ХІ – ші жұп, қосымша нерв, n.accessorius – қозғалтқыш нерв, эфферентті талшықтары және сопақша ми мен жұлында екі қозғалыс ядросы бар. Ядросына сәйкес оның ми және жұлындық бөлігі бар. Ми бөлігі сопақша мидан, ал жұлындық бөлігі ІІ-V–ші мойын нервтерінің алдыңғы және артқы түбіршіктері арасында және жоғарғы үш мойын нервтерінің алдыңғы түбіршіктерінен құралып, ми бөлігіне қосылады. Қосымша нерв кезбе нервтен бөлініп шыққан тармақ болғандықтан, онымен бірге бассүйек қуысынан мойындырық тесігі арқылы шығып, трапеция тәрізді бұлшық ет пен одан бөлінген төс-бұғана- емізікті бұлшық етті нервтендіреді. Ми бөлігі көмейдің қайтарма нерві құрамында көмей бұлшықеттерін нервтендіреді, ал жұлындық бөлігі жұтқыншақты қозғалыстық нервтендіруге қатысады.
ІХ – шы, Х – шы және ХІ- ші нервтер vagus тобын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |