Оң жақ лимфа түтігі, ұзындығы – 10-12 см және ол 3 бағанның қосылуынан түзіледі:
1.оң жақ мойындырық сабауы – бас пен мойынның оң жақ аймағынан лимфа жинайды.
2.оң жақ бұғанасты сабауы – оң қолдан лимфа әкеледі.
3.оң жақ бронх – көкірек аралық сабауы – кеуде торының оң жақ жартысының қабырғалары мен ағзаларынан және сол өкпенің төменгі үлесінен лимфа жинайды.
Оң жақ лимфа түтіні оң жақ бұғанаасты венасына құйылады.Көбіне ол болмайды,онда үш баған венаға жеке-жеке келіп құйылады.
Аяқтың лимфа түйіндері мен тамырлары.
Аяқтың лимфа тамырлары беткей және терең болып бөлінді.Беткейдегі лимфа тамырлары медиалды, латералды , артқы топқа бөлінеді.Беткей медиалды топтағы лимфа тамырлары лимфаны аяқ басының , балтырдың, санның ішкі бетінің терісінен жинап, беткейдегі шап лимфа түйініне құйылады.
Латералды және артқы лимфа тамырлары лимфаны аяқтың,балтырдың,санның артқы бетінің терісінен жинап , шаптың беткейдегі лимфа түйіндеріне барады.Беткейдегі лимфа түйіндерінен шыққан лимфа тамырлары шаптың тереңгі лимфа түйіндеріне құйылады.Шаттың тереңгі лимфа түйіндерінен шыққан тамырлар мықын лимфа түйіндеріне жиналады.
Жамбастың лимфа түйіндері мен тамырлары орналасуына қарай ішкі,сыртқы болып бөлінеді.Париталды лимфа түйіндері сыртқы,ішкі,жалпы болып топтасады.Олар лимфаны жамбас қуысының қабырғасынан жинайды.
Висцералды лимфа түйіндері қуықтың , жатырдың,қынаптың, тік ішектің айналасында орналасқан.Оларға қуықтан, жатырдан,қынаптан,тік ішектен лимфа тамырлары қосылады.Жамбастың ішкі және сыртқы лимфа түйіндерінен шыққан тамырлар жалпы мықын лимфа түйіндеріне жиналып,одан лимфа түйіндеріне бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |