғарғы қуыс венаға құятын өңеш веналарының түбірлері арасында.
2.Төменде тік ішектің төменгі бөлігінде.
3.Алдыңғы жағында кіндік аймағында.
Бауырда қан ағыны үшін кедергі пайда болғанда (цирроз) қақпа венасы жүйесінен айналма жол ретінде қан ағу үшін маңызы бар портоковалды және кавокавалды анастомоздар пайда болады. Мұндай кезде кіндік айналасындағы веналар кеңейіп, өзіне тән түрге ие болады (“медузаның басы”).
1.Артқы жағында бел аймағында тоқ ішектің мезоперитонеалды бөлімдер веналар мен қабырғақасалық - бел веналарының түбірлері арасында.
2.Артқы іш қабырғасында бел веналары түбірлері (төменгі қуыс вена жүйесінен) мен өрлеме бел веналары арасында кавокавалды анастомоздар бар.
3.Бел веналары мен мойын аймағында жоғарғы қуыс венаның түбірлері болып табылатын омыртқааралық веналар арасындағы кавокавалды анастамоз.
ДӘРІС №29
ТАҚЫРЫБЫ: Лимфа жүйесі.Лимфа капиллярлары,тамырлары және сауабы. Кеуде қуысының лимфа тамырлары. және олардың пайда болуы.Лимфа түйіндері, құрылысы мен қызметі.Беткейдегі және терең орналасқан лимфа түйіндері.Қан жасап шығарушы және иммундық жүйке мүшелері.Сүйек майы,айырша без,көкбауыр:құрылыстары және қызметтері
Лимфа жүйесі, systema lymphaticum жүрек қан - тамырлар жүйесінің құрам бөлігі және вена жүйесінің қосымша арнасы, онымен тығыз байланыста дамиды әрі құрылысы жағынан ұқсас белгілері бар ( қақапашалардың болуы, лимфа ағынының тіндерден жүрекке қарай ағуы). Негізгі қызметі – лимфаны тіндерден вена аранасына өткізу, иммундық реакцияға қатысатын лимфоидтық элементтерді түзу (лимфопоэз) және организмге келетін бөгде заттарды, бактерияларды т.б. залалсыздандыру. Қатерлі ісік жасушалары да лимфа жолдарымен тарайды, сондықтан оның құрылысын білу керек.
Денедегі зат алмасуына байланысты лимфа сүйықтығы үздіксіз пайда болып тұрады. Ол қанға толық сорылмай, майда лимфа капиллярына өтеді. Қызметтері-не сәйкес лимфа жүйесінің құрамында мыналар болады:
І. Лимфа өткізетін жолдар – лимфа капиллярлары, лимфа тамырлары, сабаулары, түтіктері.
ІІ.Лимфоциттер дамитын жерлер:
Жілік майы және айырша без;
Шырышты қабықтардағы лимфоидты түзілістер: жекелеген және шоғырланған лимфа түйіншелері, бадамша түрінде лимфа тінінің түзілуі.
Лимфа тінінің соқыр ішекте жиналуы.
Көкбауыр ұлпасы.
Лимфа түйіндері.
Бұлардың бәрі бір мезгілде тосқауылдық қызмет те атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |